Реферат тақырыбы: Фосфолипидтердің құрылысы және маңызы Орындаған: Алмасаев Э. Тобы: тпп-20-06 к


Фосфолипидтердің физико-химиялық қасиеттері



бет3/4
Дата17.02.2023
өлшемі1,04 Mb.
#68786
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
биохимия А.Э

2. Фосфолипидтердің физико-химиялық қасиеттері.
Фосфолипидтер мен сфинголипидтер басқа липидтерден бір құрылымдық ерекшелігі бойынша ажыратылады. Олардың молекуласында әр түрлі екі топ бар: полярсыз гидрофоб-«құйрық», полярлы гидрофиль-«бас». Лецитиннің полярлы «басы» холиннің қалдығы болады, кефалиндікі – коламин қалдығы, ал фосфатидилсериндікі - серин қалдығы. Серин қалдығы жоғарыда цвиттер-ион түрінде берілген. Фосфолипидтердің басқа қалдықтары - полярсыз гидрофобты «құйрық». Екі түрлі табиғаты бар мүндай қосылыстар амфипатиялық (гректің «екі жақты» және «сезім» деген сөздерінен шыққан) деп аталады. Фосфолипидтердің амфипатиялық құрылысын схема түрінде былай көрсетуге болады:

2-сурет. Минорлық фосфолипидтердің құрылымдық формулалары A. Фосфатидилинозитол. Б. Дифосфатидилглицерол (кардиолипин), құрамында глицеролдың үш қалдығы, май қышқылдарының төрт қалдығы және екі фосфат тобы бар: R1- қаныққан май қышқылының радикалы. R2- қанықпаған май қышқылының радикалы.

Амфипатиялық қасиеттерінің арқасында фосфолипидтер клетка мембранасының негізін құрайды. Фосфолипидтер денедегі барлық үлпалардың және клеткалардың құрамына кіреді. Олар жүйке үлпасының және мидың құрғақ массасының негізгі бөлігін құрайды. Фосфолипидтер жүрек, бауыр құрамында кездеседі. Белоктармен бірге фосфолипидтер клетка мембранасын құрайды. Плазматикалық мембранада полярлы липидтер полярсыз соңымен мембрананың гидрофобты бөлігіне кіреді, ал полярлы учаскесімен сыртқа - сулы ортаға, клеткалық сүйыққа қарайды. Суда және сулы ерітіндіде де полярлы липидтер өздерін осындай жағдайда көрсетеді. Суда олар су бетіне жайылып кетеді де мономолекулалық қабат құрайды. Бұл жағдайда липидтер өзінің ұзын гидрофобты «құйрығымен» су бетіне шығып тұрады, ал гидрофильді соңы полярлы суға кіреді. (3-сурет А.)

3-сурет. Фосфолипидтердің сулы ортадағы бағыты A. Судағы мономолекулалық липидтік қабат Б. Сулы ортада фосфолипидтерден мицеллалар түзілуі

Сулы ерітіндіде араластырылғанда полярлы липидтер тығыз сфералық құрылымдар қалыптастырады, Олар мицеллалар деп аталады. Мицеллалар көптеген, мыңдаған липидтер молекуласынан құралады. Өздерінің бет жағында зарядты топтары болады. Сол топтар мицелланың ерекше құрылымын қалыптастырады. Мицеллаларда полярлы «басы» сыртқа бағытталған, ал гиДрофобты «қүйрығы» сфера ішіне бет бүрған (3-сурет Б.)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет