Реферат тақырыбы: Фосфолипидтердің құрылысы және маңызы Орындаған: Алмасаев Э. Тобы: тпп-20-06 к


Фосфолипидтердің емдік қасиеттері және емге қолдануы



бет4/4
Дата17.02.2023
өлшемі1,04 Mb.
#68786
түріРеферат
1   2   3   4
3. Фосфолипидтердің емдік қасиеттері және емге қолдануы
Фосфолипидтер құрамында полиқанықпаған май қышқылдары көбірек болады. Олар линол, линолен, арахидон қышқылдары, адам мен жануарлар организмінде түзілмейді, ауыстырылмайтын немесе эссенциалды (ағыл. essential-маңызды) май қышқылдары деп аталады. Дәрі ретінде эссенциале Форте H (капсулада) және эссенциал (ампулада) пайдаланады. Эссенциале құрамына кіретін фосфолипидтер: фосфотидилхолин (лецитин), фосфотидилэтаноламин (кефалин), фосфотилилинозитол, фосфотидилсерин. Осылардың ішінде ең биологиялық активтісі лецитин. Оның ерекшелігі - молекуласында май қышқылдарынан басқа жылжымалы үш метил-(-СH3) тобы бар. Олар клетка ішінде метилдену реакцияларына қатысады, нейромедиатор ацетилхолин, амин қышқылы метионин, жоғары энергиялы креатинфосфаттың тағы басқа өте керекті биомолекулалар синтезінде ролі ерекше. Полиқанықпаған май қышқылдарының ішінде ең активтісі омега-3 (линолен) қышқылы (8.2.1.3). Эссенциале құрамындағы арахидон қышқылы гормондар тәрізді қосылыстар - эйкозаноидтардың алғы заты (8.6.4). Олардың өкілдері простагландиндер, лейкотриендер, томбоксандар, простациклиндер клетка ішіндегі көптеген химиялық реакцияларды реттеп, гемоестазды қалыпты жағдайда ұстайды. Эссенциаленің маңызды қасиетінің біреуі - олар табиғи зат болғандықтан бүзылған мембрана құрамының орнына тікелей кіріп орналасып, мембрана құрылымын қалыпты жағдайға келтіреді, клетка ішінде зат алмасу бұзылмайды және жалпы организм түрақты қалыпта болады. Эссенциале көп жылдан бері медицинада әр түрлі дерттерге қарсы және денсаулық сақтандыру үшін қолданылып жүр. Оның бауырға емдік және сақтандыру қасиеті клиникалық жағдайда дәлелденген. Эссенциале құрамындағы омега-3 және омега-6 қышқылдар жүректамырларына өте тиімді әсер береді. Қанда холестерол мөлшерін азайтады, қан тамырларында липидтік түйіршіктер түзілуінен және атеросклероздан сақтайды, май алмасуына қолайлы жағдай туғызады, май басуды азайтады, тері мен шашты жақсартады, адамның көңіл күйін жақсартуға себепші болады.
ІІІ. Қорытынды
Қорытындылай келе, фосфолипидтер — майларға жатады. Майдың бір шетіндегі орналасқан май қышқылының орнына фосфор қышқылының қалдығы арқылы фосфолипидті радикал байланысқан. Фосфолипидті радикал ретінде холин, серин, инозитол немесе этаноламин болуы мүмкін. Фосфолипидтер биомембрананың маңызды құрамдас бөлігі.Фосфолипидтер күрделі липидтер,эфирлі көпатомды спирт және майлылығы жоғары қышқылдар болып табылады.Құрамында фосфор қышқылының қалдығын және оған қосымша әртүрлі химиялық атомдардан тұрады.Фосфолипидтер құрамына байланысты үш топқа бөлінеді: глицерофосфолипидтер, фосфосфинголипидтер, фосфоинозитидтер
Липидтердің гидрофобты қасиет көрсетуі жасуша тіршілігінде маңызы зор. Себебі жасуша мембранасының ортаңғы екі қабаты фосфолипид молекуласынан тұрады. Осы молекулалар жасушаға сырттан қажетсіз заттарды өткізбейді және сыртқы ортаға жасушадағы заттарды шығармайды.Осының нәтижесінде жасушаның химиялық ортасы тұрақты болып сақталады.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
1. П.К.Кенжебеков «Биологиялық химия», Шымкент 2010 жыл
2. З.С.Сеитов Биохимия. – Алматы: «Қазақ университеті», 2001 жыл
3. Т.С.Сейтембетов, Б.И.Төлеуов, А.Ж.Сейтембетова «Биологиялық химия», Алматы 2010 жыл

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет