Реферат Тақырыбы: Футбол ойынының ережелері Орындаған: Утепова Динара Шв 9/19 Тексерген: Дускалиев Тілекқабыл Жоспары



бет2/6
Дата02.05.2023
өлшемі32,66 Kb.
#88745
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Негізгі бөлім: Футбол ережелері
Футбол ережелері — футбол ойынының бекітілген ережелері. Бұл ережелер Халықаралық Футбол Федерацияларының Кеңесі (ағылшынша IFAB — International Football Association Board) тарапынан жазылып, ФИФАтарапынан жарияланады. Ережелер топтағы ойыншылар санын, ойын ұзақтығын, алаң мен доп өлшемдерін және басқа да көптеген ойын қырларын қамтиды. Алғаш рет ойын ережелерін Англия Футбол Федерациясы 1863 жылдың 7-ші желтоқсанында еңгізген болатын. Бұндағы ережелер өз негізін Кембридж университетінен алады. Қазіргі таңда, Халықаралық Футбол Федерацияларының Кеңесінде (IFAB) ойын ережелерін бекітерде Англия, Шотландия, Уелс және Солтүстік Ирландия футбол федерациялары бір-бір дауысқа иелік етсе, ФИФА 4 дауысқа ие. Ағымдағы ережелердің өзегі 1997 жылы қабылданып, содан бері тек мардымсыз өзгертулерге ұшыраған. Ережелердің соңғы редакциясы (2008 жылдың 1-шілдесі) 17 тармақтан тұрады.
1-ші ереже: Ойын алаңы
2-ші ереже: Доп
3-ші ереже: Ойыншылар саны
4-ші ереже: Ойыншылар киім-кешегі
5-ші ереже: Төреші
6-ші ереже: Төреші көмекшілері
7-ші ереже: Ойын ұзақтығы
8-ші ереже: Ойынның басталуы мен қайта жалғасуы
9-ші ереже: Ойындағы және ойыннан тыс-қы доп
10-ші ереже: Ойындағы есеп анықтамасы
11-ші ереже: «Ойыннан тыс» күйі
12-ші ереже: Ойыншылардың ереже бұзушылығы және тәртіпсіздігі
13-ші ереже: Айып және еркін соққы
14-ші ереже: 11-метрлік соққы
15-ші ереже: Допты лақтырып ойынға қосу
16-ші ереже: Қақпадан тебу
17-ші ереже: Бұрыштама добы
Футбол ойынының мақсаты – команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу, соғу (гол) және өз қақпасына соққызбау негізгі міндеті. Ойын барысында көбірек доп салған команда ұтады. Егер де ойынның нәтижесінде екі команда да бірдей гол соқса – тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (15 минуттан екі тайм) беріліу мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса- ойыннан кейінгі пенальти жұптары өткізіледі. Пенальти – бұл қақпашы ғана қорғайтын, қарсыластың қақпасы бойынша 11 метр қашықтықтан тебу. Барлық бұзушылықтар – аяқпен шалу, қолмен ойнау және т,б еркін соққымен жазаланады, яғни қақпадан соққыны орындау алдында доп басқа ойыншыға пас етілу тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет