Реферат Тақырыбы: Футбол ойынының ережелері Орындаған: Утепова Динара Шв 9/19 Тексерген: Дускалиев Тілекқабыл Жоспары



бет4/6
Дата02.05.2023
өлшемі32,66 Kb.
#88745
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Футбол добының параметрлері
Қабылданған ережеге және келесі талаптарға сәйкес келетін доп, футбол ойнауға жарамды болып саналады:

  • - пішіні – домалақ (сфералық);

  • - материалы – былғары немесе ойынға жарамды жасанды тері;

  • - көлемі - №5;

  • - ауқымы – 65-70 см;

  • - салмағы – 410-450 г;

  • - қысымы – 0,6-1,1 атмосфера.

  • Қысқаша айтқанда, салмағы мен ауқымына қойылатын қатаң тәртіптерді есепке алмайтын болсақ, доптың дизайны мен түсі әртүрлі болуы мүмкін. Доп өндірушілер өз өнімін өткізу үшін, сан-алуан түсті, сондай-ақ түрлі материалдан даярланған доптар ұсынады.

  • Футбол алаңының көлемі

  • Футбол ойыны табиғи шөптен жасалған алаңда да, жасанды төсеніштен тұратын алаңда да өткізілуі мүмкін. Футбол ойынының ресми ережесіне сәйкес, жасанды төсеніштің түсі жасыл болуы тиіс.

  • Ойын өткізілетін алаң төртбұрышты болады. Алаңның қапталдағы сызығы, қақпа сызығынан қалыңдау болуы міндетті.

  • Алаң көлемі:

  • Ұзындығы: кем дегенде 90 м, ең ұзыны 120 м;

  • Ені: кем дегенде 45 м, ең ұзыны 90 м;

  • Аумағы – 4050 м2 ден 10800 м2 дейін (орташа – 7425 м2).

  • Халықаралық жарыстар өткізуге арналған алаң көлемі:

  • Ұзындығы: кем дегенде 100 м, ең ұзыны 110 м;

  • Ені: кем дегенде 64 м, ең ұзыны 75 м.

  • FIFA ұсынған көлемдер:

  • Ұзындығы – 105 м;

  • Ені – 68 м;

  • Аумағы – 7140 м2.

  • Мини-футбол алаңының көлемі:

  • Ұзындығы – 25 м ден 42 м дейін;

  • Ені: 15 м ден 25 м дейін.

  • Мектептің мүмкіндігін ескере отырып, футбол сабағын кез келген көлемдегі алаңда өткізуге болады.

  • Футбол қақпасы – футбол ойынында қолданылатын қақпа. Ол аралығы тең қашықтықтағы флагштоктардың ортасына орналасқан екі тік бағаннан тұрады (яғни, қақпа сызығы ортасына орналасқан), сондай-ақ олар жоғары жағынан көлденең жатқан маңдайшамен байланыстырылған.

  • Бағандардың аралығы 7,32 м, ал жоғарыдағы маңдайша мен жердің аралығы 2,44 м болуы керек. Екі баған мен маңдайшаның жуандығы бірдей болуы тиіс және 12 см аспауы керек. Қақпа бағандары ағаштан, темірден немесе басқа да рұқсат етілген материалдардан әзірленеді. Ол шеңбер, тікбұрыш, шаршы немесе доғалдау болуы мүмкін және ақ түсті болуы керек. Қақпа жерге мықтап орнатылады, дегенмен талаптарға сәйкес келсе, тасымалданатын үлгіде де болуы мүмкін. Қақпа торы қақпашыға ойын кезінде кедергі келтірмейтіндей етіп, бағанға және қақпаның артындағы жерге бекітіледі. Сонымен қатар, көлемі шағындау қақпаларды да қолдануға болады. Биіктігі 2 м, ұзындығы 3-5 метрлік мини-футбол қақпалары; биіктігі 1,22 м, ені 1,83 м хоккей қақпаларын да қолдануға болады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет