Реферат тақырыбы: Галогендердің қасиеттерін және сулы ерітіндідегі галогенид-иондарын анықтау



бет4/5
Дата27.10.2022
өлшемі116,74 Kb.
#45837
түріРеферат
1   2   3   4   5
Физикалық қасиеттері
F2 - жасылтым-сары түсті, өткір иісті, өте улы газ, -181,1°С-да сұйық, ал - 219,5°С-да қатты күйге көшеді.
Химиялық қасиеттері. Фтор бос күйінде өте белсенді бейметалл, инертті газдардың ішінде гелий, неон, аргоннан басқа заттардың барлығымен әрекеттеседі. Электртерістілігі жоғары элементтердің бірі оттек (3,5) фтормен қосылысында оң тотығу дәрежесін көрсетеді. 0+2F2 (оттектің фториді).
Кейбір жай заттармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін келтірейік:
F2 + Н2 = 2НF фторлы сутек
Фтор сутегімен тіпті караңғыда да шабытты әрекеттеседі. Металдармен әрекеттесіп фторидтер түзеді.
Ғ2 + 2Li= 2LiF литий фториді
Ғ2 + Cu = CuF2 мыс (II) фториді
Бұл реакциялар осы заттардың (Li, Cu) оттегімен және хлормен жүретін реакцияларына қарағанда шабыттырақ өтеді.
Фторлы сутек
Фторлы сутек (НҒ), бұл суда жақсы еритін зат, судағы ерітіндісі балқытқыш қышқыл деп аталады, өте улы зат, денеге тисе жазылмайтын жара қалдырады. Қышқылдың балқытқыш деп аталуы, оның шыны ыдыс құрамындағы кремний оксидімен әрекеттесуінен шынының бүлінуіне байланысты қойылған, сонда мына реакция жүреді.
4НҒ +Si02 = SiF4+ 2Н20
Сондықтан бұл қышкылды шыны ыдыста сақтауға болмайды, ол үшін полиэтиленнен жасалған ыдыстар қолданылады.
Қолданылуы
Фтордың кейбір қосылыстары медицинада, тоңазытқыш заттар (фреон), өсімдік зиянкестеріне қарсы қолданылатын заттар(гербицидтер) синтезінде қолданылады. Балқытқыш қышқыл шыны заттардың бетіне өрнек салу үшін пайдаланылады.
Бром және Йод
Физикалық қасиеттері
Бром - оңай ұшатын қызғылт-қоңыр түсті, ұнамсыз иісті (грекше «сасық» дегенді білдіреді), суда нашар, ал органикалық еріткіштерде тәуір еритін сұйықтық.
Йод - металдық жылтыры бар күлгін түсті қатты зат, суда өте нашар ериді, ал органикалық еріткіштер мен калий иодидінде жақсы ериді. Йодтың тағы бір өзіне тән ерекшелігі оны қыздырғанда ол сұйық күйіне айналмай бірден бу (күлгін түсті) күйіне көшеді, осы құбылысты возгонка деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет