Реферат тақырыбы: Галогендердің қасиеттерін және сулы ерітіндідегі галогенид-иондарын анықтау


Бром мен йодтың салыстырмалы сипаттамалары



бет5/5
Дата27.10.2022
өлшемі116,74 Kb.
#45837
түріРеферат
1   2   3   4   5
Бром мен йодтың салыстырмалы сипаттамалары
Бром мен йод табиғатта бос күйінде кездеспейді және олардың, жеке табиғи минералдары да болмайды, тек хлор минералдарында (галит, карналлит, сильвинит) көбінесе сілтілік металдардың тұздары күйінде қоспа ретінде бірге жүреді. Кейбір тұзды көлдер балдырларында және мұнай бұрғылағанда атқылап шығатын су құрамында болады.
Атом құрылысы
Периодтық жүйенің IV периодында VIIA топшасында бром орналасса, V периодта VII топшада йод орналасқан.
Бромның 35 электроны төрт электрондық қабаттарда ядроны айналып жүреді, сыртқы қабатында орналасқан валенттік электрондарының формуласы - 4s24p5 болса, йодтың 53 электроны бес электрондық қабаттарға бөлініп орналасады, сыртқы қабатындағы валенттік электрондарынын, формуласы - 5s25p5.
Молекула құрылысы
Басқа галогендер сияқты бром мен йод молекулалары да екі атомды. Олар бір-бірімен соңғы р-деңгейшелеріндегі бір дара электрондарының бұлттарының қабысуы арқылы түзілетін ковалентті полюссіз байланыс.
Алынуы
Бромды А. Ж. Балар (француз химигі) 1826 ж., йодты 1811 ж. Б. Куртуа (француз химигі) ашқан.
Бром мен йодты, хлор сияқты, олардың қышқылдарына немесе тұздарына күшті тотықтырғыштармен әсер ету арқылы алуға болады.
Қолданылуы
Ауыз суында иод тапшы болғандықтан, Қазақстан Республикасының Тамақтандыру институтының директоры академик Т. Шармановтың ұсынысы бойынша қазіргі кезде ас тұзына, ұнға, ашытқыға калий йодидін қосып шығарады. Люголь реактивін баспаны емдеуге қолданады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет