Реферат Тақырыбы: Гарднереллалар. Адам патологиясындағы рөлі. Иммунитет. Зертханалық диагностикасы. Алдын алуы және емдеуі



бет2/4
Дата29.10.2022
өлшемі210 Kb.
#46183
түріРеферат
1   2   3   4
Гарднереллалар вагиноз ауруының қоздырғышы, Гарднереллез тудыратын антропонозды оппортунистік инфекция, басқа облигатты анаэробтармен ассоциация

түрінде қынаптың қабынуына әкеледі, нәтижесінде бұл ағзада жағымсыз иіс («балық» иісіне ұқсас), су тәрізді гомогенді көп мөлшерде бөлінді пайда болады.

Морфологиясы. Ұсақ таяқшалар немесе коккобациллалар, жиі шоғырланған, орналасады. Нейссер әдісімен анықталатын метахромазиялық дәндер көрінеді. Жағындыда жұптасып, қатарласып

орналасады, сондықтан корине-бактерияларға ұқсас келеді. Грам әдісімен бояғанда құбылмалы болып келеді, 8-12 сағаттық дақылы – грам теріс, қолайлы қоректік ортада өскендері грам оң болып боялады. Жасуша қабырғасы грам оң бактериялардың құрылымына ұқсас: оның құрамында треонин, триптофан, лизин, глютамин және аспарагин қышқылдары орналасқан. Дегенмен, арабиноза (коринебактерияларға тән), тейхой диаминпимелин қышқылы жоқ. Грам теріс бактерияларға тән майлы қышқылдар анықталмайды. Капсуласы, талшықтары жоқ, спора түзбейді.


Дақылды өсіру. Факултативті анаэробтар, капнофилдер, қоректік орталарға талғамды. Қарапайым қоректік орталарда өспейді, қанды агарда әлсіз төмен деңгейде өседі. Құрамында гемин және НАД бар күрделі қоректік орталарда өседі. Өсу факторларын қажет етеді: биотин, фолий қышқылы, ниацин, рибофлавин, пуриндер мен пиримидиндер және ыдыратытын көмірсулар мен пептондар. Гемолитикалық қасиеттері құбылмалы. Дақылдану үшін КАС-1 (казеин, ашытқы, сарысу) қолданады. Тығыз қоректік ортада 1-2 тәулікте ұсақ, домалақ дөңес, гомогенді, тегіс, түссіз колониялар түзеді. Сұйық қоректік ортаны лайландырады және тұнба береді. Қолайлы температурасы 35-37◦С, дегенменен, 25-42◦С дейін өсуі мүмкін.
Ферменттік белсенділігі. Хемоорганотрофтар. Метаболизмі ашыту типіне жатады, нәтижесінде сірке қышқылы пайда болады. Ферменттік белсенділігі төмен: каталаза және оксидазаны түзбейді. Крахмал, мальтозаны ыдыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет