Антигендік құрылымы. Преципитация А реакциясымен гарднереллалардың 7 серологиялық топтарын бөлуге болады. Гликопептидті жалпы антигенін агглютинациялық реакцияның, ИФТ көмегімен анықтайды. Иммунды флюоресценция реакциясында жалпы антигені анықталды.
Патогенділік факторлары. Гарднереллалардың кейбір штамдары қынаптың кілегейлі қабығындағы гликопептидті ыдырататын нейраминидаза түзеді.
Резистенттілігі. Қоршаған ортадағы тұрақтылығы төмен. Меторнидазол, триметоприм және кеңінен қолданатын антисептиктер мен дезинфектанттарға гарднереллалар сезімтал.
Эпидемиологиясы. Инфекцияның көзі ауру адам. Таралу механизмі қарым-қатынастық, таралу жолдары – жыныстық. Гарднереллаларға адамның сезімталдығы басқа шартты-патогенді микроорганизмдерге ұқсас. Гарднереллез барлық жерде таралған, көбінесе туатын жастағы әйелдер ауырады.
Патогенезі. Мекендейтін экологиялық орыны – қынап. Көбінесе қынаптың микробиоценоздық бұзылысына байланысты гарднереллалар әйелдердегі вагинит тудырады. Себепкер факторлары болатын қа тты диабет, жүктілік, ұрықтандыруға қарсы гормонды препараттар, менструациялық үзілістер, эндокриндік бұзылыстар. Осылардың әсерінен қынаптың кілегейлі қабатында рН көрсеткіші және де қанттың мөлшері өзгереді. Нәтижесінде гарднереллалар басқа анаэробтармен бірге ассоциацияда (бактероидтар, пептострептококктар, мобилункустар) вагинит тудырады. Осы микроорганизмдер өз алдына вагинит үрдісіне әкелмейді. Соған байланысты мұндай вагиниттер бейспецификалық деп аталады.
Клиникалық көріністері. Әйел адамдарда – вагинит, ер адамдарда – балонит, бейспецификалық уретрит және жыныс мүшелердің қабыну процестері пайда болады. Бактериялық вагинит асқынған вагинитке әкелуі мүмкін: уақытынан бұрын бала туу, жас нәрестелердің салмағы төмен болуы, уақытынан бұрын қапшықтардың жарылуы, кіші жамбас мүшелерінің қабыну аурулары және де жатырдың патологиялық қансырауы.
Иммунитеті. Ауырғаннан кейін жеткілікті деңгейде қалыптаспайды. Вагиниттің қайталануы иммундық статустың бұзылуымен, соның ішінде қынаптың дисбиозы және колонизациялану бұзылуымен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |