Реферат Тақырыбы: Гарднереллалар. Адам патологиясындағы рөлі. Иммунитет. Зертханалық диагностикасы. Алдын алуы және емдеуі



бет4/4
Дата29.10.2022
өлшемі210 Kb.
#46183
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Микробиология Реферат

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеу материалы – қынап және жатыр мойынынан алынған бөлінділер. Қолданатын зерттеу әдістері – бактериоскопиялық, бактериологиялық. Көбінесе бактериоскопиялық әдіспен диагноз қоюға болады, себебі жатырдың эпителий жасушаларында грам әдісінде құбылмалы бактериялар көп мөлшерде мекендегенде диагноз қойылады. Сонымен қатар, қосымша жанама биохимиялық зерттеулер жүргізіледі. Бактериологиялық зерттеу сирек қолданылады.

Емдеуі. Әйелдерде жүйелі түрде емделу метронидазол немесе орнидазолдың қынаптық енгізуімен байланыстыру қажет, сонымен қатар метронидазол қолданған жағдайларда қынаптың лактобациллалары жойылады. Ал ол дисбиоздың асқынуына әкеледі. Сондықтан, метронидазолмен қатар, вагиналды эубиотиктер және де пенициллин, клиндамицин, және басқа да антибиотиктер қолданады. Ал ер адамдарда препаратты жүйелі түрде енгізу еркектік бездің массажы арқылы байланыстыру керек. Меторнидазол қолданған жағдайларда қынаптың лактобациллалары жойылады. Ал ол дисбиоздың асқынуына әкеледі. Сондықтан, меторнидазолмен қатар, вагиналды эубиотиктер қолданады.Қорыта келе, гарднерелла – жыныстық қатынас арқылы таралатын инфекция және екі жыныстық қатынас серіктерінің препараттарды пайдалана отырып, емделулері қажет. 
Алдын алуы. Арнайы сақтандыруы жоқ. Жеке сақтану құралдарын қолдану.


Пайдаланған әдебиеттер:



  1. Ү.Т. Арықпаева, К.Х. Алмағамбетов, Н.М. Бисенова, Ә. Ө. Байдүйсенова, Н.Б. Рахметова, Г.Д. Асемова «Микробиология және вирусология»Астана,2005




  1. 2. Б.А. Рамазанова, Қ.Құдайбергенұлы, А.Л. Котова, М.М. Уразалин, А.А. Табаева «Медициналық микробиология». Алматы, 2011




  1. Әміреев С.А., Жаханов А.Ж., Құдайбергенұлы Қ.Қ. «Медициналық паразитология», Алматы,2005ж


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет