Реферат Тақырыбы: Қиын және қиын тәрбиеленетін балалар мен жасөспірімдер Қабылдаған: Данияров Т.Ә



бет6/7
Дата05.12.2023
өлшемі222,37 Kb.
#134488
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тәрбие ЖБЛ212

1-Жағдаят
Бір күні 1-сыныпта оқитын Самат сабақтан қашып, мектепке бармай қалды. Соңғы кезде ол тек мектептен емес, бәрінен қашқалақтайтынды шығарды.
Жағдайға сипаттама: Кішкентай Самат әке-шешесінің көптен күткен баласы еді. Ол биыл 1-сыныпқа барғанда әке-шешесі қатты қуанды. Оның әкесі араққа жақын еді. Арақ ішіп келген күні үйде береке болмайтын, айқай шығаратын, анасына тиісетін. Анасы қашып-пысып жүргенде Самат қараусыз қалып, сабаққа сол күйі дайындықсыз келетін. Сол үшін мұғалімнен де талай рет ұрыс естіді. Сондай күндері сабаққа келгісі келмейді, бірақ басқа амалы жоқ. Мұғалім: «Неге сабақ оқымадың? Сабақтан соң қамап қоям» - деп қорқытып, қолына кітабын беріп, бұрышқа тұрғызып қоятын. Сол кезде мұғалімнің бетіне қарай алмай, кірерге жер таппай қатты қиналатын. Соңғы уақытта Самат сыныпта ешкімге қосылмай, оқшауланып жүретінді шығарды. Бір күні Самат сабаққа бармай қалды. Мектептен келетін уақыты әлдеқашан асып кеткесін, анасы мұғалімге телефон шалғанда оның сабаққа бармағанын біледі. Күн болса, салқын, қанша дегенімен қыс мезгілі. Анасы не істерін білмей, жылап, айналасындағы барады-ау деген үйлердің бәріне кіреді. Ешбірінде жоқ болып шығады. Амалсыздан болған жайды әкесіне айтады. Әкесі істің байыбына бармастан, салып ұрып «Баламды тауып бер» - деп мұғалімнің үйіне барып айқай шығарады. Ал Самат болса, өзінің сарайына барып, қаптағы қырқылған жүннің үстіне 1-2 сағат отыра тұрайын деп ұйықтап қалған. 
Осы болған жайға байланысты ата-анасы мұғалімді, мұғалім ата-ананы кіналады. Талдау: Сіздің ойыңызша бұл жерде кім кінәлі?
Мұндай отбасында психологиялық күйзелістің күштілігінен бала өзін жоғалтады. Бұдан әрі Саматтың тағдыры не болады? Мұғалім енді не істеуі керек? Оның алдында қандай міндет тұр?
2-жағдаят
Қанат ашық-жарқын бала болатын, ешқашан анасынан сыр жасырмайтын. Бірақ бір күні ол шұғыл өзгеріп, тұйықталып, ашушаң болып алды.
Жағдайға сипаттама: Қанат мектептен ерте келетін еді, баланы өздерімен бірге тұратын әжесі қарсылап алатын.Әжесі себепсізден-себепсіз Қанатқа ұрсып, ештеңемен айналыспай, бос жүресің, достарыңды жиі ертіп келесің деп кінәлайтын еді. Жұмыстан оралған анасына бас салып, баланың сыртынан жала жаба бастайтын. Алғашында анасы сенбей, қарсылық білдіріп жүрді, кейін бұл дағдыға айналып, ұлының істемеген істерін істеді дегенге сенетін болды. Сөйтіп, себепсізден-себепсіз ұлына ұрсатынды шығарды.Бір жолы Қанат мектепте «Бокс» секциясы ашылатын болып, соған қатысқысы келеді. Сыныптастарының көбі қатысуда. Бірақ ақылы секцияның құны 1000 теңге. Шешесі бұдан бірден бас тартып, босқа уақыт өткізгені үшін мұнша ақша төлей алмайтынын айтты. Әжесі де қызын жақтап шықты.Қанат бұндай көзқарасқа қатты ренжіп, өз-өзінен тұйықталып қалады.
Ол секцияға барып, басқа балалардың не үйреніп жатқанына қорлана бақылап тұратын болды. Үйде туыстарымен арақатынасы мүлде суып бара жатты.

  • Талдау:

Анасы нені ескермеді?
Қанат не ойлап еді?
Әжесінің қылығы туралы не айтуға болады?
Енді қандай ұсыныс бересіз?
(Бала жаны өте жараланғыш болады, ал анасы ол жағын ескермеген. Қанат анасына өз тілегін айтқанда, оны бірден қарсы болады деп күтпеген еді. Балаға еш негізсіз ұрса беретін, анасына жамандап, жала жапқан әжесінің қылығы тіпті кешірімсіз. Оның ұясекцияға баруына тыйым салу арқылы әжесі баланы істемеген істері үшін жазалаймын деп ойлаған.

  • Ұсыныстар:

Анасы ең алдымен әжесімен сөйлесіп, шындығында мәселе қалай болғанын, баланың қай дәрежеде кінәлі екенін анықтау керек. Баланың сеніміне қайтадан ие болуы үшін, Қанатпен ашық сөйлескені жөн. Егер мүмкіндік болып жатса, ұлын секцияға жібергені дұрыс. Егер ондай мүмкіндік болмай жатса, оған түсіндіріп айтып, оған айналысатын басқа бірдеңе қарастырғаны жөн. Ал әжесі немересіне қатысты мәселеде ұстамдылық танытуы керек-ақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет