Реферат тақырыбы ː«Құқықтың нормасының түсінігі мен нысандары»



бет2/6
Дата29.04.2022
өлшемі32,18 Kb.
#32788
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
реферат кукык Күренов Абылай

1 Құқықтың  қайнар көздері

         Құқықтың  қайнар көздерінің  түсінігі және түрлері. Позитивтік  құқықтың өзіне тән белгісі  болып оның  формальды сипаты  табылады. Оны құрайтын нормалар  заңдарда немесе мемлекетпен  танылатын  басқа да , жалпыға  міндетті болып танылуы мүмкін.  Құқықтың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының  мемлекет шығарған  немесе ол таныған ресми - құжаттық нысандары, оларға заңды , жалпыға міндетті мағына беру Құқықтың қайнар көздеріне  ресми  сипат тән , оларды мемлекет таниды; бұлар ондағы  нормаларды  мемлекеттің қолдауын  қамтамасыз етеді. Құқықтың   қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі:Құқықшығармашылық жол арқылы; бұл жағдайда нормативтік құжаттарды құзіретті мемлекеттік  органдар қабылдайды, яғни, тікелей мемлекет шығарады Санкциялау жолы арқылы ;  бұл жағдайда  мемлекеттік органдар белгілі бір түрде әлеуметтік нормаларды(әдет-ғұрып,корпоративтік   нормалар) қолдап , оларға заңды күш береді. Құкық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқыктын. пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушыкүштердің мағынасы әңгімеге аркау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің қүкық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғам-ның материалдық түрмыс жағдайлары. Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді. Сондай бола тұрса да «құқық негіздері» үғымының тар мағы-насы да бар. Заң ғылымында «құқық негіздері» дегеніміз - қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет камтамасыз ететін қоғамның ерік-жігері.


Әдетте құқық негіздері төрт түрге белінеді: құқықтық әдеттер, сот прецеденттері (үлгілер), құкықтық келісім-шарттар, нормативтік-құқықтық актілер.

Қазіргі кездегі құқықтың қайнар көздеріне – роман-германдық құқықтағы нормативтік актілер (заңдар, ардонанстар, статуттар), ал англо-саксондықта келісім жəне құқықтық прецедент жатады. Сонымен қатар, құқықтың қайнар көздері ретіндегі үстемдікте: құқықтық əдет, соттық не əкімшілік прецедент, құқықтық доктрина, нормативті құқықтық доктрина, нормативтіқұқықтықакт, нормативтіккелісімдер. Құқықтың қайнар көздерінің қалыптасып дамуы екі жолмен іс жүзіне асырылады: құқықтық шығармашылық жəне сол не басқа əлеуметтік нормаларға санкция беру. Солардың ішіндегі, бірінші жолына, ең маңыздысына, арнайы өкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық шығармашылық əрекеттері жатады. Сондай əрекеттердің арқасында жаңа тəртіп пайда болады.

Екінші жолына, қазіргі кезде көп таралған, арнайы сипаттылық жасап, мемлекеттік қолдау жəне қорғаудың қажеттігі. Яғни, бар қоғамдық əрекеттер мен белгілі құқық зерттеушілерінің пікірлерін не жекелеген сот тəжірибесіндегі кездерді санкциялау.

Құқықтық прецедентті, құқықтың қайнар көзі ретінде санасақ – ол соттағы нақтылы іс туралы шешім, кейін сондай істерді шешуге үлгі болғандығын байқаймыз. Оның маңыздылығы сонда, ол соттардың функциясын іс жүзіне асыру, ықпал жасап, заңдардағы ақтаңдақтардың орнын толтырады.

Қазіргі кезде, прецедент негізінен англосаксондық құқық жүйесіндегі елдерге тəн, себебі, олар соттардың əрекетіне негізделіп, соттарды құқықтың туғызушысы ретінде көрсетуге ұмтылады.

Құқықтық доктрина, құқықтың қайнар көзі ретіндебелгіліжəнеөзеңбектеріндемойындалған ғалым заңгерлердің əртүрлі құқықтық мəселелер бойынша айтылған (мақалаларда, монографияларда) жəне тəжірибедегі белгілі мəселелерді шешуге пайдаланатын тұжырымдамалар.

Қазіргі дүниеде, сондай «таза» нысан жоқ. Себебі, англо-саксондық жүйеге жатады, тек сонда ғана, егер азаматтық кодекстерде ақтаңдақтық болса, белгілі ғалымдардың азаматтық құқық жөніндегі еңбектеріне сілтеме жасалады.

Мұсылмандық құқықта, құқықтық доктрина қазіргі кезде де маңызды рөль атқарады –жалғыз ғана құқықтың қайнар көзі ретінде сақталған.

Еліміздегі отандық юриспруденцияда доктринаны дербес құқықтың қайнар көзі ретінде мойындалмайды. Бірақ, тəжірибедегі көп мамандар көп жағдайда (дəлелдеу үшін не кеңесу үшін) авторлық түсініктемелерді, заңдарда жəне басқа нормативтік құқықтық актілер үшін пайдаланылады.

Нормативті-құқықтық акт-құқықтың нысаны жəне қайнар көзі, континентальды құқық елдеріне тəн, оның қатарына Ресей де жатады. Нормативті-құқықтық акт, бұл белгілі тəртіппен шығарылған құқықтық шығармашылық органының актісі, ол құқық нормаларын белгілеуші, өзгертуші, не жоюшы, жалпыға бірдей міндеттілік сипаты бар жəне мемлекеттің мəжбүрлеу күшімен бекітіледі.



Позитивтік құқықтың өзіне тəн белгісі болып оның формальды сипаты табылады. Оны құрайтын нормалар заңдарда немесе мемлекетпен танылатын басқа да қайнар көздерде көрініс тапқан жағдайда заңды, жалпыға міндетті болып танылуы мүмкін. Құқықтың қайнар көздері–бұл құқық нормаларының бекітілу жəне көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-құжаттық нысандары, оларға заңды, жалпыға міндетті мағына беру. Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тəн, оларды мемлекет таниды; бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдаудын қамтамасыз етеді. Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі:

  1. Құқықшығарсашылық жолы арқылы; бұл жағдайда нормативті құжаттарды құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни, тікеле мемлекет шығарады.



  1. Санкциялау жолы арқылы; бұл жағдайда мемлекетік органдар белгілі бір түрде əлеуметтік нормаларды (əдет-ғұрып, корпоративтік нормалар) қолдап оларға заңды күш береді.

Әдетте құқықтық нормалар ауызша, әрі ресми мәтінсіз болмайды. Сондықтан кімде кім құқықтық талаптардың бұзылғаны туралы айтатын болса, қашанда нақ қандай нормалар, қайда және кім жазған деп сұрауға болады. Осы жерде біз құқық көздері туралы мәселеге келеміз. Олар бірнешеу. Құқықтық ілімде мемлекеттің еркі солардың көмегімен тұжырымдалған зандар нормалары болатын құжаттар «құқық көздері» деген шартты атаусөзбен белгіленеді. Сондықтан, құқықтың қайнар көздері дегеніміз құқық нормаларының жазылу тәсілінің ресми нысаны. Олар, әрине, жалпыға міндетті мәні болып келеді. Бұл мемлекеттің еркін білдіретін жазбалы тұрдегі тұжырымдар. Демек, басқаша айтсақ, құқықтың қайнар көздері дегеніміздің өзі нақтылы заң істерін шешуге қажетті құқықтық норманы табу үшін белгілі бір актіге жүгінуді қажетсінетін құжаттар жиынтығы. Зандық құқықтың қайнар көздерін мемлекеттен бөліп қарауға болмайды, өйткені олар мемлекеттік органдардың қызметі кезінде пайда болады, оны біз құқық шығармашылық деп атаймыз. Тек мемлекет қана қандай да болмасын ережеге құқықтық норма сапасын бере алады, ол үшін мемлекеттің еркін білдіруге қажетті әр түрлі тәсілдерді қолданады. Дүниежүзілік қоғамда құқық көздерінің мынадай түрлері белгілі: құқықтық әдет-ғұрып (бұл ұзақ уақыт бойы қолданылуына байланысты қалыптасқан және мемлекет жалпыға міндетті ереже ретінде мойындаған мінез-құлық ережесі). Мұның өзі ерте көне тарих заманнан мемлекеттен тыс қалыптасқанмен де мемлекет таныған әрі жалпыға бірдей күш берген ереже. Бұл әдет-ғұрыпты орындамағаны үшін оны мемлекет занды санкциямен толықтырған (мемлекеттік ықпал ету шаралары). Әдет-ғұрып мемлекеттің еркі мен мүддесіне қайшы келмесе бұл жағдай қолданыста болады. Бұл әдет-ғұрып көне және орта ғасырда кең тараған (әсіресе Көне Римде), ал қазіргі заманда бұл сирек қолданылса да, бірақ түп-тамырымен жойыла қойған жоқ. Оған мысал Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 3-бабының 4-тармағындағы жазулар «Азаматтық қатынастар, егер әдеттегі құқықтар, соның ішінде іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық зандарға қайшы келмесе, солармен реттелінуі мүмкін» бола алады. Демек, өзіміз көріп отырғандай. Мынадай әдет-ғұрыпты мемлекет заң мәтіндерінде бекітпесе де оны қолдануға жол береді.

Құқықтық әдет-ғұрыптың құндылығын арттыратын мән-жайлар: 1) бұл жоғарыдан емес төменнен пайда болады, сондықтан, ол өзге құқық нысанына қарағанда халықтың еркін, оның талаптарын толық қамти алады; 2) қоғамдағы орныққан зандылықтарды бейнелейді, сондықтан да ол нағыз объективті болып табылады; 3) құқық субъектілерге ауызша нысанында қарапайым түсінікті тілде жеткізіледі; 4) көптеген жағдайларда әдет-ғұрып тұжырымдары ерікті түрде орындалады, өйткені ол күнделікті дағдылыққа негізделген; 5) реттелетін қоғамдық қатынастардың өзіндік ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет