Реферат тақырыбы ː«Құқықтың нормасының түсінігі мен нысандары»


Құқықтың  қайнар көздерінің түрлері



бет3/6
Дата29.04.2022
өлшемі32,18 Kb.
#32788
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
реферат кукык Күренов Абылай

1.1 Құқықтың  қайнар көздерінің түрлері

1) Нормативтік заң актілері – бұл құзіретті мемлекеттік  орган қабылдайтын , құқық нормаларынан құралған  және белгілі бір қоғамдық  қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Оларға Конституция, заңдар мен заңға сәйкес  актілер жатады.

2) Санкцияланған әдет нормалары – бұл адамдардың санасынан орын алған және көп рет қолданылуының нәтижесінде әдетке айналған , тарихи   қалыптасқан жүріс - тұрыс ережелеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мән беріп , оларды  орындауды  өзінің мәжбүрлеу күші арқылы  кепілденуі. Әдет – ғұрып нормаларына заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі:

а) нормативтік актілерде әдет нормаларына сілтеме жасау арқылы;

б) оларды сот шешімдерінде және басқа да мемлекет органдар актілерінде іс жүзінде тану арқылы.

3) Заңды прецедент – бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын және жалпыға міндетті заңды мағына иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі соттық немесе әкімшілік шешім.

4)  Нормативтік шарт – бұл екі немесе одан да көп субъектілердің               жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған келісімі.

5) Құқықтың жалпы қағидалары – бұл құқықтық жүйенің негізгі бастамалары. Мысалы: заңнамалық норма міндетті прецедент немесе әдет нормасы болмаған  жағдайда  заңгерлер   әділеттілік , ар – ождан , құқықтың әлеуметтік бағыттылық қағидаларына негізделуі мүмкін( Грецияның , Испанияның , Ауғаныстанның Азаматтық кодекстері).

6)  Діни мәтіндер – бұлар әсіресе мұсылмандық құқыққа тән. Ең алдымен бұл Құран мен Сүннет.  Құран – бұл Алланың сөздері өсиеттері және ақылдарының жиынтығы түріндегі қасиетті кітап Сүннет- бұл Мұхаммед Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет