Реферат тақырыбы ː«Құқықтың нормасының түсінігі мен нысандары»


Құқықтық үрдістің (прецеденттің) құндылығы



бет5/6
Дата29.04.2022
өлшемі32,18 Kb.
#32788
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
реферат кукык Күренов Абылай

2.1 Құқықтық үрдістің (прецеденттің) құндылығы

Құқықтық үрдістің (прецеденттің) құндылығы мынада:



  • логикалық ой-өрістің нәтижесі болып табылатындықтан, ол нақты жағдайда дәлме-дәл және дұрыс реттеуге әкеледі;


  • оның нанымды жоғарғы күші болады, себебі шешімді қабылдау қажеттілігі зандарға көп көлемді сілтемелер жасалуынан туындайды;


  • нормативтік актілерге қарағанда сот, әкімшілік үрдістері орасан зор жылжымалы (динамизмді) болып кёледі; судьялар қабілеттілігіне қарай өмірде болып жатқан өзгеріс-терді ескере отырып, өз шешімдерінде осындай құбылыстарды негіз ете алады.

Енді оның кемшілігіне келсек, әрине, о бастан-ақ айтатынымыз, нормативтік актіге тән ол міндеттілік қасиетіне ие беделі бола алмайды; әрі аяққа басушылық мүмкіндігіне қарсы тұра алмайды, оны жоя алмайды; оның іс-әрекетінің көлемі анықталмаған. Құқық қайнар көздерінің ең негіздісі, әрі кең қолданыстағы түрі — нормативтік құқықтық акт. Бұл — мемлекеттің құзыретті құқық шығармашылық субъектілерінің қабылдаған құқық нормасы бар занды құжаты. Әдетте, мұнда жаңа құқық нормалары бекітіледі, немесе ескірген нормалар өзгертіледі, не жойылады.

Біздің елімізде құқық қайнар көздерінің ең бастысы нормативтік құқықтық акт болғандықтан, оған өте мән беріп, тереңірек үңілгенді жөн көрдік. Нормативтік (қалыпты) құқықтық актілер — құқықтық нормаларды белгілейтін, өзгертетін немесе олардың күшін жоятын және тиісінше субъектілердің құқықтарының, міндеттерінің және жауапкершіліктерінің көлемін айқындайтын құқықты орган белгілеген тәртіппен жазбаша ресми түрде ресімделуге тиісті формальды мемлекеттік-құқылық құжат. Құқық шығармашылық саласындағы белгілі бір акт мемлекеттік органдардың құқық қалыптарын жасау, өзгерту және күшін жою жөніндегі ерекше қызметінің нәтижесі болып табылатындықтан да нормативтік актілер деп аталады.

Құқықтар, зандар қоғамды тәртіпке келтіру мен қайта құрудың тәсілі ретінде қызмет етеді. Бірақ адамдар, ұйымдар және органдар құқықты көбінесе абстрактілік құбылыс ретінде қабылдайды. Күнделікті өмірде олар қүқықпен емес, құқықтық актілермен жанасады. Олар көп.

Қазақстанның жаңа Конституциясына сәйкес құқықтық актілердің мынадай түрлерін атауға болады: «Конституция», «Конституциялық заң», «Парламенттік заң», «Президенттік заң», «қүқықтық актілер», «нормативтік (қалыптық) құқықтық актілер», «жарлықтар», «қаулылар», «өкімдер», «шешімдер», «акті», «халықаралық шарттар», «шарт», «келісім» түрлері белгіленген. Барлық актілердің 14 түрі бар, бұларды дұрыс түсіну қажет. Құқық жүйесінің жалпы принциптерін ескере отырып, құқық актілерінің мынадай түрлерін бөліп көрсетуді орынды деп ойлаймыз: 1) Конституция; 2) Конституциялық заңдар; 3) Заңдар; 4) Өкімдер, Жарлықтар (Президенттің); 5) қаулылар (Үкіметтің, Парламент, оның Палаталарының Жоғарғы Соттың, Конституциялық Кеңестің, мемлекеттік комитеттер мен комитеттердің); 6) бұйрықтар, нұсқаулар және де өзге де актілер; 7) жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілді органдарының актілері — шешімдері; 8) халықтың тікелей еркін білдіру актілері — референдумының, халық жиналысының (әзірге олардың өз үлгісі жоқ) шешімдері; 9) бекітілген халықаралық шарттар; 10) халь;қаралық қүқықтың танылған өзге де актілері; 11) модельдік (ұсыныс сипатындағы) заң актілері, т.б.

Осыған орай айта кететін жәйт — Қазақстанның 1995 жылғы жаңа Конституциясында құқықтың қолданыстағы көздері тұңғыш рет белгіленген (4-баптың 1-тармағы). Онда: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады», — делінген.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер» Заңында жоғарыда көрсетілтендермен қатар Кодекс және Орталық сайлау комиссиясының нормативтік сипаттағы қаулылары да нормативтік актілердің түрлері ретінде көрсетілген. Мұнда нормативтік құқықтық актілерді негізгі және туынды деп бөліну принципі қолданылған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет