Тыныс жетіспеушілігінің формалары - ПАТОГЕНЕЗІ БОЙЫНША
Вентиляциялық - альвеолардың желденуінің азаюымен сипатталады, оның нәтижесінде альвеолярлық гипоксия бой көрсетеді. Паренхиматоздық ТЖ - тыныс алуға қатысатын тыныс бетінің жалпы аумағының азаюымен сипатталады.
ЖТЖ деңгейлері Көрсеткіштері I деңгей (шамалы) Тыныс жиілігі мин 25-30 рет(тыныс орталығының тежелуі болмаса), шамалы акроцианоз,тері бозарған,шамалы тахикардия,гипертензия II деңгей (айқын) Тахипноэ мин. 35-40 дейін, айқын көгерулер, тері қабаты ылғалды,тахикардия мин 120-140, АГ. III деңгей (шекті) Тахипноэ мин.40 жоғары және беткей сирек тыныс 8-10 рет(мин.) теріде көгеру іздері, пульс жіп тәрізді, аритмиялы, жиі, АҚ анықталмайды, бұлшықеттік тартылулар мүмкін, діріл.
Тыныс жетіспеушілігінің 3 дәрежесін ажыратады :
І дәрежесі : тыныс жетіспеушілігінің белгілері организмге анағұрлым күш түскенде көрініс береді. Сыртқы тыныс көрсеткіштері 85-70% дейін азайған. Артериялық қандағы оттегінің меншікті ( парциальды ) қысымы (Ра О 2 ) = с.б. 60-70 мм ( қалыпты күйде > с.б. 80 мм), қанның оттегімен қанығуы ( Sa O 2 ) = 90-94% ( норма > 95%). ІІ дәрежесі : ТЖ белгілері денеге болмашы күш түскенде көрініс береді. Сыртқы тыныс функциясының көрсеткіштері тиісті мөлшермен салыстырғанда 70-50% дейін азайған. Ра О 2 = с.б. 40-59 мм, Sa O 2 = 75-89%. ІІІ дәрежесі. ТЖ белгілері тыныш күйде байқалады. Сыртқы тыныс функциясының көрсеткіштері тиісті мөлшерлеріне қарағанда 50% төмен азайған, Ра О 2 < с.б. 40 мм, Sa O 2 < 75%.
Слайд 13: КЛИНИКАСЫ
1 ) ентігу ; 2) жайылмалы цианоз ; 3) сыртқы тыныс функциясының көрсеткіштерінің өзгеруі ; 4) гипоксемия және гиперкапния.
ДИАГНОСТИКАСЫ
Т ыныс жетіспеушілігін жүрек әлсіздігінен ажырата білу керек. Жүрек әлсіздігінде ауру анамнезінде жүрек ауруларының болғандығы, жүректің сол жақ бөліктерінің зақымдануы және сол жақ жүрек әлсіздігінің белгілері анықталады.
Лабораторлы мәліметтер
қанның парциальды қысымының төмендеуі (PaO2) 60 мм с.б. кем PaCO2 жоғарылауы 50 мм с.б. артық Спирография мәліметтері : ӨТС төмендеген