Автоматтандырылған жүйе мемлекеттік жер кадастры (жылжымайтын мүлік кадастры), (АЖ МЖК) иерархиялық жүйе, үш деңгейден тұратын: республикалық, облыстық, аудандық.АЖ МЖК құрылымында бөлінеді:
Негізгі жүйелер: жылжымайтын мүлік обьектілерін қалыптастыру, жылжымайтын мүлік обьектілерін мемлекеттік есепке алу, аналитикалық-ақпараттық;
Көмекші жүйелер: басқару ведомоства аралық қатынастарын, іс жүргізу;
МЖК қамтамасыз ету жүйесі сервисы.
Ақпараттық әсері өзара элементтердің негізгі және көмекші жүйе тиіс жүзеге асыруға (жылжымайтын мүлік органдарын басқаруда ұйымдастыру ерекшеліктеріне тәуелді) синхронды негізінде жалпы база мәліметтері құрылымымен келісілген немесе синхронды форматтармен алмасу негізінде.
Жүйе астына қалыптастыру обьектілерді жылжымайтын мүлік қамтамасыз етуі тиіс;
Негізгі кадастрдың мақсаты – кадастрленетін жер учаскесі, аудан, облыс жерлерінің табиғи, құқықтық, шаруашылық жағдайы туралы алғашқы мәліметтерді алу. Мұнда алқаптардың көлемі, құралы, сапалық сипаттамасы, жерлердің пайдалануы, шығындар және т.б. мәліметтерден тұратын құжаттар, материалдар жинақталып, олардың толықтығы дұрыс талданады. Керек болса толық және сенімді мәліметтерді алу мақсатымен қосымша жұмыстар орындалып, материалдар түзетіледі. Осы мәліметтер негізінде мемлекеттікжер кадастры құжаттарына алғашқы жазу түсіріледі.
Сонымен, негізгі кадастр жүргізу нәтижесінде жер қорының мөлшерлері, олардың негізгі санаттары бойынша үлестіріледі және бағалау туралы мағлұматтар алынады. Негізгі кадастржерлерді түсіру, зерттеу, жазу, бағалау бойынша көп аумақты, қомақты жұмыстарды жүргізумен байланысты.Топырақтық және геоботаникалық зерттеулер ведомстволық бағыныштыққа қарамай, кадастр талаптары бойынша мемлекеттік бағдарламамен кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде орындалады.
Жерлерді күнделікті есепке алу міндетіне, үлестіру жерлердің сапалық жай күйі және пайдалануы туралы өзгерістері мәліметтерін анықтап, жер кадастрлік құжаттарға түсіру, сондай-ақ жаңа жер учаскелері туралы мәліметтерді жазу
Негізгі құжат рәсімінің тізімін, сол құжаттарға кіретін мәліметтер құрамын Жер қорларын басқару Агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыныс жасайды. ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі» туралы қаулысы бойынша негізгі жер-кадастр құжаттарына мыналар жатады:
1. Жер учаскесінің жер-кадастрлік ісі.
2. Ауданның /қаланың/ мемлекеттік жер-кадастірлік кітабі.
3. Жер-кадастрлік картасы.
Тиісті жазулардың заңды негізі ретінде қүжаттар жерлердің барлық санаттары бойынша кадастрлік құжаттарды жүргізу тәртібін белгілейді. Ол құжаттар ҚР Үкіметінің қаулысы, атқарушы органдарының шешімдері.
Жер кадастрында тағы арнайы есептік құжат жүргізіледі. Ол текстік құжатқа жатады. Оған қосымша картограммалар, диаграммалар, жоспарлы-картографиялық материалдар тіркеледі. Жер кадастрының әр сатысында – жер учаскесі, кәсіпорын, аудан, облыс, республикалық мәліметтер бойынша белгілі байланысы бар тиісті құжаттар толтырылады. Қосымша кадастрлік құжатта негізгі жер кадастірлік құжатта бар материалдарға қосымшалар және түсініктемелер келтіріледі. Мағлұматтарды алу және кадастрлік құжатты толтыру үшін алғашқы құжаттардың мәліметтеріпайдаланылады. Оларға түсіру және зерттеу, жоспарларды түзеу материалдары, түтендеу, жерді үйлестіру, орманды үйлестіру, мелиорация және т.б. мәліметтер жатады. Жер кадастырының кейбір бөліктерін жүргізу үшін қажетті кадастрлік құжаттардың және материалдардың, жұмыстардың түрлері:
1. Жер учаскелерін тіркеу – зандық және нормативтік құжаттар, жер учаскелеріне құқықтарды рәсімдеу және табыстау тәртібі, құжаттардың рәсімі, жерлерді бөліп беру, шекараларды, аудандарды, алқап құралдарын, бөлінуін, ауытпалықтарын және пайдаланудағы басқа шектеулерді анықтау, картографиялық жұмыстар;
2. Жерлерді есепке алу – тіркеу мәліметтері, есепке алу, және беру құжаттары, картографиялық материалдар, бонитеттеу, жерлерді бағалау мәліметтері, жер учаскелері, санаттары, алқап түрлері, қүқық субъектлері бойынша есепке алуды жүргізу;
3. Жерлерді бағалау – жерлерді аймактау, топырақтарды бонитеттеу, жерлерді бағалау әдістемесі, жерлерді есепке алу мәліметтері, топырақтық геоботаникалық зерттеу, ізденіс материалдары;
4. Жер кадастрының автоматтандырылған жүйесі – компьютерлік техникамен қамтамасыз ету, жекешелеп оқыту, кадастрлық жұмыстардың барлық түрлерін бағдарламамен қамтамасыз ету.