Реферат тақырыбы: «Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттарды анықтау»


Улы заттардың ағзаға әсер ету дәрежесі мен сипаттамасы бойынша жіктелуі



бет4/5
Дата06.01.2022
өлшемі66,89 Kb.
#12390
түріРеферат
1   2   3   4   5
1.3 Улы заттардың ағзаға әсер ету дәрежесі мен сипаттамасы бойынша жіктелуі
МЕСТ 12.0.003 – 74. "Қауіпті жене зиянды өндірістік фокторларды жіктеу". Топтау бойынша зиянды заттардың адам ағзасына әсер етуі жағынан алты топқа бөлінеді (1-кесте).
1 – кесте. Зиянды заттардың ағзаға әсер ету жағынан жіктелуі


Ішкі топ

Факторлар мен зат атаулары


Улану белгілері

1

Жалпы токсикалық (иісті көмірсутегілер, олардың амидті және нитритті туындылары – бензол, толуолдар, ксиол, анилин, т.б.; сынап пен фосфор-органикалық қосындылар; хлорланған көмірсутегілер-дихлорэтан, т.б.).

Жүйке жүйесінің бұзылуы, бұлшық ет сіңірлерінің сіресуі, сал (паралич).



2

Қоздырғыш заттар (қышқылдар мен сілтілер, хлор, фтор, күкірт пен азотты қосулар-фосген, аммиак, күкірт пен азот тотықтары, күкіртсутегі, т.б.).

Демалу мүшелері, тері, көздің шылау қабық-тарының қабынуы.

3

Сенсибилизациялаушы заттар (сынаптың кейбір қоспалары, платина, альдегидтер, т. б.).

Бұл заттарға жоғарғы сезімталдық, тері өзгерістері, қан аурулары, астматикалық құбылыстар.

4

Канцерогенді (полициклді иісті көмір-сутегілер— бензопирендер, бензантрацендер; таскөмір мен мұнайды қайта өңдеу өнімдері; иісті аминдер, асбест шаңы, т.б.).

Қатерлі ісіктердің пайда болуы.

5

Мутогенді (этиленамин, уретан, органи-калық тотықтар, иприт, этилен тотығы, формальдегид, гидроксидаман).

Ағзаның генетикалық аппараты және соматикалық жасушалардың зақымдалуы.

6

Репродуктивті (қайта өндіру) функцияға әсер етуші (бензол мен оның туындылары, күкірткөміртегі, хлоропрен, қорғасын, сүрме, марганец, улы химикаттар, никотин, этиленамин, сынап қоспалары, т.б.).

Ұрпақтың пайда болу функцияларының төмендеуі.

МЕСТ 12.1.007-76 "Зиянды заттар. Жіктеу және жалпы қауіпсіздік талаптарына" сай адам ағзасына әсер ету дәрежесі жағынан қауіптілік 4 класқа бөлінеді:



  1. Өте қауіпті заттар (бензопирендер, сынап, қорғасын, озон, фосген, гексохлоран, гидразин, хлор екі тотығы, бромды метил, никель карбонилі, т.б.);

  2. Қауіптілігі жоғары заттар (азот тотықтары, бензол, йод, марганец, жез, хлор, күкіртсутегі, ащы сілтілер, күкірт және тұз қышқылдары, кобальт пен оның тотығы, т.б.);

  3. Қауіптілігі орташа заттар (ацетон, ксилол, күкірт ангидриді, метил спирті, фенол, толуол);

  4. Қауіптілігі төмен заттар (аммиак, жанармай, сода, скипидар, этил спирті, көміртегі тотығы, т.б.).

Адам ағзасына ену жолдары арқылы зиянды заттардың тигізетін әсері, мөлшерлері мен көрсеткіштеріне байланысты қауіптілік класы анықталады (2-кесте). Қауіптілік класын анықтау мәні ең жоғары қауіптілік класына сәйкес болатын көрсеткіш бойынша жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет