Реферат тақырыбы: «Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттарды анықтау»


-кесте. Зиянды заттардың қауіптілік класын анықтау көрсеткіштері мен олардың нормалары



бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі66,89 Kb.
#12390
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Охрана труда реферат

2-кесте. Зиянды заттардың қауіптілік класын анықтау көрсеткіштері мен олардың нормалары


Көрсеткіш атаулары

Қауіптілік тобы үшін мөлшерлер




1

2

3

4




Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттың шектік шоғырлану мүмкіндігі (ШШМ), мг/м3

0,1 кем

0,1-1,0

1,1-10,0

10,0 астам




Асқазанға енгізгендегі орташа өлім мөлшері, мг/м3

15 кем

15-150

151-5000

5000 астам

Теріге жаққандағы орташа өлім мөлшері, мг/м3

100 кем

100-500

501-2500

2500 астам

Ауадағы орташа өлім шоғырлануы, мг/м3

500 кем

500-5000

5001-50000

50000 астам

Ингаляциялы улану мүмкіндігінің коэффициенті (ИУМК)

300 астам

300-30

29-3

3 кем

Ауыр әсер ету аймағы, м

6 кем

6,0-18,0

18,1-54,0

54 астам

Созылмалы әрекет ету аймағы, м

10 астам

10-5,0

4,9-2,5

2,5 кем


1.4 Кәсіби улануларды алдын-алу шаралары
Кәсіби уланулар алдын-алудың негізгі шараларына мыналар жатады:

  1. Өндірістің алғышарттық технологиясын қолдану (жабық цикл, автоматтандыру мен жалпы механизация, қашықтықтан басқару, өндіріс үрдістерінің үзілмеуі, операцияларды автоматты бақылау), ол адамның зиянды заттармен жанасуын шетке шығарады.

  2. Дұрыс технологиялық процестерде ШШМ-нен асатын зиянды заттардың мөлшерінің бөлінуіне жол бермейтін жабдықтар мен коммуникацияларды таңдау.

  3. Өндіріс алаңдарын, ғимараттарды, мәдени орындарды және жабдықтарды ұтымды жобалау.

  4. Зиянды заттарды қайта өңдейтін, технологиялық тастамалардан тазартатын және оларды кері қайтаратын, өндіріс шығындарын залалсыздандыратын арнайы жүйелерді қолдану.

  5. Бастапқы өнімдерде зиянды заттарды шектеу және өте зиянды заттарды, қауіптілігі аз заттарға ауыстыру.

  6. Жұмыс аймағы ауасының күйін бақылау мен қорғау құралдарын пайдалану.

  7. Жұмысшыларға қауіпсіздік техникасы мен бірінші медициналық көмек көрсету туралы нұсқау беру және үйрету.

  8. Мерзімді және алдын ала дәрігерлік тексеруден өткізу.

  9. Санитарлы-техникалық жабдықтар мен құрылымдарды дұрыс жобалау және оларды пайдалану (жылыту, желдету, орлау, т.б.).

2 ЖҰМЫС АЙМАҒЫ АУАСЫНДАҒЫ ЗИЯНДЫ ГАЗДАР МЕН БУЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ

2.1 Газдардың шоғырлануын УГ-2 газ талдаушымен анықтау

2.2 Аспап жұмысының жеттілігі мен жұмыс істеу тәртібі
УГ-2 түрдегі әмбебап көшірілетін газталдаушы аспап - өндіріс бөлмелерінің ауасында қандай да болсын зиянды газдар мен булардың (25 атау) шоғырлануын анықтауға арналған.

Аспап жұмыс аймағы ауасында зиянды газдардың (булардың) пайда болуын келесі жағдайларда анықтайды және қамтамасыз етеді: оттегі, сутегі, азот пен асыл газдар мөлшерін, шаң 40 мг/м3 мөлшерінен- көп емес, сынап бағанасының қысым-740-780 мм, салыстырмалы ылғалдылық 90 %-дан көп емес, температура +100°С ден +30°С-ге дейін.

Аспаптың жұмысы жылдам әдістің сызықты-колористикалық тәсілінде, яғни индикатор түтікшелеріндегі боялған түйіршік бағанасы ұзындығын өзгертуде негізделген. Бұл одан талданып алынған ауаны өткізгенде байқалады. Ауаның енуі газ талдаушының ауа алатын құрылғысымен жүзеге асырылады. Индикатор түйіршігінің боялған бағанасы ауадағы зерттелетін газ немесе будың шоғырлануына пропорционалды, мг/м3 деп бөлінген шкала бойынша өлшенеді. Аспаптың көрсету қателігі әр шкаланың жоғары шегінен ұ10 % көп емес.

Анықталатын газдардың аталуы, олардың жұмыс аймақ ауасындағы ШШМ, өтетін ауа көлемі, индикатор дағының талдаудан кейінгі түсі, өлшеу шектері, сүзгілейтін қысқымен ұсталынатын ауаны талдағанда кедергі жасайтын қоспалар 3-кестеде келтірілген.


2.3 Ауа алатын кұрылғы
Ауа алатын құрылым стақан ішінде орналасқан серіппесі бар резеңке сильфоннан тұрады, серіппе сильфонды созылған күйде ұстап тұрады (1-сурет).

Корпустың жабық бөлімінде (1) резеңке сильфон (2) екі ернемекпен (3) және онда серіппесі бар (5) стақан (4) орналасады. Сильфонның ішкі бүктесіндеріндегі тарату дөңгелектері (6) сильфонға қатаңдық пен тұрақты көлемді сақтау үшін орнатылған.

Жоғарғы тақшада (7) қозғалмайтын қуысты бөлшек (8) соташықты бағыттауға (9) қысатын сильфон; саңылау (10) соташықты жұмыссыз қалпында сақтау үшін және өлшеу шкалалары үшін қондырғыш (11), сильфон арқылы өтетін ауа көлемін соташықпен бекіту үшін қозғалмайтын бағыттау қуысты бөлшекте тоқтатқыш (12) орналасқан. Жалғастыққа (13) ішкі жағынан резеңке түтікше (14) қосылған, ол сильфонның төменгі ернемегі арқылы оның ішкі ойығымен қосылады. Жалғастықтың сыртқы ұшына алынатын резеңке түтікше (15) киілген, оған индикатор түтікшесі салынады. Бұған ауа талдауға кедергі жасайтын қоспаларды аулайтын сүзгілейтін қысқы қосылады.

Зерттелетін ауаны индикатор түтікшесі арқылы сору, сильфонды алдын ала соташықпен қысудан кейін жасалады. Қырларда (соташық басының астында) талдаудағы сорылатын ауа көлемдері белгіленген. Соташықтың цилиндрлік бетінде сорылатын ауа көлемін бекітетін төрт ұзынша науа (16) орналасқан. Тереңдетулер аралығы былай таңдалған; соташық олардың біреуінен екіншісіне жүргенде (17), сильфон сол газ талдауға қажетті ауа мөлшерін сорады.



Өлшеу шкалалары мен индикатор түтікшесі газдар үшін тағы да қосымша сүзгілейтін қысқыны орнатады. Индикатор түтікшесі мен сүзгілейтін қысқы арнайы қысқышта орналасады. Осылардың көмегімен және өлшеу шкалаларымен қойдырғыш ойықтан оңай алынады, бұл газдар шоғырлануын анықтау, аспаптан біршама аралықта істеуге мүмкіндік береді.



1-сурет. УГ-2 аспабы.

1 – аспаптың корпусы; 2 – резеңкелі сильфон; 3 – сильфонның қозғалмайтын төменгі ернемегі; 4 – сильфонның серіппелі стақаны; 5 – сильфонның серіппесі; 6 – кернегіш сақинасы; 7 – аспаптың жоғарғы тақшасы; 8 – қозғалмайтын төлке; 9 – соташық; 10 – соташықты сақтау үшін саңылау тесік; 11 – өлшегіш шкаласы үшін тұғырық; 12 – тоқтатқыш; 13 – жалғастық; 14 – жалғастықта төменгі сильфонға түсетін түтікше; 15 – жалғастықтан индикаторлы түтікшеге бұрып жіберетін резеңке түтік; 16 – соташықтың бойлатылған бунақтары; 17 – бойлатылған бунақтағы тереңдетілген соташық.
2.4 Өлшеу шкалалары, индикатор түтікшелері мен сүзгілейтін қысқыстар.
Өлшеу шектеріне байланысты әрі анықталатын газға бір немесе екі шкала болады, олар мг/м3 немесе мг/л (мұнда деректерді мг/м3 деп көрсету үшін талдау нәтижелерін 1000-ға көбейту керек) деп жалпақ тіліктер бөлінген. Шкалаларда химия белгісі немесе газ атауы және талдаудағы сорылатын газ көлемі мл-мен көрсетілген. Талдау жүргізгенде сорылатын ауа көлемдері соташық басында және есеп жүргізілетін шкалада көрсетілген мәндермен сәйкес келу керек. Ауадағы талданатын газ шоғырлануын анықтауға арналған индикатор түтікшесі (2-сурет) бұл шыны түтікше (1), ұзындығы 90-91 мм, ішкі диаметрі 2,5-2,6 мм, ол индикатор түйіршігімен толтырылған (3). Түтікшедегі түйіршік 0,5-1 мм мақтаның жұқа қабаты (5) мен эмальданған диаметрі 0,28 мм, мыс сымнан жасалған тығын арқылы ұсталынып тұрады. Түтікше ұштары жұмыс алдында алып тасталынатын кеңселік сүргіштен жасалған қақпақшалармен бітеледі. Сүзгілеу қысқысы (2-сурет) – бұл шыны түтікше (2), диаметрі 10 мм, ұзындығы 86 мм екі жақтан 5 және 8 мм-ге дейін қысылған созылма. Олар жұту түйіршіктерімен (4) толтырылған, бұлар газдарды айқындауға кедергі жасайтын қоспаларды аулауға арналған. Түтікшедегі түйіршік гигроскопты (су жұтатын) мақтадан (6) екі тампонмен ұсталады. Азот тотықтар талдауын жүргізгенде сүзгілейтін қысқының орнына тотықтыру түтікшесі, ал ауадағы ацетон мөлшерін анықтағанда — жұту түтікшесі қолданылады.


2-сурет. УГ-2 газ анализатор қажетті асаптар жиынтығы

1 және а – бос және жабдықталған индикатор түтікше; 2 және б – бос жабдықталған сүзгілейтін қысқылар; 3 және 4 – индикаторлық және сіңіргіш түйіршіктер; 5 және 6 – мақтаның жұқа және қалың қабаты; 7 – тығын; 8 – болат өзек (стержень); 9 – істік; 10 – индикаторлық сіңіргіш түйіршікті ампула; 11 және 12 – жұқа және қалың түпті варонкалар; 13 – бұқтырма қуысты бекітетін резеңке түтікше; 14 – кеңселік сүргіштен тұратын қалпақ; 15 және 16 – жіңішке және кең түпті сүзгілейтін қысқы.


2.5 Талдау жургізу

Ауаның газдалуын жасау үшін, буланатын сұйықтың 3-4 тамшысын тамызу қажет. Ауа алатын құрылғының қақпағын ашып, сорылатын ауаның көлемі көрсетілген бунақта (16) бағытталған төке арқылы (8) соташықты (9) орнатып, тоқтатқышты (12) қайтару керек. Сонан соң соташық басына қол қысымымен сильфонды (2) қысып тұрып, тіреу ұшы соташықтың жоғарғы тереңдетулерімен сәйкес келгенше сильфонды қысылған күйде бекітіп, индикатор түтікшесінің бір ұшын алынатын резеңке түтікшесіне салады, ал қалған бөлігін эксикаторға орналастырады (3-сурет). Бір қолмен соташық басын қысып, екінші қолмен тіреуді тарту керек, онда шток жай көтеріле бастайды, ал ауа индикатор құбырлары арқылы сорыла береді. Соташық қозғала бастаған кезде тіреуді жіберу керек. Соташықтағы көрсетілген ауа көлемін созған соң тіреу ұшы соташық науасының төменгі саңылауына кіреді де, тырс еткен дыбыс естіледі. Түйіршік бағанасының бір бөлшегі ауа сорылу жақтан өз түсін өзгертеді. Кейін индикатор түтікшесін босатады да, сәйкесінше шкала газ шоғырлану есептеуін жүргізеді. Өлшегенде индикатор түйішігінің түсі өзгертілген бағана басын шкаланың бастапқы, нөлдегі бөліміне келтіру керек те, есептеуді бітіру керек. Алынған деректер негізінде жасалған жұмыс туралы есеп беріп, кестеге нәтижелерді енгізу қажет.



3 БӨЛМЕЛЕРДІҢ ТАБИҒИ ЖЕЛДЕТУЛЕРІН ЕСЕПТЕУ
Бөлмелерді табиғи желдетудегі негізгі есептік көрсеткіші керекті ауа көлемін желдету үшін алынады. Негізгі есеп шамасы — желдетуге қажетті ауа саны кезенді газ бөлінулерінде келесі байланыстық бойынша анықталады;

мұнда, V=96,4м3 — орын көлемі; tn ~ желдету мерзімі,с; Сөл. ~ газ шоғырлануының өлшенген мәні , мг/м3; Срұқ.ет. –газдың ШШМ, мг/м3.

Егер желдету ауа сорғыш жолдары арқылы жасалса, оның қимасын табиғи тарту шапшаңдық шамасынан бастап есептеу жеңіл, бұл төмендегі формула бойынша ауа температура тәуелділігімен есептеледі:




мұнда, Н=10 м — сорылатын ауа ұзындығы; н — сыртқы ауа тығыздығы кг/м3; в – бөлме ішіндегі ауаның тығыздығы; g – ауырлық күшінің үдеуі; К – қабырғалардың кедір-бұдырлығын, бұрылыстардың бар болуын, арналардың тарылуы мен кеңеюін ескеретін жергілікті ауаарна кедергілерінің жалпы коэффиценті 7-кестеден алынады.


3-кесте. Ауа тығыздығың өз температурасына тәуелділігі


t С

-20

-15

-12

-10

-8

-6

-4

-2

0

,кг/м3

1,40

1,37

1,35

1,34

1,33

1,32

1,31

1,30

1,29

І°с

2

6

8

10

12

15

20

25

30

, кг мг

1,28

1,26

1,25

1,24

1,23

1,22

1,20

1,18

1,16

Егер шығару желдетуі бөлмені қорғау торымен жабылып тұрса, онда есептелген F мәніне қиманың артуына сәйкес түзетулерді енгізген жөн, ол тең d = 1,1-1,3 сонда Fист=d ×F, м2



4 ЕСЕП БЕРУ

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ІСТЕУ БАРЫСЫ


Тобы_____________________ Топшаның құрамы___________________
Күні______________________Оқытушының қолы__________________
Ауа талдауының және желдету есептеулерінің хаттамасы


Көрсеткіштері

Мәндері

Бөлмелердің газдар шоғырлануы жұмыс кезінде УГ-2, мг/м3;

АМ-6, мг/м3






Газдардың болатын шеткі шоғырлануы, мг/м3




Желдету мерзімі, с




Сыртқы ауа температурасы, град




Бөлме ішіндегі ауа температурасы, град




Сыртқы ауа тығыздығы




Бөлме ішіндегі ауа тығыздығы




Шығару, желдету ауа сорғыш қимасы




Тор есебін сорылатын желдету қимасына түзету, м2




Ауаарнаның шынайы қимасы, м2




Тұжырымдар мен ұсыныстар






Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Костюшин А.В. Энциклопедия экстремальных ситуации М, 1966г.


2. Топоров И.К. Основы безопасности жизнедеятельности М, 1966г.
3. Хван Т.А. Безопасности жизнедеятельности Алматы, 2002г.
4. Белов С.В., Морозова Л.Л., Сивков В.П. Безопасность жизнедеятельности М. 1992г. (часть 1, 2 ), конспект лекции.
5. Атлас первой медицинской помощи, Ян Юнас, 1974г.
6. Тагдиан Д.Г., Мамедова Я.Д. Человек в экстремальных условиях. Л. 1991г.
7. Козлов И.М., Лярский П.П. Руководство по дезинфекции и дератизации. Л. 1990г.
8. Белов С.В. Безопасность жизнедеятельности. М. 1996г.
9. Энгельфилед Ю., Малхаял Д., Плетнева Т.В. Как защитить себя опасных веществ в быту. М. 1997г.
10. Выживание в экстремальных условиях. М. 1993г.
11. Баскину Э. Энциклопедия личной безопасности М. 1994г.
12. Валович В.Г. Водный туризм. М. 1990г.
13. Вредные вещества в промышленности под. ред. Лазарева . 1963г.

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет