Реферат тақырыбы: Жоғары жүйке әрекетінің типтері әртүрлі оқушылармен жұмыс істеу. Оқу-тәрбие жұмысындағы эмоцияның рөлі



бет4/8
Дата23.10.2023
өлшемі76,73 Kb.
#120889
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Шартты рефлекстердің тежелуі

  • Сыртқы тежелу туа пайда болады. Ол шартты рефлекторлы түрде пайда болған кезде сыртқы ортаның күшті немесе ұзақ әсер ететін басқа тітіркендіргішіне байланысты байқалады.

  • Шартты немесе ішкі тежелу пайда болған шартты рефлекстердің жағдайы өзгергенде туады.

Ми қыртысының талдау және талқылау қызметтері





Жоғары жүйке әрекетінің топтары
Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған тәжірибесін, сыртқы ортадан алған мағлұматын, мінез-құлықтарын жүйке әрекетінің топтары деп жинақтайды.
И.П.Павлов жоғары жүйке әрекетінің топтарын ми қыртысындағы қозу мен тежелудің негізгі 3 қасиетіне байланысты 4 топқа бөледі. Ол қасиеттер: қозу мен тежелудің күші, теңдігі, алмасуы.

  • Қозу мен тежелудің күші деп ми қыртысындағы олардың өту дәрежесін айтады.

  • Қозу мен тежелудің теңдігі деп олардың бір-біріне қатынасы мен даму дәрежесін айтады.

  • Қозу мен тежелудің алмасуы деп олардың бір-біріне алмасу жылдамдығын айтады. Олардың алмасуы ширақ немесе баяу болуы мүмкін.

Күшті, ұстамсыз, қозуы тежелуден басым топ – холерик.
Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы жылдам топ – сангвиник
Күшті, қозуы мен тежелуі тең, алмасуы баяу топ флегматик.
Әлсіз топ меланхолик.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет