Реферат тақырыбы: Жоғары жүйке әрекетінің типтері әртүрлі оқушылармен жұмыс істеу. Оқу-тәрбие жұмысындағы эмоцияның рөлі


Жоғары жүйке жүйесіне тән қасиеттер



бет5/8
Дата23.10.2023
өлшемі76,73 Kb.
#120889
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Жоғары жүйке жүйесіне тән қасиеттер
Адамның жоғары жүйке жүйесіне тән қасиеттерге сана, түйсіну, қабылдау, ойлау, сөз, есте сақтау қабілеті, зейін жатады.
Сана — тек адамға ғана тән айналадағы бар нәрсені психикалық бейнелеудің көрінісі. Саналы адам деген ұғымда терең мән бар. Сана адамның білім дәрежесін, шығармашылык қабілетін, ой-өрісін байқататын көрсеткіш. Сана — адам миының ең жоғары деңгейдегі қызметі.Кейде адам кейбір іс-әрекеттерін сананың бақылауынсыз-ақ орындай алады. Мысалы, әбден дағдыға айналған іс-әрекеттер (жазу, оқу және т. б.). Адамның санасы аркылы жеке басы қоршаған ортамен байланысқа түседі. Басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды, өз білгенін басқаларға үйретеді. Адамдардың бірімен-бірінің қарым-қатынас құралы — сөз. «Сөзі түзудің өзі түзу», «жақсы сөзге кұлақ сал, жақсы ақылды сұрап ал» деген нақылдардан сананың көрінісі айқын байкалады. Сана адамның бойындағы танымдық үдерістермен тығыз байланысты. Сана түйсіну, ұғу, зейін, ее және ойлау қасиеттерін қамти отырып, өзінің үғымдық ауқымын кеңейте түседі.
Түйсіну, қабылдау (ұғу) дегеніміз — айналадағы заттардың, құбылыстардың сезім мүшелері аркылы мида бейнеленуі. Бұл зейін арқылы байқалады. Зейін белгілі бір жағдайдың адам психологиясында шоғырлануы, жинакқалуы. Зейін қойып қабылданған көрініс, оқиға және т. б. ұзақ уақыт есте сақталады.
Ойлау. Адам кез келген жұмысты орындаудан бұрын ойға беріледі. Ойлау аркылы адам заттарға, құбылыстарға тән қасиеттерді, олардың байланысын толық күйінде есіне түсіреді. Ойлау кезінде кажетті жағдайлар жан-жақты талданады, толықтырылады, есте бар деректермен салыстырылады. Ойлау мидың күрделі кызметі арқылы жүзеге асады. Ойға алган нәрселер адамның бірімен-бірінің қатынасы арқылы орындалады. Адамның ойлау кабілеті еңбек ету барысында калыптасады. Ол айналадағы болып жатқан жагдайларды сөзбен бейнелеу, ойға берілу аркылы көрініс табады. Ойлау қабілетінің 2 түрі бар. Біріншісі, сөзбен қисынды ойлаудың жалпы заңдылықтары нәтижесінде дәлелдеуге мүмкіндік туады. Екіншісі, көрнекі-бейнелі ойлау арқылы заттар және т. б. олардың салыстырмалы бейнесі көз алдымызға келеді.Адам миының сол жақ сыңарының сөзбен қисынды ойлауды жүзеге асыруды қамтамасыз ететіні анықталды. Ал мидың оң жақ сыңары көрнекі-бейнелі ойлауға қатысты ақпараттарды өңдеуге көбірек әсер етеді.
Сөз. Айналада болып жатқан ақпараттарды қабылдау, талдау, жауап қайтару сигналдық жүйелер аркылы жүзеге асады. Ағза мен қоршаған орта арасында сигналдық жүйелер аркылы байланыс түзіледі. Сигналдық жүйелер бірінші сигналдық жүйе және екінші сигналдық жүйе деп 2 түрге бөледі:
- бірінші сигналдық жүйе — жануарларға да және адамға да тән қасиет. Оның орталығы ми кыртысында орналасады. Бірінші сигналдық жүйе аркылы ағза сырткы ортаның нақты тітіркендіргіштеріне қайтарады. Бүл кезде сыртқы ортада болатын заттар және құбылыстар шартты рефлекстің түзілуіне әсер етеді. Оған мысал ретінде, сәбидің тамаққа, ойыншыққа катысты рефлекстерін атауға болады.
- екінші сигналдық жүйе — тек адамға ғана тән касиет. Бұл жүйедегі негізгі шаррты тітіркендіргіш — сөз. Сөздің әсерінен пайда болған қозуды ми қыртысы қабылдап, талдап, жауап кайтарады. Сөз бірінші сигналдық жүйенің жұмысына түрткі болады. И. П. Павловтың пікірі бойынша, сөз «сигналдардың сигналы» болып есептелінеді.
Есте сақтау қабілеті. Адам өзі куә болған окиғаларды, көргендерін, естігендерін, оқығандарын есте сақтайды. Есте сақтау адамның психикалық үдерістерінің бір көрінісі. Есте сақтау аркылы бұрынғы окиғалар мида жинақталады, қорытылады және қажет кезінде қайта пайдаланады. Есте сақтау арқылы адамзат тарихында мындаған жылдар жинақталған білім мен тәжірибелер еске түседі. Әрбір адамның есте сақтау қабілеті өзіне ғана тән.Есте сақтаудың 2 жолы бар. Оның бірі — ойланбай есте сактау, екінші мәнісіне түсініп есте сақтау.Ойланбай есте сақтау — белгілі бір мәліметтердің мағынасына мән бермей, тек жаттап алу. Бұл бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде жүзеге асады. Жаттанды деректер ұзақ уақыт есте сақталмайды, оның тек уақытша ғана мәні бар.
Мәнісін түсініп есте сақтау кезінде адам сол деректердің мәніне терең талдау жасайды. Сол арқылы оқығандарын терең түсінеді, ұзақ уақыт есте сақтайды. Есте сақтауды уақытына сәйкес сенсорлы (сезім мүшелері арқылы), қысқа және ұзақ мерзімді есте сақтау деп бөледі. Ерекшеліктеріне байланысты есте сақтау мен еске түсіру қозғалысты, эмоциялы, бейнелі, мағыналы есте сақтау болып бөлінеді. Есте сақтаудың түрлері бірімен-бірі өте тығыз байланысты. Есте сақтау ережелері. Есте сақтаудың тиімді жолдарын дамыту үшін бірнеше ережелерге мән беру керек:
- біріншіден — есте сақтайтын деректерді сараптап, оған ерекше қызығушылық таныту.
-екіншіден — өз зейінін есте сақтайтын деректерге жұмылдыра білу. Үшіншіден — есте сақтайтын деректерге саналы түрде барлық күш-жігерді бағыттай білу.
Есте сақтаудың негізгі жолы — мәнін ұғып, оқтын-оқтын қайталап отыру. Жай жаттап алып кайталау ұзақ уақыт есте сақтауға кедергі болады.
Зейін. Зерзатқа — нысанға немесе оқиғаларға қандай да болса алаңсыз саналы түрде ой жұмылдыру зейін деп аталады. Бір нәрсеге барынша зейін аударған кезде адамның сыртқы кейпінен ерекше өзгерістер байқалады. Тіпті тынысы тарылып, сирек дем алатын болады. Зейін еріксіз зейін жөне ерікті зейін болып екіге бөлінеді. Еріксіз зейін адамның еркінен тыс пайда болады. Адам алдына мақсат қоймайды. Тек қана көңіл аударған окиғалар мен нақтылы деректер көңіл күйіне ерекше өсер етіп, ұзақ сақталады. Ерікті зейін кезінде адам ойға алған пиғылын орындау үшін алдына мақсат қойып, оны арнайы тәсілдермен орындауга жігерін жумылдырады. Ынтасыз адамды жаңгалақ дейді. Жаңғалақтық дегеніміз — ерікті зейіннің нашарлауы. Жаңғалақтың көңілін кез келген коздырғы бөле береді де істеген ісін жалғастырмай аяқсыз қалдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет