Реферат тақырыбы: Жоғары жүйке әрекетінің типтері әртүрлі оқушылармен жұмыс істеу. Оқу-тәрбие жұмысындағы эмоцияның рөлі


Рефлекторлық доғаның қозу жүретін жолдары



бет3/8
Дата23.10.2023
өлшемі76,73 Kb.
#120889
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Рефлекторлық доғаның қозу жүретін жолдары
Рефлекторлық доғадағы сезім мүшесінде пайда болған қозу орталыққа барып, одан жауап келген жол тура байланыс жолы деп аталады.
Ал жұмысшы мүшенің сезгіш рецепторында пайда болған қозудың қайтадан орталыққа барған жолын кері байланыс жолы деп атайды.

Шартсыз рефлекс

Шартты рефлекс

1 Туа пайда болған .

1. Жүре пайда болған.

2. Тұқым қуалайды.

2. Тұқым қуаламайды.

3. Рефлекторлық доғасы жүйке жүйесінің төменгі дәрежедегі жұлын, сопақша ми секілді бөлімдері арқылы қалыптасады.

3. Рефлекторлық доғасы ми сыңарларының қыртысында қалыптасады.

4. Шартсыз рефлекс қалыптасу үшін қосымша жағдайлар қажет емес.

4. Шартсыз рефлекс қалыптасу үшін қосымша жағдайлар қажет.


Шартты рефлекстердің түрлері

  • Тітіркенетін рецепторларына байланысты:

1. Экстрорецепті рефлекстер шартты тітіркендіргіштер сыртқы сезім мүшелеріне әсер еткенде пайда болады: көзге, құлаққа, иіс және дәм сезу мүшелеріне, тері рецепторына.
2. Проприорецепті рефлекстер қаңқа бұлшық еттерін тітіркендіргенде пайда болады.
3. Интерорецепті рефлекстер ішкі мүшелерді тітіркендіргенде пайда болады.

  • Туатын қызметтің түріне қарай: қимыл-қозғалыс және вегетативтік шартты рефлекстер.

  • Рефлексті тудыратын қозу мен тежелудің кезеңдеріне қарай: оң және теріс немеcе жағымды және жағымсыз деп бөледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет