Реферат тақырыбы: Кәсіби ортада деректерді жинау, талдау және құрылымдау (деректер базасын әзірлеу) Орындаған



бет2/3
Дата25.11.2023
өлшемі82,37 Kb.
#127494
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
stud.kz-113763

Мәліметтер- бұл адамның қабылдайтын фактілері, оқиғалары, хабарламалары, өлшенетін сипаттамалар, тіркелетін сигналдар.
Мәліметтердің ерекшелігі, бір жағынан байқаушылардан тәуелсіз жүзеге асатындығында, екінші жағынан- оларды мақсатқа сай жинаушы бар болған кезде ғана «мәліметтер» бола алатындығында. Нәтижесінде: мәліметтер барлық қорытындылар,тұжырымдар мен шешімдер тұрғызылатын негіздеме болуы тиіс. Олар пәндік облыс пен зерттеу мақстанына қатысты екінші орында,бірақ іріктелген материалдар шеңберінде ықтимал қол жетімді болатын ақпаратты ғана мәліметтерден алатын талдау мен оларды өңдеу әдістеріне қатысты бастапқы орында.Мәліметтер өлшеулер нәтижесінде алынады.
Осы өлшемдер шкаласының 4 типі бар:

  1. Атаулар шкаласы. Бұл шкала жәктеу үшін қолданылады .Мәліметтердің әрбір класына әр түрлі кластардың белгіленулері ұқсамайтындай етіп өз белгілеріне меншіктеледі.Мысалы, адамдардың Е және Ә жынысы бойына жіктелуі немесе иә\жоқ катеогориясы бойынша жіктелуі.

  2. Реттік шкала. Бұл шкала мәліметтерді класстарға ғана бөліп қоймайды,сондай-ақ сол класстарды реттеуге көмектеседі.

  3. Интервалдық шкала. Бұл шкала мәліметтерді жіктеп және реттеп қана қоймайды, сонымен қоса кластар арасындағы айырмашылықты сандық бағалауға мүмкіндік береді.

  4. Қатынастар шкаласы. Бұл шкала интервалдық шкаладан айырмашылығы, онда есептің абсолютті бастамасы беріледі.Яғни, бұл шкалада бір өлшемнің екіншісінен қанша рет асып түсетінін анықтауға болады.

Мәліметтерді талдау ( Data Analysis)- мәліметтерді білімді алудың жалпы математикалық әдістері мен есептеуші алгоритмдерін тұрғызумен және зерттеумен айналысатын математика және информатика ғылымдарының облысы; пайдалы ақпаратты алу және шешімдерді қабылдау мақсатымен мәліметтерді зерттеу,сұрыптау,өзгерту және үлгілеу әдісі.
Мәліметтерді талдау мәліметтерді интеллектуалдық талдаудан талдау мақсаты мен бағыты, қолдану саласы бойынша ерекшеленеді. Мәліметтерді интеллектуалдық талдау жасырын шаблондарды анықтау және айқын емес байланыстарды орнату үшін күрделі жиынын пайдаланады. Мәліметтерді талдау зерттеушілерге белгілі қорытындыларды алу кезінде негізделген ой тұжырымдарына шоғырланады.
Мәліметтерді талдау ереже бойынша,бөлінеді :

  1. Мәліметтерді ізденістік талдау, мәліметтердегі мүмкіндіктерді ізддеу

  2. Болжамдаржы растау немесе жоққа шығару үшін мәліметтерді талдауды растаушы

  3. Сапалы мәліметтерді талдау сөздер, фотосуреттер немесе бейнелер сияқты сандық емес мәліметттерден қорытынды шығару үшін әлеуметтік ғылымдарда қолданады

  4. «көп мәліметтерді» талдау көптеген жағдайларда қарапайым мәліметтерді талдау үшін әдістер мен әдістемелерді қолданады, айырмашылығы параллельдеу механизмдерінде, технологияларында басталады.

  5. DataInsight Мәліметтерді түсіну- бұл зерттеуде мәліметтерді математикалық өңдеуге емес, керісіншше эксперттік бағалауға көңіл бөледі.

Мәліметтерді жинау әдістерінің жаңа сипаттамасы:
Мәліметтерді жинау әдістерін екі топқа бөлуге болады: сандық және сапалық.
Сандық зерттеулерде әдетте сұхбаткерлердің көпшілігі жауап беретін жабық типтегі құрылымдық сұрақтарды қолдануға негізделген әр түрлі сауалнамаларды жүргізумен теңестіреді.Мәліметтерді өңдеу статистикалық үдерістердің көмегімен орын алады.
Негізі статистикалық әдістерді шартты түрде 6 топқа бөлуге болады:

  1. Статистикалық бақылау,жаппай немесе таңдамалы болуы мүмкін

  2. Алғашқы мәліметтерді есептеу және топтастыру

  3. Дескрипторлық талдау.Оның негізінде ортаңғы, орташа квадраттық ауытқу,дисперсия және орталық тенденция мен варияцияның басқа да көрсеткіштері жатыр

  4. Шығарушы талдау, оның негізінде алынған нәтижелерді жалпылау мақсатымен статистикалық болжамдарды тексеру жатыр.

  5. Екі не одан да көп айнымалылар арасындағы тәуелділіікті анықтауға бағытталған байланыстарды талдау.

  6. Болжамдық талдау.

Сапалық зерттеулер мәліметтерді бақылау жолымен жинаудан, талдаудан және түсіндіруден тұрады. Бақылаулар мен тұжырымдар сапалық сипатта болады және стандартталмаған формада жүзеге асырылады. Сапалық зерттеулердің келесідей әдістері бар:

  1. Бақылау

  2. Сиқыр-топтар

  3. Тереңдетілген сұхбат

  4. Хаттамаларды талдау

  5. Проекциялық

  6. Физиологиялық өлшемдер

Мәліметтерді талдаудың тағы бір әдісі бар, ол- шешімдердің шежірелері. Ол автоматты түрде жүзеге асады. Оның мағынасы берілген ережелерді иерархиялық, тізбектелген құрылымда көрсету тәсілі, мұнда әрбір объектіге шешімді беретін жалғыз түйін сәйкес келеді. Ереже ретінде “ егер... онда .... ” түрінде көрсетілген логикалық құралым түсіндіріледі.
Шешімдер шежіресін көптеген облыстарда қолданады,бірақ осы тәсілмен шешілетін барлық мәселелер келесідей үш топқа бөлінеді:

  1. Мәліметтерді сиппаттау- ықшам түрде сақтауға мүмкіндік береді

  2. Жіктеу- жіктеу міндетін атқарады

  3. Регрессия – егер мақсатты айнымалы үздіксіз мәнге ие болса,онда шешімдер шежіресі мақсатты айнымалының тәуелсіз айнымалыдан тәуелділігін орнатуға мүмкіндік береді.

Шешімдер шежіресін қолдану артықшылықтары: жылдам оқыту үрдісі, сарапшы өз білімін қиын жүйелейтін облыстардағы ережелерді тудыру, ережелерді табиғи тілде алу, интуитивті түсінікті жүктеу үлгісі, басқа әдістермен( статистика6 нейрондық жүйелер ) салыстырылатын болжамның жоғары дәлдігі,параметрлік емес үлгілерді тұрғызу.
Шешімдер шежірелерін қолдану облыстары: банк ісі,өнеркәсіп,медицина,молекулярлық биология және т.б


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет