Реферат Тақырыбы: Леонардо да Винчи жайында Орындаған: Сәрсен Амина



бет2/5
Дата25.11.2023
өлшемі316,09 Kb.
#126893
түріРеферат
1   2   3   4   5
Өмірбаяны

Флоренцияның бір аймағындағы Пиеро да Винчи деген нотариус пен диқаншы отбасынан шыққан Катерина деген қыздың баласы, Вероккионың сурет өнері саласындағы шәкірті. Тез арада ұстазын басып озған Леонардо да Винчи бастапқыда Флоренцияда саудагершілікпен айналысады. Артынан княздер сарайларында шығармашылық ірі жоспарлар ұсынып, еш түсіністік таппайды. Әбден көңілі қалған ол 1516 жылы қаңтарда король Франсуа Iұсынысымен Францияға көшіп келіп, ғұмырының соңғы 4 жылын, осы жақта, Клу (Түрендегі) қамалында бастаған істерін аяқтаумен өткізеді.


Леонардоның қазіргі біз атап жүрген мәнді тегі болмаған; «да Винчи» «Винчи қалашығынан шыққан» дегенді білдіреді. Оның толық есімі — итал. Leonardo di ser Piero da Vinci, яғни «Леонардо, Винчилік Пиеро мырзаның ұлы».

  • 1470 — Леонардо да Винчи Верроккио шеберханасына (Флоренция) көмекші боп кіреді.

  • 1472 — Флоренсия Суретшілер гильдиясының (одағы) мүшесі.

  • 1472-1477 — «Исаның шоқындырылуы», «Ізгі хабар», «Құмырамен бейнеленген Мадонна» туындыларымен жұмыс істейді.

  • 1482 — Миландағы Лодовико Сфорца сарайына шақырылады.

  • 1487 — Құстың ұшуын негізге алып, ұшатын машина — орнитоптерді жасайды.

  • 1488 — «Ақкіс ұстаған келіншек» суреті.

  • 1489 — Бассүйектердің анатомиялық кескіндері.

  • 1490 — «Сазгер портреті» суреті.

  • 1495-1498 — «Жасырын кешкілік» суреті.

  • 1502 — Чезаре Борджаға архитектор әрі әскери инженер ретінде қазметке тұрады.

  • 1503 — Флоренцияға оралады.

  • 1503 — «Мона Лиза» суреті.

  • 1505 — Құстың ұшу сызбанұсқасы.

  • 1506 — Миланға оралып, Франция королі (сол кезде Италия солтүстігін басқарған) Луи XII-ге қызметке тұрады.

  • 1507 — Адам көзінің құрылысын зерттеуі.

  • 1509 — Қасиетті Анна соборында қолтаңба қоюы.

  • 1512 — «Өз портреті»

  • 1512 — Лев X папасының қорғауымен Римге көшеді.

  • 1514-1516 — «Жохан Шоқындырушы» суреті.

  • 1516 — Сарай суретшісі, инженер, сәулетші, және механик ретінде Францияға көшуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет