Реферат Тақырыбы: Мәдени мұра бағдарламасы және оның маңызы. Орындаған : Кәрімжан. К тобы: жмқА-07-19


Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығы



бет3/3
Дата24.11.2023
өлшемі78,03 Kb.
#125233
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
stud.kz-104659 (1)

Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығы – Ақмола облысы Қорғалжын ауданында 1968 жылы 16 сәуірде құрылған аумағы бойынша Қазақстан Республикасының ең ірі қорықтарының бірі болып табылады. Қорық заңды тұлға мәртебесіне иеленіп табиғи процестердің, үлгілі және бірегей экологиялық жүйелердің, өсімдік және жануарлар дүниесінің биологиялық алуантүрлігі мен генетикалық қорының жаратылыс қалпы мен дамытуда сақтау және зерделеу бойынша қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған. 
Таңғажайып табиғаты мен көне тарихы және ұлттық мәдениеті ұштасып жатқан қазақ даласының, оның ішінде Арқа жерінің алқасы секілді аймақтың бірі - Қорғалжын-Теңіз өңірі. Осы өңірдің табиғатын сақтап қалу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құру жайлы ойлар ертеден туындаған. Қорғалжын қорығының тарихы Қазақстанның солтүстігі мен орталық аймағында жаппай тың игеру жұмыстары жүргізіліп жатқан мезгілде бастау алған. Жаппай тың игеруден даланың табиғаты ерекше кейбір аймақтарын тез арада сақтап қалу қажеттілігі туындағандықтан, 1957 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы КСРО Ғылым академиясының қолдауымен Теңіз-Қорғалжын көлдерінің жүйесі негізінде табиғи қорық құруға ұсыныс жасайды. Сол жылы Ақмола облысы атқару комитетінің шешімі бойынша Теңіз көлі бес жыл мерзімге аңшылық шаруашылығы болып жарияланды. 1958 жылдың қаңтар айында Қорғалжын көлінде Бурабай мемлекеттік орманшылық шаруашылығының филиалы ұйымдастырылады. 1958 жылдың мамыр айында Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің Қауылысымен Қорғалжын көлі мен Құланөтпес өзенінің бойында Қорғалжын дала қорығы құрылып, оның аумағы 15 мың гектар болды. 1961 жылы Қорғалжын дала қорығы жабылып, бірсыпыра жерлер жөнсіз жыртылып тасталады. Тың аймақтық атқару комитеті бюросының шешімімен аталған қорық Бурабай орманшылық шаруашылығымен біріктірілген екен. Осыдан соң, Қорғалжын аңшылық-шаруашылық қорығы пайда болды. Оның құрамына Теңіз көлі кіріпті. 1962 жылы Қорғалжын механикалық орман шаруашылығы құрылып, аңшылық шаруашылығына берілді. Жаңа құрылған мекеме "Қорғалжын орманшылық шаруашылығы" деп аталды. 1966 жылы Тың өлкесі жабылған соң жоғарыда аталған орманшылық шаруашылығы Қазақ ССР Министрлер Кеңесіне қарасты Қорықтар мен аңшылық шаруашылықтың Бас басқармасына берілді. Және сол кездегі ғалымдардың арнайы жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, 1968 жылы Теңіз бен Қорғалжын көлдерінде "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" құрылды. 1975 жылға дейін көл жағалауларында орналасқан қамыс зауыты, темір жол жұмыскерлерін жабдықтау қызметі, Целиноград балық зауытының кәсіпорны, Қаражар ауылы және "Абай" совхозының Нефтеразведка, Алқым, Абылай бөлімшелерінен мыңға жуық адам қорық аумағынан тыс жерлерге көшіріледі. Қорықшылар тағайындалып, жануарлар дүниесі қорғауға алынады. Сөйтіп, көлдер айналасында көптеген күткен тыныштық орнайды. Өздерінің бауыр басқан мекендеріне жүздеген мың бұйра бірқазандар мен құтандар, қаздар мен аққулар, қысқасы құстардың сан түрі қайтадан орала бастайды. Сондай-ақ, жер бетіндегі аңдар мен су астындағы балықтар да көбейіп, тіпті жол бойында алаңсыз отырған қояндар мен тышқаншылап жүрген түлкілерді жиі көруге болатын еді. Міне, содан бергі уақытта Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығындағы жануарлар мен құстар барынша көбейіп, балықтардың ондаған тұқымы өсіп-өніп, Қазақстаннан тысқары жерлерге таныла бастады. Қорықтың содан кейінгі жарты ғасырлық тірлігі көз салсақ, төмендегі ақпараттарды мақтанышпен айтуға болады: 1976 жылы-қазан айында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Рамсар конвенциясымен халықаралық "А" категориялық сулы-батпақты жерлердің тізіміне енгізілді. 2000 жылы шілде айында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы дүниежүзілік "Тірі көлдер" желісіне кірген. 2008 жылы шілде айында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұра тізіміне енді. 2008 жылы желтоқсан айында қорық аумағы 543171 гектарға дейін кеңейтілген. 2012 жылы ақпан айында "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұра тізіміне биосфералық резерват ретінде тіркелді. [4]. Жарты ғасыр тарихы бар Қорғалжын қорығына алғаш директоры болған ғалым-орнитолог А. Клепиковты сол кезде сонау Мәскеуден алғызған екен. Одан кейінгі жылдары П. Ефремов, В. Сохранский, А. Кудебаев, В. Сивухин, Ж. Сарқытбаев, Б. Закиров, С.Сүлейменов, М. Айтжанов секілді адамдар жетекшілік жасады. Мысалы, С. Сүлейменов 13 жылдан аса қызмет атқарып, қорықтың өркендеуіне айтарлықтай еңбегін сіңірген қайраткер. Айтжанов Мұрат өзінің басшылық кезеңінде көптеген игілікті істер атқарып, қорықтың бүгінгі жетістіктеріне ерекше еңбегі сіңірген адам. Қазір "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының" директоры - Ұ. Абжанов. Бұл күнде Қорғалжын қорығы Арқа өңіріндегі ғылыми-зерттеу, табиғи дүниені қорғау және мәдени-ағарту жұмыстарының орталығы болып табылады. Қорық жайлы республикалық, халықаралық деңгейде фильмдер түсіріліп, әлем жұртшылығына жарнамаланып жатыр. 2018 жыл "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" үшін атаулы жыл. Себебі қорықтың құрылғанына 50 жыл толып, Қорғалжын ауданының 90 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет