Реферат Тақырыбы: «Мемлекеттік басқарудың заманауи әдістерін талдау»



бет2/6
Дата07.04.2023
өлшемі281,06 Kb.
#80282
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Мемлекеттік басқарудың нысаны
Мемлекеттік басқарудың нысаны – атқарушы билік органының (лауазымды адамның) өзінің құзіреті шеңберінде жүзеге асырылған және белгілі бір салдарлар туғызатын қызметінің сыртқы көрінісі.
Мемлекеттік басқару нысандарының түрлері:
- құқықтық ;
- құқықтық емес;
Басқарудың құқықтық нысаны белгілі бір заңдық салдарлардың болуына әкеп соғады.
Басқарудың құқықтық нысаны былайша жіктеуге болады: – құқық шығару, құқық қолдану, шарт жасасу. Нормативтік құқықтық актілерді дайындау және қабылдау атқарушы билік органдарының негізгі жұмысы, осы актілерді қабылдау арқылы заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді. Нормативтік актілерді дайындау, талқылау, қабылдау және жариялау тәртібі заңмен белгіленеді.Келісім шартқа отыру басқару қызметін бірігіп жүргізуді көздейді. Келісім шартқа отыру мемлекеттік басқару органдары қызметінің көлденең деңгейдегі үйлесімділігін қамтамасыз етеді.
Құқықтық емес нысаны заңдық салдарлардың болуына әкеп соқтырмайды. Оларға ұйымдастырушылық жәнематериалдық-техникалық әрекеттер жатады. Ұйымдастырушылық әрекеттерге – заңдар мен нормативтік актілердің мазмұнын түсіндіру, аттестация өткізу, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерге нұсқаулар беру, басқару органдарының жұмысын қорытындылау, жиналыстар мен кеңестер өткізу жатады.
Материалдық-техникалық әрекеттерге басқару органдары мен лауазымды тұлғалардың жұмысын ақпарат құралдарымен қамтамасыз ету, іс жүргізуді жүзеге асыру(құжаттарды көбейту, оларды сақтау, хат алысу), есепке тіркеу жұмыстары, қажетті құжаттармен қамтамасыз ету жатады.
Мемлекеттік басқару әдісі – бұл басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал ету тәсілі (амалы); Ол басқарудың алдына қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін басқарудың функцияларын іске асыру үшін пайдаланылады.
Мемлекеттік басқару әдісінің белгілеріне мыналар жатады:
- мемлекеттік қызметтің белгілі бір түрін мақсатты түрде танумен табиғи байланысты болады;
- басқару қызметі субъектісінің объектіге басқару ықпалын білдіреді:
- басқару субъектісінің өз құқық өкілеттігін іске асырудың құралы(амалы);
- тиісті объектіге арналған;
- алға қойылған басқару мақсатына нақты жағдайларда қол жеткізудің қолайлы тәсілі;
- белгілі бір мерзімдік шеңберлері болады.
Биліктің кез-келген саласының, соның ішінде атқарушы биліктің де қызмет атқаруы басқару әдістерін қолданумен байланысты болады. Басқару әдістері әкімшілік құқық субъектілерінің қызметін ұйымдастырудың, басқару процесінде пайда болатын нақты мәселелерді шешудің, сондай-ақ басқару объектілеріне ықпал етудің тәсілі болып табылады.
Атқарушы билік органдары азаматтар мен қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыруда әкімшілік құқықтың 2 түрлі әдісін қолданады:
1 . субординация;
2. координация;
Субординация – төменгі сатыдағы қызметшілердің жоғарытұрған қызметшілерге қызмет бабында қатаң бағынуын білдіреді.
Координация – орталық атқарушы органдар, олардың қызметшілері және лауазымды тұлғалардың басқару міндеттерін шешуде үйлесімділік пен келісімділік арқылы шешуі.
Мемлекеттік басқару әдістері ықпал ету сипаты бойынша тікелей(тура) және жанама болып 2 топқа жіктеледі. Тікелей әдістерге – иландыру мен мәжбүрлеу жатады.
Иландыру дегеніміз – басқару субъектісінің басқарылатын объектіге мақсатты бағытталған ықпал ету процесі, соның нәтижесінде басқару субъектісінің идеялары, құндылықтары мен нұсқаулары басқару объектісінің ішкі идеяларына, жеке нұсқауларына айналады.
Мәжбүрлеу дегеніміз – арнайы өкілетті субъектінің қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында белгіленген процессуалдық нысандарда қолданатын, әкімшілік құқықтың нормаларына негізделген психикалық, физикалық, материалдық немесе ұйымдастырушылық ықпал жасау құралдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет