Реферат Тақырыбы: М.Әуезов және әлем әдебиеті Орындаған: Исаева Эланора Тобы: Фи-22-11к2 Қабылдаған: Елтаева Жанар



Дата25.04.2023
өлшемі28,53 Kb.
#86787
түріРеферат
Байланысты:
Сөж Исаева Эланора Мұхтартану


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті

Реферат
Тақырыбы: М.Әуезов және әлем әдебиеті

Орындаған: Исаева Эланора


Тобы: Фи-22-11к2
Қабылдаған: Елтаева Жанар

Шымкент-2023



Қазақтың ұлы жазушысы, ғалым және қоғам қайраткері М.ӘУЕЗОВТІҢ есімі бүкіл әлемге әйгілі де ардақты. Жазушылық шеберліктің мұндай биігіне Әуезов толассыз іздену, көп еңбек ету арқылы және орыстың классик жазушыларының. сондай-ақ әлем әдебиетінің көрнекті өкілдерінің реалистік дәстүрлерін шығармашылық тәжірибесін дамыта игеру, солардан үйрену арқылы көтеріле алды. М.Әуезов 1950-ші жылдарда бір топ жазушылармен (Степин, Шипачев, Л.Леонов, О.Гончар) бірге америкаға барғанда сол елдің беделді білгірлері бұларға сипаттама берген. Сонда «ШИПАЧЕВ – қарапайым іскер адам, ЛЕОНОВ – біраз ақ сүйектік бар, ГОНЧАР – әшейін спортшы, ал мынау М.Әуезов дегеніңіз… Сократ маңдайлы кемеңгер, философ, Құдай өзіне түр мен тұлғаны да аямай берген, көзінде ақыл тұнып тұр», – деп тамсаныпты. Міне, әлемді таңдандырған М.Әуезов феномені ұлттық әдебиеттану мен сынында бірден лайықты бағасын алды десек қателескен болар едік. Өмір бойы «ұлтшыл, алашордашыл» деген қара таңбадан құтыла алмаған кемеңгердің әрбір шығармасы кеңестік идеология әдебиеттің таптық қағидасын ерекше насихаттаған солақай сынның назарында болды. Ол туралы бүгінде ашық айтылып та, жазылып та жатыр. Сондай қиын-қыстауда көмек қолын созған, жазықсыз жазғырулардан арашалап алған әуелі орыс, одан соң әлем әдебиетінің айтулы тұлғалары еді. Орыс әдебиетінің М.Шолохов, Л.Леонов, К.Федин, А.Фадеев, Н.Тихонов, К.Симонов секілді қалам қайраткерлері, Айбек, Ғафур, Гулям, М.Тұрсын-Заде, А.Тоқамбаев, Т.Сыдықбеков, Б.Кербабаев, О.Гончар, Р.Ғамзатов секілді жекелеген ұлттық әдебиеттердің өкілдері М.Әуезов шығармашылығын жоғары бағалады. «Абай жолы» романы – әлем әдебиетіндегі қайталанбайтын үздік туынды екені белгілі. «Абай жолы» дәуірнамасының алғашқы кітабымен танысқанда-ақ өте жағымды пікір айтқан француз жазушысы Луи Арагон да, орыс жазушылары Л.Соболев, В.Иванов және басқалар да осы тұрғыдан келіп баға береді. «Абай жолы» роман-эпопеясын Луи Арагон ХХ ғасырдағы ең ұлы шығармалардың бірі десе, В.Иванов: «Бұл аса зор мәдени құбылыс, мен оны ұлы туынды деуден тартынбаймын» деген болатын. «Абай жолы» роман-эпопеясында көтерілген мәселелердің маңыздылығы, онда бейнеленген адамдар мен олардың тағдырларының алуан түрлілігі, баяндалған өмір құбылыстарының, атап айтқанда, қоғамның әлеуметтік құрылымы, жыршы, әнші ақындардың шығармаларында халықтың арман-мүддесінің, азат идеялардың көрініс табуы – осының бәрі келіп тұтас тарихи үдерісті айқын елестететіні көптеген шетел жазушылары мен әдебиетшілерін таң қалдырды. М.Әуезов шығармашылығы туралы көптеген орыс ғалымдары өздерінің пікірлерін білдірген. Олар: Н.Тихонов, А.Фадеев, Н.Погодин, А.Корнейчук, М.Луконин, К.Зелинский, З.Кедрина, П.Лукниций, К.Алтайский. О.Гончар, Л.Соболев т.б. екені белгілі жайт. Н.Тихонов «Заманымыздың зор адамы» атты мақаласында: «М.Омарханұлының шығармашылық және өмір жолы байқап отырсақ, әлемге өзінің халқы туралы айту үшін туған. Ол жазушы болған кездің өзінде ол туған өлкесінің шегінен шығып кеткен дарынын бар күшімен ашып берген «Абай» атты роман-эпопеясын жасады. Эпопеяға ол он үш-төрт жылдан астам еңбек сіңірді және бұл еңбек оны бүкіл әлемге танытты. Абай туындыларын түгел білген Әуезов эпопеядағы өз кейіпкері үшін халық тағдыры арқылы көрсету жолын алды. Әуезовтің еңбегі – күрделі де қиын. Өмір шындығынан ауытқымай отырып, бүкіл қиялын бір идеяға жүйелеп бағындырды. Қазақ халқының барлық әдет-ғұрыптарын, наным-сенімдерін, аңыздарын, тұрмыс-тіршілігін терең білді. Абай – халық жаны мен халық даналығының жиынтық бейнесі, «Абай» сияқты шығармалар үлкен де ұзақ өмір сүрді. Мұхтар Әуезов – шалқар шабытты және зор бақытты жазушы. Ол Қазақстанда кең байтақ даладағы қарапайым ғана көшпенділерге ұқсамайтын жаңа қазақтардың еліндегі туған әдебиеттің көшбасшысы атағаны ие болды. Ол өзінің жанқиярлық әдеби еңбегімен ерлік жасады: қазақтың ұлы ағартушысы және ақыны Абайдың өмірі туралы эпопея жазды, патшалық қанаудың қара түнек қапас арман-мүдделері мен үміттері бейтаныс боп келген халықтың күркелеріне жетелеп енгізді, туған халқының бойындағы бар асылын өз бойына жинаған абзал Абайдың күресі мен өмірін жан-жақты көрсетті. Бұл эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты, табиғаттың, тұрмыстың ғажап картиналармен суреттеді. Әуезов қаламымен тарих қайта тірілді, ауылдар өмірі, адамдар тағдыры бой көрсетті», – деп өз пікірін білдірді. Александр Фадеевтің айтуы бойынша, «қазақ әдебиетінде бірнеше романдар туды. Солардың бірі – ХІХ ғасырда өмір сүрген, қазақ халқының классик ақыны туралы М.Әуезовтің «Абай» романы. Абай орыс мәдениетін жан-тәнімен сүйді. Оның Пушкиннің «Евгений Онегиннен» аударған үзіндісін – Татьянаның Онегинге жазған хатын бүкіл дала тап әніндей тебірене шығармалардың бірі болып табылады». Николай Погодиннің айтуынша: «Қазақстан үшін Әуезов – екінші Абай, біз үшін – шығыстың Шолоховы, бұл жазушылар өздеріне дейін әлемге бейтаныс болып келген орасан зор халық өмірін классикалық түрде ашып берді» М.Әуезов өзінің «Абай» романның бірінші кітабымен әдебиеттің атқаруға тиісті ең жоғары қызметі мен ең жоғары ролін қолмен қойғандай көрсетіп берді. Ол өз халқының өзін өзі танып білуіне көмектесті, ал басқа халықтар үшін өте тамаша жаңалық ашты. Жазушы мәдениетінің бір көрсеткіші – оның сөздік қорының молдығы. Ол қолданған сөздер қоры М.Әуезов шығармаларының өзі лексикалық байлығымен адамды қайран қалдырады. Шекспир, Гоголь, Тургенев шығармаларын қазақ тіліне асқан шеберлікпен аударуының ең басты себебі – М.Әуезовтің өз сөздік қорының бай екендігінде. «М.Әуезов сөздігі» қазақ халқының XX ғасырдың екінші жартысындағы тіл байлығының айқын айғағы еді. Әуезов Леонид Соболевпен бірлесе отырып «Абай» трагедиясын жазды. Қазақ және орыс жазушысының тарихта тұнғыш рет бірлесіп еңбек еткені осы болатын. Зоя Кедринамен бірге Әуезов І.Жансүгіровтің «Дала» дастанын орыс тіліне аударды. Олесь Гончар мынадай пікір білдірген: «Әуезов тек өзінің туған әдебиетінің ғана емес, бүкіл көп ұлтты совет әдебиетінің өкілі екенін сезінген еді. М.Әуезов – мейірбанды жан, ойшыл адам еді. Жазушы құбылыстардың құпия сырын, мән-мағынасын ашуға тырысып, бар мәселеге асықпай, тыңғылықты ой көзімен болжап қарады. Американ репортерлері М.Әуезовті бірден «философ, Шығыстың данышпан ойшылы» деп атады». Әлем әдебиетінде де көптеген белгілі жазушылар М.Әуезовтің шығармашылығын жоғары бағалаған. Соның бірі француздың ұлы жазушысы Луи Арагон: «Мухтар Әуезов – өз заманының ең ұлы жазушыларының бірі» десе, тағы бір француз жазушысы Реми Дор М.Әуезов шығармашылығы жайында былай деген: «Франция үшін Кретьен де Труа – атақты, көрнекті ұлы жазушы сияқты болса, мен ешқандай қобалжусыз Қазақстандағы М.Әуезовті ең биік шыңға көтеремін. Мен үшін Әуезов – бас әріпінен басталатын бірінші романист. Әрине, оның алдында болған бірқатар романдардың авторлары болды, бірақ сонда да бұлармен салыстыруға келмейді. 1910 жылы М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», С.Көбеевтің 1913 жылы «Қалың мал», С.Мұқановтың «Ботагөз» романдары жарияланды. Бірақ бұл авторлар ең алдымен эссеистер немесе ақындар М.Әуезовтің 1928 жылы Ортаазиялық университетте оқып жүрген кезінде ол белгілі драматург болған. Оның «Бәйбіше-тоқал», «Еңлік-Кебек», пьесалары Қазақстанның театр сахналарында қойылған. Оның көптеген әңгімелері мен повестері газет-журналдарда жарияланған. Бірақ оның талпынған негізгі жазу мақсаты – роман. Кейіпкері – Абай. Бұл үлгілі персонаж, бұнда бүкіл қазақ халқының ар-намысы берілген». Луи Арагонның айтуы бойынша бұл оған әлемдік атақты берді. «Бұл ХХ ғасырдың ең үлгілі, көрнекті шығармалардың бірі. «Абай» романы 4 томнан тұрады. Роман қазақ халқының мәдениеті, сұлу табиғаты, салт-дәстүр негізінде қалыптасқан. Әуезовтің романдық техникасы және іскерлігі Бальзак пен Золяның шығармаларына тән», – деп танытса, Берсток: «М.Әуезов – ең атақты ұлы жазушылардың бірі» Әуезов-педагог, жазушы және қоғам қайраткері. Оның шығармашылығы арқылы қазақ әдебиеті және түркі тектес халықтардың мәдениеті бірігіп тұтастай байыды» деп жазады. Қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов: «Сапарға шыққан кезде өзіммен бірге қастерлеп жүретін екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі – «Манас», бірі – М.Әуезовтің «Абай жолы» романы» – деп пікір білдірген. Өзбек жазушысы Насыр Фазылов: «Мұхтар аға шындығында да кемеңгер қоғам қызметкері, ғұлама жазушы. М.Әуезов өзбек жазушыларынын шығармаларын түп нұсқадан, аудармасыз, өзбек тілінде оқитын. Мұхтар аға өзінің шығармашылық жолын табиғи түрде шағын жанрлардан бастаған. Ол алғашында әдебиетке қойылған. Әсіресе, оның «Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан», «Бәйбіше мен тоқал», «Қаракөз», «Арпалыс», «Елең-алаң», «Абай» сынды драмалары әйгілі. Сонымен қатар, Мұхтар аға прозалық шығармалар жазып, тәжірибе жинақтаумен болды. Осы тұрғыда оның 1920-жылдарда жазылған «Бейшаралар», «Қыр хикаялары», «Оқымысты жігіт», «Үйлену», «Жетім», «Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу» және де 1928 жылы Ташкентте жазылған «Көкжал» әңгімелері, «Қараш-қараш оқиғасы» және 1927 жылы жазылған «Қилы заман» повестері қазіргі күнде де танымал. Мұхтар ағаны еске алғанда менің көз алдыма келетін және бір нәрсе оның әйгілі «Абай жолы» деп аталған тетралогиясы. Шығарманың бас кейіпкері Абай өз заманын жырлау арқылы бүтін қазақ халқымен әлемге танытқан болса, Мұхтар аға – өзбектерге ризашылықпен кеткен жазушылардың бірі. Оның «Абай» және «Абай жолы» эпопеясы өз уақытында өзбек тіліне тәржімаланып, жарық көрді. Басқа әңгімелері мен повестері 1960 жылы «Қараш-қараш оқиғасы» деген атпен басып шығарылды. Мұнда ескеретінім «Қараш-қараш оқиғасы» жинағында оның 1923 жылы Ташкент қаласында жазған «Кім кінәлі» әңгімесі кірмей қалды, осы әңгімені кейін тәржімелеп, «Жахон адабиаты» журналының екінші санында басып шығардық». М.Әуезов – «Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман», «Абай жолы», «Өскен өркен» сияқты проза саласындағы шығармаларында да «Қаракөз», «Айман-Шолпан», «Қара қыпшақ Қобыланды», «Қалқаман-Мамыр», «Хан Кене» сияқты драмалық туындыларында елдің тарихи тағдырларын қилы да қиын кезеңдердің шындығын көрсетті. М.Әуезов шығармашылығын әлем әдебиетімен байланыстыра қарағанда, жазушының орыс әдебиетін, Шығыс пен Европа мәдениетін, әсіресе, классик жазушылардың шығармаларын жетік білген. Абай дәстүрлерін үлгі еткен ортадан нәр алған М.Әуезов жас кезінен қазақ, түрік ақын жазушыларының өлең-жыр, достарына қоса әлемге әйгілі шығыс классиктері Фердоуси, Физули, Низами, Науаи, Сағди, Омар Һайям, Қожа Хафиз шығармаларын қызыға оқыды. М.Әуезовтің әңгімесі «Қорғансыздың күні», одан кейінгі кездерде жарияланған «Оқымысты азамат», «Қыр суреттері», «Сөніп-жану», «Кім кінәлі», «Қаралы сұлу» сияқты әңгімелерінен орыс, дүние жүзі әдебиетінде жинақталған құнды көркемдік тәжірибені аңғарған. Бұл шығармаларында жазушы ауыл өмірін, тұрмыс-жайын, әдеп-ғұрпын көрсетеді. М.Әуезов жасынан орыс тілін еркін меңгерген, кейінірек Л.Толстой, Тургенев, Н.Потанин шығармаларын аударған. М.Әуезов орыс ақындарының көптеген өлендерін жатқа білген. Л.Лебединская бір кездесуде М.Әуезовтің А.Фадеевпен жарыса Пушкин өлеңдерін еркін жатқа айтқанын жаза келіп: «Фадеев нендей өлеңді бастаса, М.Әуезов оны жалғастырып алып кетеді» – деп қайран қалады. М.Әуезовтің алғашқы кезеңдегі басты шығармаларының бірі – «Қараш-қараш оқиғасы» атты повесі. Повесте барлық өмірін Сәт, Сәлмен сияқты байлардың есігінде жалшылықта өткізген екі ағайынды Бақтығұл мен Тектіғұл қаншама еңбек етсе де бай ауылына ұнап көркен емес. Повестегі идеялық-тақырыптық құндылығы жағынан да, көркемдік ерекшеліктері жағынан да М.Әуезовтің алғашқы шығармаларының ішінде ерекше орын алады. М.Әуезов алғашқы кезеңдегі шығармалары әдебиетімізде сыншыл реализм дәстүрлерін, ХХ ғасырдың бас кезіндегі прогресшіл идеяларды әрі қарай дамытып, оларды социалистік реализммен ұштастырады. М.Әуезов шығармашылығы әдебиетінің ең жарқын құбылыстарының бірі. Бірақ, қазақтар үшін Әуезов тек жазушы ғана емес, сонымен қатар оның ұлтымыздың рухы қайта түлеуіне қосқан үлесі жалғыз әдеби шығармаларымен шектелмейді. Орыс жазушысы Погодиннің сөзімен айтсақ, Әуезов қазақ халқын күллі әлемге танытып қойған жоқ, ең алдымен оны өзіне өзі танытты. Көптеген әңгімелері мен повестерінде, ондаған драмаларында ол қазақ қауымының шындығынан ешқандай қалтарыс қалдырмай, әртүрлі жарқын ұлттық характерлер жасап шықты. М.Әуезов өз халқының ғана емес, Шығыс халықтары мәдениеті тарихының талай жаңа беттерін жарыққа шығарды. Ол ұлы Абай шығармашылығын, қазақтың халық ауыз әдебиетін, жер бетіндегі үлкен дастандардың бірі – қырғыз эпосы «Манасты» шығыс халықтарының өзге де ақындарының көбінің шығармашылығын жан-жақты зерттеді. М.Әуезов сонымен қатар қазақ тілінің сұлулығы мен құдірет күшін бүкіл әлемге танытып берген. Ол өз ана тілінің тек мазмұн байлығын ғана емес, үн байлығын, әуез байлығын да жайып салды. Әуезов – нағыз сөз сиқыршысы еді. М.Әуезов өз ұлтының рухани құдіретінің нұр-шұғыласын күллі әлемге түсірген. М.Әуезов: «Отанымыздың өткен заманындағы екі ұлы ақыны Пушкин мен Абайдың бір-бірімен шығармашылық ақындығы поэзиядағы екеуінің ақындық өнер үйлестігі ұлы орыс халқы мен қазақ халқының терең достығынан, екі халықтың арасындағы азат арманын, шығармашылығын екі халықтың мақсат – мүддесі тұрғысында қарастырды. Абайдың сүйіп аударған ақындарының бірі – М.Лермонтов. Абай орыс ақынынан жасаған аудармаларында европалық классик ақындармен үндесіп жатады. Мысалы: ағылшынның атақты ақыны Байронның «В альбом» атты өлеңін Лермонтов орысшаға аударса, Абай «Сол демеймін» деген атпен қазақша сөйлетті. Абайдың Лермонтовтан аудармалары жайында М.Әуезов былай жазды: «Абайдың осы Лермонтовтан аударған өлеңдері қазақ әдебиетінде әлі күнге ешбір аударушының жете алмаған биік тұрғысында тұр. Қазақтың әдебиет тілі пісіп толмаған шебер нұсқасы Лермонтов жырын өз қүшіндей, өз толғауындай етіп жеткізу Абайдың ерекше шеберлігі үшін үлкен дәлел ұлы Абай классикалық орыс әдебиетімен қатар европалық мәдениеттің асыл қазынасымен де жақсы таныс болған, орыс тіліне аударылған Гетенің, Шекспирдің, Шиллердің, Гейненің, Байронның, Беранженнің, Бальзактің, Дюманың шығармаларын, атақты философ Спенсер, Спиноза, Декарт еңбектерін оқып Дарвиннің іліміне назар аударған. Орыс классиктерінің ішінде Абайға үлгі беріп, үлкен ұстаздық еткен ақынның ең үлкені – Пушкин болды. М.Әуезов «Пушкин-Абай» тақырыбына ерекше көңіл бөлген. «Пушкин – Абай» атты мақала жазды. Ұлы жазушы – қашанда туған жер топырағынан, халық даналығынан, елінің өткені мен бүгіннен болашақ үшін жаратылған өз буыны бекіп, бұғанасы қатқан соң ерте ме, кеш пе өзінің перзенттік парызын өтеп, келер ұрпақтардың жан-дүниесін шындауға араласып, ұстазыңа айналды, бір сөзбен айтқанда ел-жұртының жүгін арқалайды. Ұлттық нигилизм- ұлтшылдық түріндегі қарсылықты туғызады. Бір қастандық екіншісін қоздатады. М.Әуезов тағылымның ұлылығы сонда, өз халқы мен бүкіл адамзатты бірдей сүйген сезімі оның жүрегіне қос күретамырдай қуат беріп отыратын. Оның А.Құнанбаевқа деген ерекше ықыласы Тургеневпен Тагорға деген ықыласпен қатар жатуы тегін емес. Жала мен жазықсыз жазадан қашып, Россияда уақытша бойталасқан қиын күндерінде М.Әуезовке Тихонов, Соболев, Федин сияқты орыс интиллигенттерінің қол ұшын беруі де тегін емес. Бірақ, мұндай қуғындаулардан оның өз халқын сүю сезімі күшейе түсті. М.Әуезов өмірінің тағылымы сонда, ол нағыз талант мықтыға арқа сүйген жолбикелер мен қолтыққа су бүркеніштерген қас-қайып қарсы тұруға міндетті екенін түсіндіріп берді. Әкімдер оны байшылықтың батпағына батырмақ болып, әлекедей жаланғанда да Әуезов қайыспай қарсы тұрды, ол жаланың жағасы жыртылатынына, ал ұлы Абай бейнесі асқақтай беретініне сенген еді. М.Әуезовтің тағы бір тағылымы, топшылдық, жікшілдік, жүзшілік талас-тартыстардан биік тұруға үйреткені, өйткені жазушының ең парасаты парызы бүкіл халықтың қамын жеп жүріп жазу. Тәжік жазушысы Ф.Ниязи М.Әуезовтің шығармашылығы жайында былай деген: «М.Әуезов – бүкіл совет әдебиетіндегі атақты құбылыс. М.Әуезовтің 60 жылдығын тойлаған кезде бір тәжік жазушылармен Алматыға бардық. М.Әуезовтің үйіндегі кітапханадағы кітаптың байлығына таң қалдым. Кітапханасында ежелгі шығыс қолжазбалары, тәжік әдебиетінің классиктері мен сол кездегі тәжік жазушылардың кітаптары толып тұрды. Мен бұл кітаптарды арасынан С.Айни, Д.Икрами, Р.Джамиля, С.Улугзаде, М.Турсынзаде, М.Миршакараның шығармаларын көрдім». М.Әуезов тәжік әдебиетінің шығармашылығын қадағалап отырды. Ол С.Айни жайлы үлкен құрметпен айтып отырды. Жазушы жылдар бойы театрдың әдебиет бөлімін басқарды, спектакльдерге рецензия жазды. Оның драматургия жанрында көптеген еңбектері бар. 1934 жылы Ж.Шанин Б.Майлин шығармашылығы жайлы құнды пікірлер айтты. «Майданда» игі серпінің басы деп айтты. 1954 жылы «Реалистік драма жайында» атты еңбегі шықты. Онда 1934-1954 жылдар арасындағы драмалар зерттелді. Автор ендігі өріс реализмге қарай ойысу дегенді айтады. Кино өнері туралы «Сурет емес, сәулет көрдім» деген еңбек арнады. Проза жайлы еңбектері алуан түрлі С.Мұқановқа арнап «Жолы кең жазушы», Ғ.Мұстафинге арнап «Өнер өріне» атты еңбектер жазды.. «Қазіргі роман және оның қаһарманы» мақаласында «роман қазір жанрлық нәрін тауысты» дейтін пікірлерге қарсы шығады. М.Әуезов класссикалық аудармалар жасады, аударма теориясына байланысты ғылыми еңбектер жазды. Ол әдем әдебиетін терең білген ірі ғалым өзбек Ә.Науаи, үнді Тагор, қырғыз Ш.Айтматов, татар М.Жәлел, орыс А.Фадеев туралы құнды пікірлер айтып, терең тұжырымдар жасады. Ш.Руставеллидің «Жолбарыс тонды жиһангер» поэмасын білгірлікпен талдады. Жас талаптары М.Әуезов бірінші болып көрсете білді. Қ.Шаңғытбаев, Қ.Мұхаметжанов, Ш.Айтматов туралы алғаш рет пікір айтты. М.Әуезов – қазақ әдебиетінің үлгілі белгісі, оның даму бағдарының нысанасы. Қазақ әдебиетінің ХIX ғасырдағы асқар белі – Абай, ХIX ғасырдағы заңғар биігі – М.Әуезов. М.Әуезов қазақ әдебиетін көтерген биіктен әрі қарай өрлетіп, бүкіл дуниежүзілік классикалық күнес кеудесіне шырқап шығарды. Абай қазақтың өзіне дейінгі сөз өнерін су жаңа соны арнаға салып, өз кезіндегі өнер атаулының тың биігі сыншыл реализм шоқтығына өрлетіп әкеткен болса, М.Әуезов жалпы шыншылдық пен шынайылық атаулының жуыр арада асу бермес асқар шыңы болып қалып отыр. Абай қазақ поэзиясының қадым заманнан бері қалыптасқан көне дәстүрін өзінің көл-көсір жаңалығын қосқан новатор-ақын, қазақ өлеңін тотының түніндей құлпырып мазмұн мен пішіннің бұрын-сонды ешкім көріп-білмеген көркем келбетіне көшірген ұлы реформатор-ақын болса, М.Әуезов қазақ топырағында бұрын-соңды болмаған жаңа жанрлар туғызып, дамытқан және сол жанрлардан сөз өнерінің бұрын-соңды болмаған ғаламат үлгілерін сомдап соққан саңлақ суреткер. Қазақ әдебиетінде М.Әуезовтей тілге бай зергер – жазушы бұрын-соңды болған жоқ. Абай өнеге алған өнер мектептерінің бірі – ұлы орыс әдебиеті десе, М.Әуезов сол әдебиетті түгел баурап, сол арқылы одан да әрі шырқап, бүкіл дүниежүзімен мәдениет пен білімге мейлінше мол сусындағаны белгілі. М.Әуезов өзіне дейінгі Абай дәстүрлеріне өлшеусіз өз жаңалығын қосып, тағы да айрықша өнер туыстығы мен тұтастығын танытты. Сондықтан, да біз туған топырақты өнер-білім мен ақыл-ойдың өткен ғасырдағы шамшырағы Абай болса, осы ғасырдағы жарық жұлдызы М.Әуезов болып қалды.

-2/

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет