Реферат Тақырыбы: Мидың құрылысы мен қызметі Орындаған: Қайржанова Айдана Логопедия 1 курс Тексерген



бет3/12
Дата31.12.2021
өлшемі43,9 Kb.
#23127
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Тапсырма Невропотология (1)

Үлкен ми жарты шарлары
Ақырғы ми онтогенезде алдыңғы ми көпіршігінен дамиды және екі жарты шардан тұрады. Ми жарты шарлары сұр заттан (жасушалардан) және ақ заттан (талшықтар және өткізгіш жолдар) құралады. Ғалымдардың үлкен жарты шарлар қыртысының микроскопиялық зерттелуі нәтижесінде оның құрылысының (архитектоникасы) бірдей еместігі көрсетілді (10-сурет). Қыртысты түзетін жасушалар мен талшықтар әртүрлі аймақтарда ерекше құрылымды болады. Осыған байланысты қыртысты оның қабаттарының қалыңдығымен, тығыздығымен және құрамындағы элементтердің құрылыс ерекшеліктерімен сипатталатын бірқатар аймақтарға (алаңдарға) бөледі. Бірқатар авторлар үлкен жарты шарлар қыртысында әртүрлі алаңдарды ажыратты. Солай, К. Бродман 52 алаңды, К. Экономо – 109, О. Фогт -180, Г. Коскинас – 119 алаңды бөліп шығарды.

Қазіргі нейрогистология үлкен жарты шарлар қыртысының алты қабатты құрылысын мәлімдейді. Қыртыстың келесі қабаттары ажыратылады: бірінші – зоналық құрылымды, жасушаларға бай емес; екінші – сыртқы дәнді қабат (дән тәрізді жасушалар басым); үшінші – пирамидалық жасушалар қабаты; төртінші – ішкі дәнді қабат (майда дән тәрізді жасушалар басым); бесінші қабат – ганглионарлы, онда үлкен пирамидалық жасушалар кездеседі; алтыншы – мультиформдық қабат, ол үшбұрышты және ұршық тәрізді пішіндегі жасушалардан құралған және көбінесе екі қабатшаға бөлінеді. Бірақ алты қабатты құрылыс қыртыстың барлық аймақтарында бірдей болмайды. Мысалы, А. Каперс, И. Н. Филимонов және К. Экономо зерттеулері көрсеткендей, алдыңғы орталық қатпарда дәнді қабат мүлдем жоқ. Керісінше, құс аяқшасының тепкіші атты саланың аймағында ішкі дәнді қабат үш жеке қабаттарға бөлінеді. Сол сияқты, алты қабатты құрылыстың жоқтығы ілмек тәрізді қатпар аймағында да байқалады (иіс сезудің қыртыстық орталығы). Шамамен қыртыстың 1/12 бөлігінде алты қабатты құрылыс қатаң сақталмаған. Қыртыстың бұл аймақтары жоғарғы жануарлардың қыртысынан адамдардың қыртысына өтетін өтпелі формация болып табылатын ескі қыртысқа (аллокортекс) жатады. Жаңа қыртыс (неокортекс) адамдарда үлкен жарты шарлар бетінің 96% құрайды. Оның басым бөлігі алты қабатты құрылыспен сипатталады. Қыртыстағы талшықтар нейрондардың бұтақтары болып табылады. Әдетте оларды екі топқа бөледі. Бір тобы вертикальды (шашыранды) бағытталып, басқа тобы горизонтальды созылып жатады. Горизонтальды талшықтардың ішінде әртүрлісін, яғни түрлі жолақтарды ажыратады. Қыртыстың әртүрлі қабаттарындағы жасушалар мен талшықтар құрылысының ерекшеліктері болады. Жеке қабаттардың қызметтік маңызы әлі толық анықталмаған. Жоғарғы қабаттар ассоциативтік (байланыстырушы) қызметті, төртінші (дәнді) қабат негізінен рецепция, яғни қабылдау қызметін атқарады деп, бесінші және алтыншы қабаттардың қозғалыс актілеріне қатысы бар деп айтуға негіз бар.

Ми қыртысында маңдай, төбе, самай және желке бөліктерін ажыратымыз. Оларға тән ерекшеліктерді қарастырайық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет