Қоршаған ортаны қорғау
– қоршаған ортаның табиғи
жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану,
табиғи байлықтарды сақтау жəне көркейту негізінде табиғат пен
қоғамның өзара үйлесімді əрекетін қамтамасыз етуге бағытталған
мемлеккеттік жəне қоғамдық іс шаралар жүйесі. Қазақстан
Республикасында“Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997
жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге, шаруашылықжəне басқадай қызметтің табиғи
экологиялық жүйелерге зиянды əсеріне жол бермеуге,
биологиялық əр алуандылықты сақтауға жəне табиғатты оңтайлы
пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстан
Республикасының экология қауіпсіздігі туралы мемлекеттік
тұжырымдамада (1997) қазіргі жəне болашақ ұрпақтардың
мүдделерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау жəне
табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы
белгіленген. Қазақстан Республикасының осы стратегияны
басшылыққа алып Қоршаған ортаны қорғау туралы
заңдарды Қазақстан Республикасының
Конституциясына негіздеді жəне ол “Қоршаған ортаны қорғау
туралы”, “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы”, басқа да
заңдар мен нормативтік құқықтар актілерінен тұрады. Кейде
Қоршаған ортаны қорғау табиғатты қорғау ұғымымен баламалы
түрде қолданылады. Бірақ Қоршаған ортаны қорғауға қарағанда
табиғатты қорғау ұғымының шеңбері кеңірек; Табиғатты қорғау
Достарыңызбен бөлісу: