Реферат Тақырыбы: Минералды тыңайтқыштардың


Қоршаған ортаның ластануы



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата05.12.2023
өлшемі243,68 Kb.
#134517
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Топырақтану сөж2 Анеля

Қоршаған ортаның ластануы
– адамға жəне 
табиғи экожүйеге зиянды əсер ететін физикалық-химиялық жəне 
биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. 
Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін жəне 
оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық 
жəне құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның 
ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде 
табиғат құбылыстары əсерінен, негізінен адам əрекетінен пайда 
болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи 
жəне антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи 
процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан 
су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық 


іс-əрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға 
өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен əр түрлі улы заттардың 
қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи 
нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ 
алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің 
экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған 
ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады 
Ластанудың салдарынан зиянды жəне улы заттардың мөлшері 
көбейіп, қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігі бұзылады. 
Тіршілік ортасы мен орнына қарай: ғарыштық, атмосфералық, 
гидросфералық, т.б.; ерекшеліктеріне қарай:

физикалық (электрмагнитті, радиоактивті, сəулелі, 
жарықты, жылулы) 

химиялық (мұнай, ауыр металдар жəне олардың тұздары 
мен тотықтары) 

биологиялық (микробты, бактериялық, вирусты) 

механикалық ластану (агенттердің өз арасындағы ластану, 
мысалы, қоқыс) болып бөлінеді. 
Ластану көздеріне қарай:

өндірістік 

көліктік 

ауыл шаруашылық 

тұрмыстық, т.б. болып ерекшеленеді. 
атмосфералық ауа, су, топырақ- қоршаған ортада көп ластанады. 
Ауаны негізінен: жылу электростанциялары, түсті жəне қара 
металлургия өнеркəсіптері, зауыттар, ал ауылды жерлерде ауа 
мен топырақты, көбінесе, мал жəне құс өсіретін шаруашылықтар, 
ет жəне сүт өндіретін кəсіпорындар, сондай-ақ, егістік жерлерге 
қолданылатын улы химикаттар, пестицидтержəне минералды 
тыңайтқыштар ластайды.
Автокөліктер- Ірі қалаларда негізгі ластану көзі болып табылады, 
себебі олар шығарған газдардың құрамында көп мөлшерде 
зиянды заттар (көміртек жəне азоттың тотықтары, көмірсутектер, 


қорғасынның токсиндік байланыстары, канцерогенді заттар, т.б.) 
кездеседі. Мысалы, бір жеңіл автокөлік ауаға сағатына шамамен 
6 — 10 м2 улы газ бөліп шығарады. Қоршаған ортаның ластану 
дəрежесі əр түрлі қалыптар (стандарттармен) мен нормативті 
көрсеткіштер арқылы бақыланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет