Реферат Тақырыбы: Минералды тыңайтқыштардың



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата05.12.2023
өлшемі243,68 Kb.
#134517
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Топырақтану сөж2 Анеля

Пестицидтер
Қазіргі кезде ауылшаруашылығында, өнеркəсіпте, 
медицинада, жəне тұрмыста əртүрлі жасанды химиялық 
синтезделетін (пестицидтер, азықтық косындылар, дəрілік 
препараттар, бояғыштардетергенттер т.б) заттарды қолданады, 
олардың саны жылдан – жылға өсуде. Ресми тіркелген САЅ 
сайының 2002 жылғы 14 қаңтардағы мəліметі бойынша 191 149 
111 тонна хлорорганикалық пестицидтер тіркелген. 
Пестицидтерді кең ауқымды пайдаланудағы ерекше маңызды 
мəселе экономикалық қажеттіліктерге байланысты. Пестицидтер 
(латынша pest - зиянкес жəне zido -өлтіру) — жинақталған 
термин. Ол өзінің атауымен ауылшаруашылық дақылдарының 
зиянкестермен жəне ауруларымен, арамшөптермен күресудегі 
əртүрлі заттарды құрайды 
Пестицидтер
– бұл ауылшаруашылығындағы қолданылатын 
бірден бір зат, оның арқасында ауылшарупшылық өнімін 
арттыруға болады. Әзірше, зиянкестермен күресте биологиялық 
əдістер химиялық əдістерге қарағанда эффективтілігі жағынан 
əлсіздеу, сондықтан жақын арада пестицидтерді қолдану 
қажеттілігі төмендемейді. Алайда, көбінесе улыхимикаттарды 
қолданудағы қажетті ережелер орындалмайды, бұл қоршаған 
ортада улыхимикаттардың сақталуына əкеліп соғады, сонымен 
қатар, ол уланулар мен өндіріс орындарында келеңсіз жағдайлар 
туғызады. Бұл өз кезегінде, базарға түсетін азық заттарда түседі. 
Адам жəне қоршаған ортаға тигізген зардаптары жағынан 
көрсетілген осы дəлелдердің барлығы химиялық қосылыстарға, 
оның ішінде, хлорорганикалық пестицидтерге (ТОҚ) байланысты 
келтірілген. 
Тұрақты органикалық қосылыстар алуан түрлі химиялық заттар 
тобынан тұрады, олардың көп бөлігін пестицидтер құрайды. ТОЛ 


- р қауіптілігі мына жағдайларға байланысты: өзінің толық 
ыдырауына дейін қоршаған ортада ұзақ уақыт бойы сақталады, 
яғни, тұрақтылығымен сипатталады. Олар суда нашар ериді, тек 
қана органикалық еріткіштерде ғана ериді. олардың көбісі 
ұшқыш, əртүрлі қоршаған орта факторларына төзімді 
(температура, күн радиациясы, ылғал т.б). Бұл препараттардың 
зиянкестерге деген əсерін күшейтеді. Жер шарының барлық 
бөлігіне үлкен қашықтыққа жəне де, ТОЛ — дың жақын көзінен 
алыс мыңдаған километр аймаққа дейін таралады; - азықпен, 
сумен жəне атмосфералық ауамен бірге ТОЛ -р тірі организмдер 
ұлпаларында жинақталады; - адам жəне жануарлар 
организмдерін улап, кең ауқымды токсикалық бұзылулар 
туғызады. 
Осыған байланысты, 2001 жылы 23 мамырда Стокгольмде 
тұрақты органикалық пестицидтерге қатысты 151 ел арасында 
халықаралық келісімге қол қойылды [16]. ТОҚ - тар тізімінде 
қоршаған ортаға орасан қауіп төндіретін 12 хлоорганикалық 
заттар, олардың 9-ы пестицидтерге жатады: альдрин, диэльдрин, 
эндрин, хлордан, гептахлор, мирекс, токсафен жəне 
гексахлорбензол. Орта Азия жəне Солтүстік Шығыс Азия, оның 
ішінде Қазақстан үшін, тағы да алты химикат атауы косылды: 
полиароматты көмірсулар, органикалық сынап қосылыстары, 
органикалық калайы қосылыстары, гексахлорциклогексан 
(ГХЦГ), өрт сөндіруге арналған бромдалған заттар жəне 
пентахлорфенол. 
Дүниедегі тіршілік атаулының өмір сүретін мекені-қоршаған 
ортамыз. Сондықтан қоршаған ортаны, яғни табиғатты қорғау - 
баршаға ортақ міндет. Қоршаған орта дегеніміз – біздің 
күнделікті өмір сүріп жатқан табиғатымыздың аясы. Табиғат 
аясына өсімдіктер дүниесі, жан-жануарлар əлемі, жер, су жəне 
ондағы тіршілік иелері кіреді. Қоршаған ортаға сырттан қандай 
да бір əсер болып, зиян келетін болса, онда табиғат аясындағы 
тіршілік иелері зардап шегеді. Экологиялық жағдай нашарлап, 
табиғаттың тепе-теңдігі бұзылады. Соның ішінде адам 
денсаулығына зиян тигізеді. Адамға қажетті ауа мен судың 


тазалығы табиғаттың тепе-теңдігіне, экологиялық жағдайдың 
тұрақтылығына тікелей тəуелді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет