2.1 Нашар еститін балаларды оқытуды ұйымдастыру
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытудағы билингвистикалық жүйеқазіргі заманғы барлық педагогикалық жүйе қоғамның ерекше проблемасы бар балалардың құқығы және мүмкіндігіне қарым-қатынасын өзгертуден туындайды. Дәл осы қазіргі кезеңде интеграциямен (жалпы топта оқыту) және билингвизмнің (екі тілділік), яғни есту қабілеті бұзылған балалардың құқықтарын реализациялауды демонстрациялап, өзіндік мәдениетін, өзіндік тілін (ым-ишара), оқытудың өзіндік жүйесін, яғни осы мәдениеттің өзіндік қойған мақсатын, мәдениетін еститіндердің екінші тілі деп есептейді. Қазіргі уақытта адамдар туылған саңыраулықты «жетіспеушілік» деп емес, «мәдениетті және лингвистикалық» аздылық деп қабылдайды. Бұл факт саңырау адамдарды тәрбиелеуге бағытталған педагогикалық жүйенің тууына мүмкіндік беріп, еститіндерден күштірек өзіндік образды және өзіндік бағалауын көрсетті. Г.Л.Зайцева жазғандай, ендігі жерде саңыраулардан, «барлығы сияқты болу» қажет етілмейді.
Саңырау адам қоршаған ортадағы өзіндік қалаулары, яғни білім алуға, еңбек әрекеттері, шығармашылыққа максималды түрде құқылы. Оларға медициналық көмек, әлеуметтік қолдау және тәрбиені ұйымдастыру қоршаған ортаның жұмысы, яғни өзінің өмірлік жолын тауып, өзін өзіндік образда және өзінің тұлғалық бағалауын толық реализациялауға мүмкіндік беру. Саңыраулардың микроәлеуметтік тұлғасы ретінде өзін идентификациялайтын саңырауларда өзінің тілін дамытып, өзінің мәдениетін, ұлттық ым-ишара тілінде білім алуға құқылы. Ұлттық қауымдастықпен және Бүкіл әлемдік саңыраулар Федерациясы саңырауларды лингвистикалық және мәдениет тұлғасы ретінде реализациялау құқығын ресми түрде ым-ишара тілі және саңырауларды оқытудың билингвистикалық негізігде мақсатты образдық құрылуы Швеция, Финляндия және т.б. елдердің парламенті, Еуропарламентті, ЮНЕСКО Комиссиясының арнайы білім беруі қарастырылған. XXғ. 80 ж.ж. сурдопедагогиканың бұл бағыттарының дамуына негіз болған кейбір түрлі факторларды атауға болады. Біріншіден, ұлттық ым-ишара тілін зерттеп (В.Стон, М.Бренон, Г.Л.Зайцева), ым-ишара тілі — өзіндік ерекше грамматикалық, лексикалық, морфологиялық ерекшелігі бар толыққанды, күрделі және өзіндік лингвистикалық жүйе деп көрсетті. Екіншіден, қазіргі уақытта ым-ишара тілі саңыраулардың когнитивті және коммуникативті әрекеттерінде маңызды рөлге ие екендігі жалпыға аян. Үшіншіден, бүкіл әлемде миграциялық топтауды күшейтудің қорытындысында (мысалы, Англияда, Францияда және АҚШ-та Азиядан және Африкадан келген иммигранттар тобы күшейді) адамдарды оқытуда проблемалар туындап, олар иммиграцияланған елдің тілі бірінші тіл болатынын қарастырды. Төртіншіден, қоршаған ортаның «басқаларына ұқсамайтын» адамдарға деген көзқарастарының өзгеру қорытындысында басқа әлемдік түсініктермен көпшілікке бағынуды идеология ете бастады. Саңырауларды Адам қатарына қосып, оларды өзіндік дамуының ерекше өмірлік жолы бар, өзіндік мәдениетін, көпшілік мәдениетін бөліп тұратынын өзіндік дамуына, құқылы деп санады. Мысалы, Норвегияның швед ұлтынан шыққан саңырау азаматы үш тілді меңгеріп, үш мәдениетке жатады – тұрақтайтын норвегиялық, яғни мемлекет мәдениеті, шведтік-өзінің ата-бабасының мәдениетіне, және өзінің достары саңырау мәдениеті. Билингвистикалық оқытудың стратегиясы ұлттық ым-ишара және сөздік тілді білім беру процесінің тәсілі ретінде бірдей мәртебеге ие деп қарастырады. Қоршаған ортаға қолайлы жағдайда мақсат қойып, саңырау балалардың әлеуметтік-эмоционалды дамуын оларға өзіндік қабілеттерімен қажеттілігін реализациялауға мүмкіндік беріп, соның ішінде жақсы ұлттық сөздік тілді меңгерту болып табылып, бұл педагогикалық жүйенің қолдаушылары бұл ортаны сөздік ым-ишаралы екі тілділік деп есептейді. Бұл екі тіл саңырау және еститін мұғалімдермен оқушылардан және ата-аналардың арасындағы қарым-қатынасты орнатудағы бірдей құқылы тәсіл болып табылады. Сөздік ым-ишаралы екі тілділіктің педагогикалық ортадағы қажетті факторы: мұғалімнің басшылығына түсетін қос тілді еркін игеруі, саңырау мұғалімдердің педагогикалық процестерге қатысуы- ым-ишара тілін игеретіндер. Саңырау мұғалімдер еститін қызметтестерімен және естімейтін балалармен өзара әрекет етуде оқушыларға арналған әлеуметтік моделдеу рөлін атқарып, еститін қызметтестеріне ым-ишара тілін меңгеруіне көмектеседі, ым-ишараны оқытудағы техникалық адам, ата-ана және отбасының басқа тұлғалары ретінде ұйымдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |