Реферат тақырыбы: Нашар еститін және сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытуды ұйымдастыру



бет4/4
Дата02.03.2023
өлшемі33,71 Kb.
#71143
түріРеферат
1   2   3   4
Қорытынды
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту түрлі типтегі электроакустикалық дыбыскүшейткіш аппаратураларды тұрақты пайдалану арқылы өткізіледі (күндізгі ұжымдық және дербес пайдалану және дербес есту аппараттарын, есту кабинетіндегі және мектеп залындағы магниттік ілгіш, радиофицирленген мектеп залы, рекреациялар, кіреберіс, вестибюль). Еступротездеу және қалған естуін дамыту бойынша қарқынды жұмыс жүргізу үшін аудиометрлер мен сурдолог- дәрігердің, аудиологтің көмегі қажет. Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытатын мектептердің фонотекасы, музыкалық құралдары, дыбыс шығаратын ойыншықтары болуы қажет. Мектепте есту қабілеті бұзылған балалардың өмір сүру әрекетіне сәйкес орта құрылу қажет, сенсорлық жағдаймен қамтамасыз ететін оқу-материалдық базасы, сөйлеуді қабылдауға арналған қолайлы жағдайы болуы керек. Мектеп жеке және 20 ұжымдық түзету сабақтарын өткізуге арналған кабинеттермен, түзету ритмикасы сабақтарын өткізуге арналған залмен , оқу шеберханаларымен, сонымен қатар, арнайы компьютерлік бағдарламалармен, оқу, әдістемелік және балалар кітапханасымен жабдықталуы қажет.
Оқытудың түзетушілік бағыттылығы білім берудің түрлі деңгейінде оқушылардың тілдік және тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, жалпы білім беру пәндерінің мазмұнын оқыту әдістемесі саласына бейімдеу және өзгертудің көмегімен жүзеге асырылады. Түзету-дамытушылық нәтиже арнайы пәндер (Айту, Тілді дамыту) және тілдік кемістіктері бар оқушыларға бейімделген жалпы білім беретін пәндер (Сауат ашу, Әдебиет, Ана тілі), яғни түзетуші лингвистикалық курс арқылы орындалады. Аталған курс тұлғаның тілдік әрекетінің толық қалыптасуының және қоғамға ойдағыдай бейімделуінің маңызды құралы болып табылады. Түзету сабағы ретінде оқу жоспарына: «Түзету ырғағы» және логопедиялық сабақтар енгізілген. «Түзету ырғағы» курсының негізгі мазмұнын сөздер мен музыканың үйлесімді ырғағындағы қозғалыс әрекеті құрайды. Сабақтар оқушылардың қозғалыс жүйесін, интеллектуалдық және сенсорлық мүмкіндіктерін түзетуге және дамытуға, сөйлеудегі кемшіліктерін жоюға бағытталған. Логопед сабақтары сөйлеудің күрделі бұзылуларын жеңуге, сонымен қатар бастауыш мектепті аяқтаған кезде оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілі қалыптасып, сөздерді айтудағы кемістіктерін жоюға бағытталады. Логопедтік 34 сабақтар жеке және 2-4 адамнан тұратын шағын топтарда да өткізіледі. Негізгі және орта білім беру деңгейінде логопедтің жұмысы жазу, оқу, дауыс, сөйлеу жылдамдығы мен ырғағын түзетуді қамтамасыз етуі тиіс Жалпы білім беретін сабақтарға арналған бөлмелерден басқа, мектепте логопед сабақтарын, психолог өткізетін сабақтарға және түзету ырғағын өткізуге арналған бөлмелер болуы тиіс.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «Әдістемелік ұстанымдар», Астана 2016ж.

  2. М.Оспанбаева, «Инклюзивті білім беру мазмұны және әдістемесі», Алматы, 2019 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет