Реферат Тақырыбы: Нұржан Наушабаев Орындаған: Ибадуллаева Мөлдір Тобы: 1701-10 Қабылдаған: Нурпеисов Нариман



бет2/2
Дата10.07.2023
өлшемі25,35 Kb.
#104172
түріРеферат
1   2
Ыңғайсыз келдің, елу бес 
Қайтейін, енді еңбек еш. 
Әр пәндеге тап келер, 
Тағдырында болған іс. 
Қуат бер, Алла, бір өзің, 
Қайғыменен қайнайды іш, - 

деп зарланған сөзін оқимыз.Осы тұста “неге осындай қайғыға түсті екен?” деген сұрақ туындайды. Оның жауабын Сәбит Мұқановтың мына сөздерінен аламыз: “Нұржанның әйелі Бибізара да ақын болып, екеуі хат арқылы айтысумен қосылған. Олардан туған жалғыз ұл Сұлтанғазы 1911 жылы дүниеден өтіп, артында ұрпақ қалмаған.”



Нұржан ақын жастайынан оқып, мұсылманша едәуір білім алады. Араб, парсы тiлдерiн жетік меңгереді. Сол арқылы Шығыс поэзиясының үлгілерінен сусындайды. Өлеңді де сол Шығыс ақындарының, әсіресе, Аллаяр сияқты софылардың ықпалымен жаза бастайды. Оның шығармаларында араб, фарсы сөздерінің жиі ұшырасатынын да осымен түсіндіруге болады. Сәбит Мұқановтың айтуы бойынша, Нұржан өз тұсындағы дарынды ақындардың бірі болған. Жасынан пысык, палуан, әрі ақын, шешен, әнші, күйші жiгiт болып еседі де, Троицкі медресесін жақсы білім алып, аяқтайды.
Нұржан- өлеңді жазып шығарған ақын. Сондықтан оның шығармалары ХІХ ғасыр ақындарының ішінде баспа бетін алғаш болып көргендердің бірі болып саналады. Шығармаларының алғашқы жинағы “Манзумат қазақия”(“Қазақ шежіресі”) деген атпен 1903 жылы, одан кейін “Сапарғалимен жұмбақ айтысы” 1908 жылы, “Алаш” атты кітабы 1910 жылы жарық көреді. Үш еңбегі де Қазан қаласында басылып шығады.
Н. Наушабайұлы ақындығының өзге замандастарынан ерекшелігі – оның өлеңдерінде назым жанрының басымдығы. Өзге толғаулар, термелер мен айтыстар, мысал өлеңдері, аудармалар, ән мәтіндері өз алдында болғанда, жаңағы назым өлеңдерінің өздері де ақын мұрасының шоқтығын едәуір көтере түсетінін байқаймыз.
Ақынның назымдарының әрқайсысы да жеке-жеке тақырыптарды да көтерген. Бірінші назымы шүу дегеннен адам мінезінің теріс жақтарын санаудан басталады. Солардың ең зілдісі – надандық.
Жаһилдар ғылым сөзін тыңдамаған, 
Шарғиға мықтап белін байламаған. 
Хайуандар есебінде көрінеді, 
Асылын назар салып аңдамаған. 

Шариғатты мойындамаған дінсіз, надан адамдарға ақынның ымырасы жоқ, олармен біржола кетісіп, аражігін ашып алады. Бірақ әр жағын қазбалап жатпайды. Тек өз басының кірсіз, тазалығын діттейді де, одан әрі парасатты адамгершіліктің күнгей жағына қарай ойысады. Ақынның бұл тұста алдыңға орынға қоятыны – жігіттің қиындыққа мойымайтын қажыр-қайраты, қандай қауіп-қатерден де тайсалмайтын өжеттігі, қандай тәуекелге болса да бара алатын қайсарлығы. 



Ақынның айтуынша, адамға ең керегі – амандық, барға қанағат. Дүние еш уақытта орнында тұрмайды, бәрі өзгеріп жатады. Солардың ішінде ең баянсызы – бүгінгі бақ пен дәулет; қолдың кірі секілді бір жуғанда кетіп қалады; көшпелі бұлттай ойламаған жерде ғайып болады. Соның бәрі заманға байланысты дей келіп, ақын өз заманын: “бұл күнде сөз өтірік, іс жаңылыс” деп сипаттайды. 
Пайдаланылған әдебиеттер:



  1.  http://old.adebiportal.kz/kz/news/view/19179

  2. ↑ Қазақ энциклопедиясы, 7 том

  3. Әлеуметтік желі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет