1-кесте
Салмағы 50кг бір қойдың күндік рационы
Көрсеткіштері
|
Етті майлы саулық
|
Қаракөл елтірі саулық қойы
|
Бойдақ және алғашқы 12-13 апталық буаз кезеңінде
|
Соңғы 7-8 апталық буаздығы кезеңінде
|
Бойдақ және алғашқы 12-13 апталық буаз кезеңінде
|
Соңғы 7-8 апталық буаздығы кезеңінде
|
Жайлымдағы шөп, кг
|
4,7
|
-
|
3,5
|
2
|
Дәнді дақылдардан, әр түрлі шөптерден дайындалған пішен, кг
|
-
|
2,6
|
-
|
1
|
Аралас құрама азықтық жемдер концентрат
|
0.2
|
0.4
|
0.15
|
0.3
|
Азықтандыру нормасы. Малдың қоректік заттарға деген қажеттілігі арнайы жүргізілген ғылыми-шаруашылық, физиологиялық тәжірибелерде зерттеледі. Жан-жақты жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде малдың біркелкі өсіп, сүт, ет, жүн сияқты өнім беруі, буаз малдың іштегі төлі дұрыс жетілуі үшін олардың организміне қажетті қоректік заттардың мөлшері, яғни азықтандыру нормасы анықталады. Азықтандыру нормасы деп малдан сапалы, әрі мол өнім алуға қажетті қоректік заттардың тәуліктік мөлшерін айтады.
Азықтандыру нормасы малдың физиологиялық күйіне, жынысына, жасына, тірілей салмағы мен өнімділігіне байланысты жасалып, малдың азыққа деген тәуліктік мұқтаждылығының шамасын білдіреді. Елімізде қабылданған азықтандыру нормаларында, малдың азыққа деген мұқтаждығының жалпы дәрежесі – азық өлшемі, қорытылатын протеин, кальций, фосфор, каротин және микроэлементтер мен ас тұзының мөлшері арқылы сипатталады.
Малға жыл бойы бір норма белгілеуге болмайды. Өйткені ол малдың физиологиялық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, саулықты алатын болсақ, оған буаз кезінде, қозы емізетін мерзімінде, қозысынан айырғаннан кейін азықты әр түрлі нормамен белгілеуге тура келеді.
Азықтандыру нормасы тиісті бір мерзімге арналып жасалады, сол мерзімнің бір тәулігінде малдың әр басына қанша қоректік заттар керек екендігін білдіреді.
Азықтандыру рационы. Азық рационы деп малға бір күн ішінде беруге ыңғайлап, есептеліп алынған азық түрлері мен мөлшерін айтады. Азық рационы –ғылыми негізде үйлестіріліп алынған, жалпы жұғымдылығы, қорытылатын протеині, минерал заттары мен каратиннің мөлшері жағынан азық нормасына сәйкес келетін әр түрлі азықтардың қосындысы. Малды азықтандыру процесінде, рацион жеке азықтың желінуіне, малдың денсаулығы мен өнімділігіне қарайц тексеріліп, анықталады. Әдетте, азық рационын 15 күнде бір рет қайтадан жасап отырады.
Қоректілігіне қарай азықты таңдап алу, оның нормаға сәйкес мөлшерін белгілеу шеберлікті, тәжірибені керек етеді. Азық рационын жасағанда малдың қандай азықты сүйсініп жейтіндігі, оның мал өнімділігіне қандай дәрежеде әсер ететіндігі және шаруашылықта азықтың қандай түрінің барлығы, оны пайдаланудың экономикалық жағынан алғанда тиімділігі мұқият ескеріледі. Сонымен бірге шаруашылықтағы жемшөпті мал сүйсініп дейтіндей етіп турап, булап, ашытып, өндеп, малға алдын ала даярлап беру ісін ұйымдастыру керек.
Азық рационының қоректілігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер алынатын өнім мөлшері мен сапасы, малдың физиологиялық күйі мен ұдайы өсу қабілеті азықты жеуі және қоректік заттардың қорытылып, сіңуі. Сондықтан да малдың дұрыс азықтандырылуы үшін зоотехниялық тұрғыдан бақылау ұйымдастырып, нақтылы жұмсалған азықтың мөлшерін, мал өнімділігін, өнімнің сапасын ескеріп, үнемі бақылап отырған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |