Реферат Тақырыбы: «Қойларды азықтандырудағы протеин мөлшері»


Қозылы қойларды азықтандыру



бет4/5
Дата20.12.2022
өлшемі151,5 Kb.
#58355
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
балдыз

Қозылы қойларды азықтандыру
Қозылы қойды тәулігіне кемінде 2 рет: таңертеңгі және түстен кейінгі азықтандырудан соң суару керек. Ас тұзы әрдайым астауда болуы тиіс.
Шаруашылық жағдайына байланысты қозылы қойды бірнеше типті рационмен азықтандырады, олардың ішінде пішенді-дәнді, пішенді-сүрлем типті рациондар көбірек қолданылады.
Қозылы қойды пішенді-сүрлем типті рационмен азықтандырғанда тәулігіне 0,6-0,8 кг бұршақ, 0,6-0,8 кг астық тұқымдас пішен, 1,5-2 кг сүрлем, 0,1-0,3 кг дәнді азық береді.
Төлдегеннен кейін 2-3 күн бойы саулыққа жоғары сапалы пішен, түйіршіктелген қоша азықтар немесе шөп ұнын және жем береді. Содан кейін сүрлем мен жем (кебек, сұлы, күнжара т.б.) бере бастайды.
Қыс айларында қозылы қойдың сүйсініп жейтін азықтары-бұршақ, астық тұқымдас пішендер, пішендеме, сабан, азықтық қызылша, сүрлем, жүгері дәні, арпа және сұлы, бидай кебегі. Сүрлем мен кебек қозылы қойдың организміне жақсы сіңеді, өрі сүттің молаюына елеулі әсер етеді.
Қыста қолда бағылатын қозылы қой рационында 1,8-2,6 азық өлшемі, 192-206 г қорытылатын протеин, 18-20 г кальций, 7,2-8 г фосфор болуы қажет.
Қозылағаннан кейінгі алғашқы 2-3 күнде қойға тек қана сапалы шөп пен су береді, содан кейін барып сүрлем мен жем (кебек, сұлы, күнжара т.б.) бере бастайды. Әдетте, қыста қорада, кешендерде қозылаған қойлардың әрқайсысына жеке-жеке жемшөп беру (алғашқы кезде) қиын жұмыс. Сондықтан алғашқы 15-20 күн шамасында, оларды тек қана толық рационды түйіршіктелген азықпен қоректендірген тиімді. Бұл жағдайда түйіршіктелген азықты күнде үлестірмейді, оның 7-8 күндік мөлшерін өздігінен желінетін астауға (самокормушка) салып қояды. Мүмкіндігіне қарай ұнтақталған пішенге жем араластырған жөн. Қой көктемде қоздаса, онда пішен, сүрлем, пішендеме берудің қажеті жоқ. Бұл кезде қозылы қойға жайылымына қосымша 0,2-0,4кг жем берген тиімді.
Саулықтың қоректік заттарды қажет ету мөлшері жып бойына бір қалыпты болмайды, физиологиялық күйіне қарай ои үш кезеңге бөлінеді:
1) қозысын ажыратқаннан күйекке түсуі аяқталғанға дейін;
2) буаз кезеңі (буаздылығынын, бірінші және екінші кезеңі)
3) қозысын емізетін кезең.
Салмағы 50 кг жүнді, жүнді-етті, етті-майлы, қаракөл елтірілі саулық қойларды күндік азықтандыру рациондары.
Қозысын емізетін қаракөл қойы 4 айдын ішінде орта есеппен тәулігіне 0,8-1.0 кг, қазақы құйрықты қой - 1,3-1,5 кг. қозысын емізетін биязы жүнді қой алғашында 2 айда - 1,2-1,5 кг, бұдан кейін - 1-0,8 кг сүт береді.
Қозы енесін төрт айға дейін емеді. Бұл мерзімді қойылатын талапқа және ерекшеліктеріне байланысты үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші және екінші аптада тек енесінің сүтімен қоректендіру, үшінші және төртінші аптада жемге үйрету, бесінші-сегізінші аптада өсімдік тектес азықтарды мол мөлшерде жеуге үйрету, тоғызыншы аптадан бастап қозыларды бағыттап өсіруге (тұқымға қалдыру, жүн алу, қозы немесе жас қой етін өндіру) байланысты едейі азықтандырады. Қозыларды туғаннан кейін әрбір 2-3 сағаттан соң емізіп тұрған жөн. Уызға тойған қозы 1,5-2 сағаттан кейін-ақ, буыны қатып, ширай бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет