Реферат Тақырыбы: «Өсімдіктердің вегетативті көбею жолдары»


Жер астындағы өркендерден көбею



бет3/3
Дата05.12.2022
өлшемі140,65 Kb.
#54874
түріРеферат
1   2   3
Жер астындағы өркендерден көбею. Біраз өсімдіктердің метаморфозданған өркендері жер астында — топыраққа көмулі жатады. Бұлар сол өсімдіктердің жер бетіндегі өркендеріне мүлде үқсамайды. Жер астындағы өркендер топырақ ішімен жылжып, бойлай өсе отырып, әрбір буынынан жер бетіне жаңа өркен шығару арқылы көбейеді, мұндай өсімдіктерді тамырсабақты немесе борықты өсімдіктер деп атайды. Мысалы, бидайық, жыланқияқ, т.б. осындай тамырсабақты өсімдіктерге жатады. Сонымен қатар кейбір өсімдіктердің жер астындағы өркендері тамырсабақтай емес, вегетациялық дәуірдің соңында олардың жер бетіндегі бөлімдері курап, жер астында қомақты өркені қалады да, сабақ бөлімінің бой конусы жер бетіне тік қарап жатады. Көктемде оның бой конусынан жас өркен шығып, әрі қарай өседі де, көбейеді. Вегетативтік көбеюдің мүндай түріне пиязшықты өсімдіктер жатады.

Пиязшығы бар өсімдіктерді баданалы өсімдіктер деп те атайды. Оларға: бәйшешектер, нарцисстер, лалагүлдер, сүмбілдер, пияздар, сарымсақтар, жауқазындар, т.б. жатады. Жауқазын — лалагүл тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктердің туысы. Оның бізде табиғи вегетативтік жолмен көбейетін негізгі түрлері: кәдімгі жауқазын, түкті жауқазын, жоңғар жауқазыны, күрең жауқазын, соғда жауқазыны, т.б.



Тамыр атпаларынан көбейетін өсімдіктер. Кейбір өсімдіктердің жанама тамырларында болатын қосалқы бүршіктерінен өскен өркендерін тамыр атпасы деп атайды. Біраз өсімдіктер тамыр атпаларынан көбейеді. Мысалы, теректер, сүр қандыағаш, тал, ақ қараған, бөртегүл, сарыағаш, таңкурай, қара бүлдірген, алхоры, сүттіген, шырмауық, күреңот, жантақ, сары қалуен, бақ-бақ, т.б. Осылардың ішінен таңкурайды алайық. Таңкурай — раушангүлділер тұқымдасына жататын жартылай бүталардың бір туысы, мүның тамыры мен тамырсабағы — көпжылдық та, ал жер бетіне шығатын өркендері — екіжылдық.

Таңқурайдың жас тамыр сабағымен бірге тамырларында қосалқы бүршіктері болады. Олардан жер бетіне тамыр атпалары өсіп шығады. Таңкурай осы тамыр атпалары арқылы табиғатта өзінен-өзі өсіп көбейеді. Қосалқы бүршіктер таңкурайдың тамырында жаздың орта кезінде пайда болады да, келесі жылдың көктемінде олар жер бетіне шығып өркендей бастайды. Осы өркендердің әрбір жапырақ қолтығынан екінші жылы ғана өсіп шыққан 2-3 негізгі бүршіктерінен жеміс пайда болады. Жемісі маусымнан тамыздың аяғына дейін пісіп жетіледі



Қорытынды:
Қортындылай айтсам өсімдіктер көбею кезінде вегетативті жолмен өсу мүшелері арқылы жұреді. Вегетативті көбею жоғары және әсіресе гүлді өсімдіктерде ең күрделі және әртүрлі формаларға жетті. Олар 3 көбеюімен сипатталадывегетативті органдардың көмегімен: қашу бөліктері, тамыр, жапырақ.
Қолданылған әдебиеттер
https://ikaz.info/simdikti-vegetativtik-zholmen-k-beyui/
https://stud.kz/referat/show/29245

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет