Реферат Тақырыбы: «Өсімдіктердің вегетативті көбею жолдары»


Табиғи вегетативтік көбею



бет2/3
Дата05.12.2022
өлшемі140,65 Kb.
#54874
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
кенембаева нов

Табиғи вегетативтік көбею. Жер жүзіндегі өсімдіктердің көбісі табиғатта вегетативтік жолмен көбейеді. Неғұрлым өсімдік төменгі сатыдағы болса, оның регенерациялық қасиеті, яғни жетіспейтін органдарын орнына, қалпына келтіру қабілеті соғүрлым күшті болады. Мысалы, бір клеткалы өсімдіктердің денесі бөлінудің нәтижесінде одан екі жас клетка пайда болады да, бүлардың әрқайсысы өзінше дербес өсімдікке айналады. Мұны да табиғи вегетативтік көбею деп есептейміз. Немесе көп клеткалы және клеткаланбаған ірі балдырлардың, саңырауқұлақтардың денесінен кездейсоқ үзіліп қалған бөлігі де өзінше жеке өсімдікке айналып кетеді. Я болмаса, мүк, плаун (су шырмауық), селагинелла дейтін өсімдіктердің ересек талломы немесе «өркені» қурап қала береді де, олардан өсіп шыққан жас бұтақтар өзінше жеке өсімдікке айналып, табиғи жолмен көбейеді. Сол сияқты, папоротник пен қырықбуын сияқты, кейбір жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер де табиғи вегетативтік жолмен, екі түрлі тәсілмен көбейеді: 1) мүк және плаун сияқты өсімдіктердің жер астындағы ересек бөлімдері курап қалып, олардан өсіп шыққан «өркендері» әрмен қарай өсіп-көбейеді; 2) кейбір папоротниктің жапырақ бетінде пайда болған қосалқы бүршіктері үзіліп түсіп, бүларда әрмен қарай өсіп, өз бетінше жеке өсімдікке айналады
Өркенін бөліп көбею. Кейбір өсімдіктердің денесінде пайда болған өркендер бөлініп, өз алдына жеке өсімдікке айналады. Мысалы, балықоты деген өсімдікті алуға болады. Балықоты көбінесе ағынсыз суда өседі, оның қыстан аман сақталып шыққан бірнеше данасы ғана жазда аз күннің ішінде тынық судың жарты гектардай бетін жауып кетеді.

Жер бетіндегі өркендерден көбею. Кейбір өсімдіктер өзінен жер бетіне көктеп шыққан өркендері арқылы көбейеді. Бұларға мүртшаларынан, томарша өрбіндерінен (шыбықтарынан), сұлама бұтақтарынан өсіп көбейетін өсімдіктер жатады. Мұртшаларынан көбейетін өсімдіктердің бірі — бүлдірген, қара бүлдірген. Томарша өрбіні дегеніміз — өсіп түрған сүректі өсімдіктердің дің сабағын арамен кесіп алғаннан немесе дауыл сындырып кеткеннен кейінгі оның орнында қалған томарынан өсіп шыққан жас шыбықтар. Томарша өрбінінен жөке ағашы, тал, қайың, т.б. өсімдіктер көбейеді.

Көп өсімдіктер сұлама бұтақтарынан да көбейеді. Вегетативтік көбеюдің бұл жолы табиғатта көп кездеседі. Ылғалды жерде сұлап өскен сүректі өсімдіктердің түп жағынан шыққан бұтақтарының төменгі жағынан қосалқы тамырлар және өркендер шығып, олар топырақта тамырланады да, одан әрі өсе береді. Мысалы, арша, тал, жәке ағашы, емен, т.б. осылай көбейеді. Олардың қосалқы тамыр және өркен шыққан бұтақтарының дің-сабақ жағы курап қалса да, олар өсу қабілетін жоймай, жеке өсімдік болып өсіп, көбейеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет