Реферат Тақырыбы: «Қосжарнақты және Даражарнақты өсімдіктер»


Тұқым – жатынның тұқым бүршігінен дамиды. Қосжарнақты тұқымның құрылысы



бет2/4
Дата17.10.2023
өлшемі334,04 Kb.
#116684
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Қосжарнақты және Даражарнақты өсімдіктер

Тұқым – жатынның тұқым бүршігінен дамиды.
Қосжарнақты тұқымның құрылысы. Қосжарнақты тұқымның мысалы ретінде үрмебұршақ (фасоль) тұқымын қарастырайық (1-сурет). Тұқымның қабығы (қауызы), жарнағы және ұрығы болады. Үрмебұршақ тұқымының пішіні бүйрекке ұқсайды. Оның ойыс жағында жеміске бекінген жерін тұқым кіндігі дейді. Тұқым кіндігінен тұқымның ішіне ауа, су кіреді.

Үрмебұршақ тұқымының құрылысы (ұзынынан қақ жарылған).


Тұқым қабығы (қауызы) қалың, тығыз, сырты тегіс жылтыр, түрлі түсті. Қабығы тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды.
Қабығын сылып алса (суға жібіген тұқымда тез сылынады), ішінен екі тұқым жарнағы көрінеді. Тұқымда екі тұқым жарнағы бар өсімдіктер қосжарнақтылар деп аталады. Қосжарнақтыларда (күнбағыс, қауын, қарбыз, асқабақ, қияр және т. б.) ұрыққа қорек болатын заттар жарнақта жиналады. Жарнақты ұзынынан екіге жарса, бір ұшында жабысып тұрған ұрығы болады.
Ұрық – алғашқы тамырша, алғашқы сабақша және бүршікшеден тұрады.

Қосжарнақты тұқымның құрылысы





Қабығы



Екі жарнағы

Ұрығы




Алғашқы тамырша

Алғашқы сабақша

Бүршікше




Қосжарнақтылар класы. Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер қосжарнақтылар класына жатады. Гүлді өсімдік түрінің 75%-ы қосжарнақтылар болып есептеледі. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлық жерлерде кездеседі. Қосжарнақтыларды ажыратуға болатын негізгі белгілер мыналар: олардың ұрығында 2 жарнақ болады. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы болып келеді. Жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі болуы мүмкін. Жапырақ жүйкелері қауырсынды немесе саусақ салалы болады. Күлтесі және тостағанша жапырақшасының саны – 5 немесе 4-тен. Көпшілігінде түзуші ұлпа – қамбий болады.
Қос жарнақтылар класына гүлді өсімдіктердің 75%-ы жатады. Бұлар бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық шөптектес өсімдіктер, жартылай бұталар, бұталар, ағаштары да бар.Қос жарнақтылар класына жататын өсімдіктердің өспейтін жері жоқ.
Оларды климаты қатал, суық арктикадан бастап экваторға дейінгі, таулардың альпы белдеуінен теңіз жағалауына дейінгі аралықтардың барлығынан кездестіруге болады. Қос жарнақтылар класына жататын өсімдіктердің, дара жарнақтылардан басты айырмасы, олардың ұрығының тұқым жарнағы екеу болады.
Сабақтары екінші рет қалыңдап, жуандап өсуге қабілетті келеді. Жапырақтары торлы жүйкеленеді. Негізінен кіндік тамырлы өсімдіктер. Гүлдері 5 мүшелі, сиректеу 4 мүшелі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет