Реферат Тақырыбы: «Қосжарнақты және Даражарнақты өсімдіктер»


Дара жарнақты тұқымның құрылысы



бет4/4
Дата17.10.2023
өлшемі334,04 Kb.
#116684
түріРеферат
1   2   3   4
Дара жарнақты тұқымның құрылысы





Қабығы
(Қауызы)

Бір жарнақ

Эндоспарем

Ұрық



Дара жарнақтылар , лилиопсидтер (Мonocotyledones немесе Lіlіopsіda) – гүлді өсімдіктердің екі класының бірі. Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан айырмашылығы жеміс ұрығындағы тұқым жарнағы біреу ғана болады.
Дара жарнақтылардың 3 класс тармағы (алисмалар, лалагүлділер, арецидалар), 80-дей тұқымдасқа, 2600-дей туысқа және 60 мыңдай түрге жіктеледі. Бұлар гүлді өсімдіктердің 25%-ын құрайды. Көпшілігі шөптесін өсімдіктер, негізінен, қоңыржай белдеулердегі шабындықтарда, далалық аймақтар мен саваннада, ал ағаш тәрізділері субтропиктік, тропиктік аймақтарда өседі. Алисмалар (Аlіsmatіdae) – суда және батпақта өсетін шөптесін өсімдіктер (сукөрік, кербезгүл, т.б.). Гинецейі (аналықтар жиынтығы) тұтаспаған (апокарпты). Тұқымы эндоспермсіз (ұрықтың қоректенуіне қажетті ұлпа).
Арецидалар (Аrecіdae) – шөптесін немесе ағаш тәрізді өсімдіктер (пальма, аронниктер, т.б.). Гүлі дара жынысты, шашақ гүлшоғырына топталған. Гинецейі – түйіні көп ұялы (ценокарпты). Тұқымы – эндоспермді. Лалагүлділер (Lіlііdae) – жуашықты және тамырсабақты көп жылдық шөптесін өсімдіктер (қызғалдақ, құртқашаштар, қияқөлең, орхидея, т.б.). Гинецейі – ценокарпты (сирек апокарпты).
Гүлі – жай гүл серікті, тостағанша жапырақшалары болмайды, шашақ гүлшоғырына топталады, ірі гүлі жеке-жеке орналасқан, жәндіктер арқылы тозаңданады.Тұқымы – эндоспермді. Дара жарнақтылардың көпшілік түрінің (бидай, қарабидай, күріш, қант қамысы, пальма, т.б. сондай-ақ әсемдік үшін егілетін қызғалдақ, лалагүл, т.б.) шаруашылық маңызы өте зор.
Дара жарнақтылар Қазақстанның барлық жерінде кездеседі
Қорытынды


Қос жарнақтылар класына жататын өсімдіктердің, дара жарнақтылардан басты айырмасы, олардың ұрығының тұқым жарнағы екеу болады.
Қос жарнақтылар класы. Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер қосжарнақтылар класына жатады. әрбір өсімдікті егіп, көп өнім алуға, тағамдық жағына емес, сонымен қатар шипалық, емдік, дәрілік қасиеттетерін пайдалана отырып адамдарға ұсынуға болады.
Даражарнақты өсімдіктерге лалагүл, жуа, бидай, құртқашаш, банан, қияқөлең, пальма, жүгері, күріш, тары жатады. Тұқымда бір тұқым жарнағы бар өсімдіктердара жарнақтылар деп аталады. Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан айырмашылығы жеміс ұрығындағы тұқым жарнағы біреу ғана болады.

Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі





  • Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том

  • http://www.plantarium.ru/page/view/item/20457.html

  • http://innature.kz/articles.php?article_id=1688

  • Флора Казахстана

  • “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

  • http://sprav.agronationale.ru/toxicology/20440.html

  • А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет