Реферат Тақырыбы: Пәннің мазмұны, міндеттері. Іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру. Орындаған


ІС ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТОПТАСТЫРУ



бет9/12
Дата04.03.2022
өлшемі474,53 Kb.
#27032
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
ІС ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТОПТАСТЫРУ

Ісқағаздарының түрлері өте көп, олардың негізгі түрлерін мақсаты мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне, формасына т.б. ерекшеліктеріне қарап топтастыруға болады.

Ісқағаздары мазмұны мен қызметіне қарай үш топқа бөлінеді.

1-ші топ. Жеке адам өміріне қатысты құжаттар.

2-ші топ. Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін құжаттар.



3-ші топ. Басқару, ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар.

Формасына қарай:

• Типтік;

• Трафареттік;

• Еркін мәтінді болып бөлінеді.

1. Типтік ісқағаздары деп қалыптасқан мәтін-үлгі бойынша жазылатын ісқағаздарын айтамыз. Мысалы: арыз, өтініш т.б.

2. Трафареттік ісқағаздары деп мәтіннің белгілі бір бөлігі алдын ала баспаханалық әдіспен басылып дайындалған құжаттарды айтамыз. Мәтіннің алдын ала дайындалған бөлігінде өзгермейтін ақпарат жазылады. Мысалы: студенттің белгілі бір оқу орнында оқитынын рас тайтын студенттік билет, анықтама т.б. Мұнда студенттің аты-жөні, тегі, оқитын бөлімі мен курсы жазылатын арнайы орын қалдырылып, қалған бөлігі баспаханалық әдіспен басылып, алдын ала дайындалады.

3. Еркін мәтінді ісқағаздарына қалыптасқан үлгі бойынша жазылмайтын құжаттар жатады. Мысалы: пікір. Еркін мәтінді ісқағаздарын безендіруде де жалпы ісқағаздарына қойылатын талаптар сақталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет