Реферат Тақырыбы: «Пәннің оқыту объектісі және әдістер жүйесі»


Міндеті: Тарихи методология пәні мен негізгі әдістері жайлы деректерді пайдалана отырып, талдау. Тарихнама



бет2/7
Дата27.11.2022
өлшемі68,51 Kb.
#53066
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
дильназ рфеерат

Міндеті: Тарихи методология пәні мен негізгі әдістері жайлы деректерді пайдалана отырып, талдау.
Тарихнама: тарих методологиясы нақты тарихи зерттеу тәжірибесінің теориялық көрінісі ретіндегі әдістемелер, ұстанымдар, ғылыми тарихи түсініктер және т.б. Тарихшының зерттеу жұмысының тәжірибесін баяндай отырып, методология танымға жетелейтін ойға мүмкіндіктер береді. Демек, методология тарихи зерттеуде жеке және жалпы проблемаларға сараптама жасайды. Бірақ, кез-келген проблемаға нақты жауапты даярлап тұрмайды. Оны қарастырудың, зерттеудің жолдарын көрсетеді.
Тарих ғылымында методология мен метод бір біріне тәуелді емес. Бұл методология мен методтың өз алдына жеке танымдық формалары бар. Мәселен, методология жеке зерттеу әдістеріне қоданылмайды. Зерттеу жүйесінде техникалық әдістерді методология емес, метод деп қарастырған жөн. Ал, методология міндеті ғылыми мәселелерді шешуге жалпы теориялық ұстанымдар көрсету болып табылады. Бұл жалпы ғылыми қарым-қатынас сипатын көрінісін байқатады .
Қазақ елінің тарихына қатысты өз пікірін білдірген қазақ зиялысы А. Байтұрсынов былай деп жазған еді: «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел, қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынан өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады». Демек, Отан тарихын тарихшылар өз дәрежесінде зерттеу үшін тарих ғылымының теориясы мен методологиясына баса назар аударуы қажет.
Деректанушы ғалым Қ.М. Атабаев Отан тарихы ғылымының методология мәселесіне байланысты мынадай тұжырым жасаған: «Отандық тарих ғылымындағы басты кемшілік – методологиялық кемшілік. Барлық ғылымның негізі методологияда жатыр. Методологиялық, теориялық мәселелерді анықтап алмай, басқа ғылымдар сияқты, тарих ғылымының да өз дәрежесінде дамуы мүмкін емес. Қазақстан тарих ғылымының міндеті, функциясы не болуы керек? Алдымен, осыны анықтап алуға тиіспіз. Ең бастысы методологиялық проблема – осы. Қазақстан тарихы ғылымының міндеті – қазақ ұлтының тарихын зерттеу болуы керек» .
Тарихшы Б.Ғ. Аяған ұлттық тарихты қарастыруға қатысты мынадай пікірін білдірген:«Біздің міндетіміз тарихшылардың ғылыми мектептері арасындағы ителлектуалды ой жарысын, бәсекелестікті қолдай отырып, қазақ тарихының табиғаты және мәні туралы терең толғанған туындыларды өмірге келтіру. Бұл ерекше тарих екені анық. Ол батыстың да, шығыстың да тарихи дәстүрлеріне бағынбайтын феномен. Ол құбылыс өзегі Дала өркениеті, мыңдаған жылдар бойы үзілмей келе жатқан тарихи жалғастық, ауызша дәстүр тағы басқалары бар. Сондықтан, Қазақ елінің тарихындағы өзекті мәселелелеріне қатысты тұжырымдамалар қажет. Ол үшін кең ауқымды және терең зерттеулер керек. Мысалы, Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудегі міндеттерді шешу үшін жан-жақты білім алған, теориялық дайындықтары жақсы жаңаша ойлайтын мамандар қажет. Осы мәселелерді ширақ, ауқымды ретте шешіп отыру тарихшылардың міндеті болуы тиіс» .
Жас тәуелсіз мемлекет өз қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін нығайта түсуі қажет. Оған рухани жаңғыру мен діни наным-сенімнің де айтарлықтай рөлі бар. Ал, тарихи білім Отан тарихын жетік біліп, шынайы сезінгенде ғана тәрбие құралына айналады. Ұлттық сана сезім Отан тарихын тану арқылы қалыптасады. Кез келген жас ұрпақ әлем елдері тарихынан да хабардар болуы керек.
Қазіргі заманда «тарихтан тәрбие», «тарихтың тәрбиелік күш-қуаты» деген негізді ұғымдар біздің мәдениетіміз бен қоғамдық өмірімізде қолданысқа енген. Әсіресе, тәуелсіздік алған уақыттан бері мемлекеттің алдында жас ұрпақты жаңаша тарихи көзқарас тұрғысынан оқыту мен тәрбиелеу міндеті қойылды. Ондағы мақсат тарихын білетін, ұлты мен мемлекетін сыйлайтын жас ұрпақты тәрбиелеуге байланысты еді. Міне, осындай рухани ұлттық құндылықтар мен тарихын терең білетін ұрпақ қана ұлтжанды болып өсетіндігі сөзсіз . Сондықтан, тарихшы қауым ел тарихының әртүрлі кезеңдері мен маңызды салаларына қалам тартуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет