Реферат тақырыбы: С. Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы. «Көкшетау» поэмасы



бет2/4
Дата02.06.2023
өлшемі56,76 Kb.
#98037
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Сәкен Сейфуллин-Айтбаева Баян-Сұлу

Сәкеннің шығармашылығы.
Гүлбаһрамның айтуына қарағанда, Сәкен Қызылордада, Ташкентте түрғанда және Алматыға келгесін де ақындардың, сөз білетін адамдардың жатқа айтатын өлеңдерін, қызықты әңгімелерін жалықпай тыңдап, ерінбей жазып алып отырған. Фольклор, әдебиет нұсқаларын өзі оқытқан студенттер арқылы да жинатады. Ташкентте Әбубәкір Диваевпен әлденеше рет кездесіп, одан да көптеген материал алған көрінеді. 1930 жылы Қоянды жәрмеңкесінде бір айдай жатып, сол жерге жиналған ақын, әншілерден көптеген өлең-жыр жазып алған.
1917 жылы «Жұбату» атты тұңғыш әңгімесін жазды. 1922 жылы «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағын», «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» пьесаларын жазды. «Домбыра» (1924), «Экспресс» (1926), «Тұрмыс толқынында» (1928), «Көкшетау» (1929) өлең-поэмалар жинақтарын, «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи мемуарлық романын (1927), «Жер қазғандар» повесін (1927) жарыққа шығарды. 30-шы жылдары «Альбатрос» (1932), «Қызыл ат» (1934), «Социалистан» (1935) атты поэмаларын, «Айша» (1930), «Жемістер» (1935) атты повестерін жариялады. Публицистика саласына қалам тартты. Қазақстан ескі әдебиет нұсқаларын жинау, зерттеу, бастыру ісімен шұғылданды. Қазақ фольклорының тарихына арналған «Қазақ әдебиеті» (1932) кітабын жазды. Қазақ әдебиетінің оқулықтарын жасауға қатысты. Басты шығармалары орыс тіліне аударылып, Кеңестер Одағы халықтарының бірқатар тілдерінде басылды. Осындай ұқыпты зерттеу жұмысының нәтижесінде 1931 жылы «Қазақ әдебиетінің нұсқалары» атты бір том жинақты, 1933 жылы бір том «Батырлар жырының» жинағын, 1934 жылы Алтынсариннің өлеңдер жинағын, 1935 жылы Ақан сері, Ақмола ақындардың өлеңдерін, «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасын бастырпды. Ал негізгі зерттеу еңбегі 1932 жылы «Қазақ әдебиеті» деген атпен қалың бір том кітап болып басылады.1933 жылы «Альбатрос», «Қызыл ат» поэмаларын, жылы «Социалистан» атты өлеңдер жинағын шығарды. Ол өзі көрген, өзі араласқан өмірден елес беретін «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда», «Дауыл алдында», «Жемістер» атты роман, повестерін жазуға кіріседі, олардың бірқатар тарауы газет, журналдарда, түрлі жинақтарда жарияланды.
«Айша» атты повесі 1935 жылы жеке кітап болып шығады. «Қызыл сұңқарлар» пьесасын бүтіндей жөндеп, қайта жазып, ол Қазақтың мемлекеттік драма театрында қойылады. «Тар жол, тайғақ кешу» толықтырылып, 1936 жылы қайта басылды. Ал Сәкеннің бірқатар шығармасы (1927-1937 жылдар арасында) «Атаман Анненковтың азап вагонында», «Тар жолдан» (үзінді), «Советстан», «Көкшетау», «Айша», «Қызыл ат», «Жемістер» және тағы басқасы орыс тілінде басылып шықты.
Қазақ жазушыларының ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, шығармашылық еңбегіне 20 жыл толуы мерекеленді. Қазақстан Жазушылар одағы таңдаулы деректі проза мен публицистикалық шығармаларға жыл сайын беріліп тұратын С.Сейфуллин атындағы әдеби сыйлық тағайындады (1985). Алматы, Астана сияқты көптеген қалалар мен елді мекендерге, театрлар мен мектептерге, кітапханалар мен көшелерге Сәкен Сейфуллиннің аты берілген.
Сәкеннің өзі жырлаған қоғамның қолынан жапа шегуі туралы сәкентанушы Е.Ысмайылов былай дейді: «Сәкен өзінен оқыған жастарды қазақ әдебиетінің тарихын, көркем поэзияны терең сүю, білу, зерттеу рухында тәрбиеледі. Егер көптеген ақын, жазушылар Сәкеннің творчестволық ықпалымен әдебиет майданына араласқан болса, бірталай жас таланттар Сәкеннің оқушы шәкірті есебінде әдебиет майданына араласып, өзінің творчестволық қабілетін дамытуға мүмкіндік алды. Мұны алдымен ҚазПИ-де Сәкеннен оқыған — Тайыр Жароков, Әбділда Тәжібаев, Қажым Жұмалиев, Мұқаметжан Қаратаев, Белгібай Шалабаев, Сағыр Қамалов, Хамза Есенжанов, Қадыр Хасанов, Мәлік Ғабдуллин, Еркімбеков Дүйсембек, Қалижан Бекхожин, осы сөздін авторы және басқалар туралы айту керек.
Сәкен — қатал күрес үстінде шынығып өскен ақын азамат. Ол өзі белсене араласқан әдебиет қозғалысы қайшылығының ащы-тұщы дәмін де мол татты. Ол әр уақытта Қазақстандағы әдебиет қозғалысының басы-қасында, жуан ортасында болды. ҚазАПП-тың алғашқы дәуірінде (1929 жылға дейін) қазақ совет әдебиетінің идеялық позициясын нығайтуға белсене араласқан болса, онан кейінгі дәуірде, бір кезде өзі ұйымдастырып басшылық еткен ҚазАПП енді Сәкеннің өзіне ауыз салды. 1931 жылғы жазған бір мақаласында ҚазАПП-тың бастығы М.Қайыпназаров: «Жақында ҚазАПП болып Сәкеннің шығармаларын сынадық, сол сынның аяғында Сәкенді пролетариат әдебиетіне одақтас ақын деп таптық», — дейді. Егер 20-жылдары Сәкен ұлтшылдардың шабуылды сынына ұшырайтын болса, енді ҚазАПП-тың кезіндегі осындай сындардың тегеуіріне өзі түседі. Бірақ Сәкен мұндай сындардың бірде-біріне абыржып, сасқан емес. Өзіне қарсы айтысып, тартысып жүрген адамдардың сорына қарай жаңа шығармаларды үсті-үстімен жазумен болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет