«Көкшетау» поэмасы
Көкшетау поэмасы 1929 жарық көрді. Бұл кезең советтік өмірдің ең бір белеңді уақытымен шендесіп жатыр. Бұл поэма сынаққа көп ұшырады. Сәкенге бүгіннен алшақтап өткенді аңсадың, өткен дәуірге көңіл бөлдің деген айып тағылды. Осындай жан – жақты қысымға қарамай Сәкен құнды шығарманы дүниеге әкелді. Поэма 4 бөлімнен, 47 тараудан құрылған. Бастала бере Көкшенің әдемі табиғатын көлі мен терегін, қарағайы мен қайыңын, тау мен тасын, ауасы мен суын тамылжыта суреттейді. Табиғат сұлулығына, ел мен жер тарихын, ескі ақындарын, шежіресін қосып сұлулық пен рухани байлық үйлесімділігін жыр етеді. Ақын Оқжетпес, Жеке батыр, Бурабай атаулары жөнінде аңызды ел, жер тарихымен бірге береді. Ақын табиғат сұлулығына адамдар сұлулығын, жер, ел тарихының терең тамырын көркем бейнелер жан дүниесінің ізгілігіне сәйкестендіріп, Көкшенің қадір – қасиетін жерімен, онда тіршілік еткен елімен бірге жырлайды.
Ақынның әйгілі «Көкшетау» поэмасы қазақ жерінің ең бір көркем, сәулетті өңірінің естен кетпес мынандай керемет сұлу суреттерінен басталады:
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан – жақтан ертелі – кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен – сауын…
Мен бұл өлең шумақтарынан онда суреттелген мөлдіреген күміс айнадай сексен көлдің аясында, көк мұнарға оранып, көшкен бұлттармен есен – амандық сұрасып, сұлу жүзін әлсін – әлсін ақ жауынмен жуып, нұр жайнаған кербез ару Көкшетау табиғатының көріністерін өз көзімен көріп, жұпар ауасымен рахаттана тыныстап, қалың қарағай, ақ қайыңдарының сыбдырын өз құлағымен естіп тұрғандай әсер аламын.
Поэмадағы лирикалық кейіпкер – Көкшетау. Барлық оқиға «Оқжетпес», «Жұмбақтас», «Жеке батыр» айқын суреттеліп, Көкшетау образын ашып, күшейте түсуге жәрдем береді.
Сыршыл да ойшыл ақын, сұлулық жыршысы табиғатты онда мекендеген адамның көңіл күйімен, жасампаз еңбегімен байланыстыра жан бітіре суреттейді.Сәкен Көкше аңыздарының ішінен Жеке батыр, Бурабай, Оқжетпес, Жұмбақтас туралы әңгімелерді бөліп алды.
Сәкен ақын жырлаған Көкше. Көркіне көз тоймайды. Сұлулығына сұқтанасың. Туған еліңде осындай жер жаннатының барына шүкіршілік етесің. Көкше өңірі демалуға барған бір топ ақын – жазушыларды осылай бауырына тартты. Тылсым табиғаты құпия сырларына үңілтті. Өңірдің шырайы – шежіре, әр тасы – тарих, айшықты жері – аңыз…
«Жеке батыр» тауының аты қарауылда тұрған батырдың қалғып кетуімен байланысты туса, «Бурабай» сол көлді мекен еткен ақ бас бура тарихымен байланыстырылады. Ақынның ескі аңыз-әңгімелерге сын көзімен қарап, оған халықтық тұрғыдан баға бере білгенін осы тұста анық байқауға болады. Сәкен жырлауындағы ел аңызында Бурабай көлін мекендеген ақбас бура — ардақты ел күзетшісі, соның жақсылық, жаманшылығына ортақ жануар болып суреттеледі. Мұның өзі тіршілігі төрт түлік малмен байланысты болған халықтың сол малды аруақты деп табынуы кезіндегі ұғымның әсері болуы ықтимал. Ақ бура ел өміріне қатысы бар елеулі жайларды алдын ала сезетін болған деседі. Оны елге білдіруге тырысып, бақсыдай азынап тауды кезген.
Осындай ел аңызындағы қасиетті бура бір күні ойда жоқта оққа ұшады. Бұл тұста ақын казақ хандарының озбырлық қылықтарын батыл әшкерелейді. Әсіресе, халықтың қас жауы Қасым төре Абылайұлының ел қасиеттеген, оның досы болған бураға оқ атуын ызамен жырлайды.
Қасым — Абылай балаларының ішіндегі тентек, бас-бұзар болғаны тарихтан белгілі. Орта жүз қазақтары өз еркімен Россияға қосылған кезде Қасым бөлініп, өзінің хандық монархтық дәрежесін сақтауды көздеген. Ол және оның балалары Россияға қарсы феодалдық-монархиялық көтерілісті бастаушы болған.
Сәкен пайдаланған аңыздарда Қасым бейнесі осы тарихи шыңдық негізінде сақталады. Ақын оның өзін «жасынан сотқарлығы басым төре» десе, қасындағы адамдарын көрінгенге «соқтыққан өңкей сотқар, жалаң-жалаң» еткен тентектер етіп суреттейді.
Қасымның ақбас бураны атуы арқылы автор қанқұмар ханның халыққа қарсылығын тағы бір аңдатады. Оның халықтың киелі тұтатын, қадірлейтін бурасын атуы — осының дәлелі. Екінші жағынан аңыз Қасым тұқымының тозып кетуін халық қарғысынан деп түсіндіреді. Қарғыстың келуі жөніндегі діни ұғымның шеңберінде қалмағанмен, ақын бұл арқылы халықтың да ханға деген көзқарасын танытады. Ал, атылған ақбас бура мәңгі тас боп қатып, шөгіп қалған. Бурабай жөніндегі аңыздың қорытындысы осы.
«Оқжетпес», «Жұмбақтас» аңыздары — Сәкен поэмасының негізгі тараулары. Ақын сол дәуірдің шындығын, ондағы таптық қарым-қатынастарды, ұнамды-ұнамсыз адамдар образдарын да осы тарауларда ашады. Бұл аңыздардың негізі — қазақ пен қалмақтар арасындағы ерте кездегі жауласушылықтың оқиғалары болып табылады. Қазақ ханы Абылайдың қалмақты жаулауын көрсететін бір эпизодты баяндай отырып, автор сол арқылы хандар ісіне халықтық көзқарасты баяндайды.
Сәкен көрші отырған екі ел — қазақ пен қалмақтың ұзақ жылдар жауласып келуінің негізі де хандық құрылыспен, оның басында отырған феодалдардың мүддесімен байланысты деген қорытынды жасайды. Олар халықтың надандығын пайдаланып, сотқарлык қылықтарын іске асырған. Момын, бейбіт екі халықты біріне бірін жау етіп көрсеткен.
Сәкен де поэмасында Кенесарының хандық тәртібінің ата салтқа кұрылғанын жазады. «Кенесары үңгірі» аталатын тарауда ол Кенесарының Абылайдың басқа балаларымен жауласушылық қаныпезерлігіне көңіл ау-дарады.
«Көкшетау» поэмасының негізгі геройларының бірі — осы шапқыншылықта қолға түскен қалмақ кызы. Автор оның аты-жөнін атамайды. Абылай қолға түскен олжаны бөліске салғанда осы қыз үшін хан мен оның сарбаздары арасында талас туады. Бәрі де кызды алудан дәмелі болады. Сұлу кызды ел тонаушылар біріне бірі қимай, ақыры таңдауды қыздың өзіне береді.
Қыз ақылдылығы кімге тиюді таңдау өзіне берілген кезде байқалады. Ол көл жағасындағы биік шыңның басына орамал байлатып, кімде-кім соны атып түсірсе, соған тимек ойын білдіреді.Дұшпан қолындағы қыздың кысылған шақта ескерткіш орамалын ұсынуы сүйген жарын еске түсірумен бірге, екінші бір жайды тағы аңғартады. Орамал атып түсірілсе, елдегі жардан үміт үзу мүмкіндігі туатынын, егер оған оқ жетпей калса, жар мерейі үстем де жоғары сақталатынын қыз ескерген де тәрізді. Туған жерде өткен жас өмірдің қызықты күндері, сүйген жарымен қызықты кездесулер осы шақта кез алдынан сағымдай бұлдырап өтуі, оған ақынның назар аударуы адал махаббатты құрметтейтін гуманистік сезімді қозғамай қалмайды.Қыз бақытына қарай, Абылай «батырларының» бірде-бірі шың басына оғын жеткізе алмайды. Шыңның «Оқжетпес» атануы да осыдан дейді ақын. Тұтқын кыз амалсыз жаңа шарт қоюға мәжбүр болады. «Ер кезегі үшке дейін» деп, ол екінші шарт етіп күш сынасуды (төрт адамды арқалап мың қадам жүгіру) ұсынса, үшінші жолы өз өмірін жұмбақтап айтып, соны шешуді сұрайды. Ханның ақылсыз даңғой батырлары тек қара-күштің ғана иесі екенін ақын осы тұста бір аңғартып етеді. Төқт адамды арқалап мың кадам жүгіру арқылы күш сынасу кезінде олар бірінен-бірі оза алмайды. Бәйгіге түскен қырық адамның сегізі қыз тұрған тасқа қатар жетеді. Қайта талас туады. Енді қыз жұмбағы айтылады.
Қыз жұмбағы — халықтың ауыз әдебиетінде кеп ұшырасатын дәстүрлі жұмбақ. Ол өз басынан кешкен жайларды жұмбақтайды. Өзі және әңгімеге қатысы бар адамдар онда әртүрлі құстар түрінде бейнеленеді. Мысалы, ол өзін кептер етіп көрсетсе, қиянатшыл адамдарды қарақұс, жапалақ күйінде, лашын— елдің қамқор адамдары, сұңқар — өзінің сүйген жары, жыртқыш бүркіт — хан бейнесінде суреттеледі. Қыз тек өзін ғана емес, момын жыртқыштардан көп зәбір шегетін кептерге бүкіл әйел қауымын балайды.
Осындай кептердің бірі — өзінің анасы болғанын айтады қыз. Төрт шақа балапанын өз еңбегімен жем тауып асырап жүрген, олар үшін рақат пен тыныштықтан безген ғазиз анасы — кептерді бір күні ұясына келе берген кезде қарақұс бас салып ұстап алады. Ол үлкен кептерді де, оның жас сәби балаларын да «дөп келдің шабытыма» деп мазақ етпек болады. «Құлашы сұңқардың да жетпей жүрген талайды тыпырлатып жұлдым» деп мақтанады. Қолға түскен ана мен шырылдаған жас балаларды бұл залымның қолынан лашын құтқарады. Қыз лашынды ел бағушысы, елдің камқоры етіп көрсетеді. Ол еңбегіне ештеме дәметпейтінін, тек мүсәпірлерді аяп келіп, жауын өлтіргенін айтады. Лашынның ерлігіне риза болған ана жас кептердің бірін ал, жар бол деп жалынады.
Осымен біраз жыл өтеді… Жас кептерлер қанаты қатып өседі. Әсіресе төрт балапанның үлкені (қыздың өзі) мейлінше көркем болып ержетеді. Ақын мұны сұлулықтын символы ретінде әсем суреттейді. Ол лашынды күтеді. Қыздың сертке беріктігі сүйген жарымен кездесу кезінде аңғарылады. Сүйген жарына (сұңқарға) ол мойнында қарыз барын айтып, жас кезінде бұларды лашынның ерлікпен елімнен құтқарғанын әңгімелейді. Сұңқардың рұқсатымен ол лашынды өзі іздеуге шығады. Түнде ұшқан кептер байғұсты жапалақтар ұстап ап әуреге салады. Кептер бар өмірінің шындығын айтып бұларға да жалынады. Ақыры жапалақтар кептер жайын түсініп, оны босатады да, лашын ұясына дейін жеткізіп салады.
Кептердің өзі іздеп келгеніне риза болған лашын оның басына азаттық береді де, еліне қайтарады. Сұңқардың, жолда кездескен үш жапалақтың ерлігіне сүйсінген ла-шын құс та езінің ер мінезділігін, жомарттығын дәлел-дейді.Бұдан кейін қыз кептердің сұңқарға жете алмай бүркіттің тырнағына ілініп қалғандығын айтады. Қыз жұмбақтаған бүркіт—Абылай хан. Қыз оны нағыз тау бүркіті — қыран етіп бейнелемейді. Жем үшін бейбіт жатқан тоғайдың жәндіктерін қырған, орман ішін у-шуға толтырып зарлатқан озбыр етіп көрсетеді.
Қыз жұмбағын, оның кай құстың ерлігі артық деген сұрағын Сәкен поэмасында хан тобыры тағы да шеше алмайды. Қыз шарттары арқылы ақын Абылай маңындағы адамдардың тек даңғойлық даңққа ғана мас боп жүрген ақылсыз, топас жандар екенін толығырақ аша түседі. Олардың ішінен не мергендікпен, не тапқырлык-пен кезге түсер адам табылмайды. Хан өзі де ондай касиеттерден жұрдай. Шың басындағы орамалды атып түсіре алмаған соң хан қызға ендігі шартың қолдан келмес іс болмасын деп ескертеді. Тұтқын кыз шартына хан басымен қол сұғуы да — оның ер емес екендігінің бір айғағы. Ақын оларды жемтікке үймелеген топас жыртқыштар дейді.
Бұл айтылғандар да Сәкеннің бүкіл поэманың рухын хан мен оның қатыгез әдет-салттарын әшкерелеуге құрғандығын көрсетеді.
Ақынның халықтық позициясы тек қыз басындагы мұңға халықтық тұрғыдан ортақтаса білуі ғана емес, оны осы тордан құтқарар халық өкілін де суреттеп көрсете алуымен байланысты. Ең соңында қазақ батыры Адақ қана қыз сынынан өтіп, оның жұмбағын шешеді. Оқжетпес үстіндегі аққу ілген бүркітті атып түсіреді, оның басындағы қыз орамалына оқ тигізеді. Өзінің үлесіне тиген қызды Адақ рұқсат беріп, еліне қайтарады. Бұл арқылы автор зорлық пен қара күшті жеңген әділдікті, ақылдылықты паш етеді.
Жасынан бай жылқысын баққан, бірақ оның қорлығына шыдамай белгісіз бір себептермен Абылайға ерген халық өкілі Адақ поэмада кең пейілді, адал, ержүрек, қайырымы мол адам болып суреттеледі. Ақын оның ұнамды портретін жасайды.
«Бүлінген елден бүлдіргі алма» деген өз елінің салтын берік ұстаған Адақ әуелден қызды олжа етпек болғандардың ешқайсысына да араласпайды. Ол Оқжетпес басындағы орамалды атып түсіруден бой тартады. Тек қыз жұмбағы арқылы оның мұңын түсініп, қыз басына азаттық алып беру ниетімен ғана оның шарттарын орындайды.
Қыз жұмбағын шешер алдында Адақтың ханға шарт қоюы да оның тартысты бейбіт жолмен шешуге жасаған талабы еді.
-Жұмбақты сонда ғана шешіп көрем,
Қыз сезін шайпау болса, кешер болсаң,—дейді ол ханға.
Поэманың осы тұсында көңіл аударарлық бір эпизод бар. Абылай Адақ шартына «кешірем» деп уәде берген шақта айдын көлде еркін жүзіп, сайрандаған екі аққуға бүркіт түсіп, бір балапанын алып кетеді. Ол тура Оқ-жетпес шыңына қарай шарықтайды. Көл басындағы у-шуға бүкіл Абылай қолы назар аударады. Хан мен оның қанішер нөкерлерін осы уақиғаның куәсі ете отырып, мұны ақын әлсізге әлдінің жасаған зорлығының бір көрінісі есебінде бейнелейді. Ол балапанын жоқтап сыңқылдаған жұбай аққу үнінен баласын іздеген туған әке-шешенің зарын естиді. Осы көрініс кейбіреулерді жабырқатып, санасына аяныш сезімін кіргізеді.
Жыртқыш бүркітті Оқжетпес басына жете берген шақта Адақ атып түсіреді. Бұл эпизод арқылы автор қалмақ елін шапқанға жауды жеңдік деп құр даурықпалық жасаған, өздерінің айуандық қылығына мән бермеген Абылай мен оның жендеттеріне анадан баланы айыру сезімі қалай болатынын әдейі керсеткен.Бұрын шың басына оқ жеткізіп көрмеген ханның қолы бұған қайран қалады. Бұдан кейін Адақ орамалды атып түсіреді. Қыз жұмбағын түгел шешеді. Сөйтіп ол өз олжасына тиген қыздың басына азаттық береді. Адақ-тың азаматтық ісіне қыз қатты риза болады.
Бұдан қыздың шарттарының бәрі азаттық алуға жасалған талап екенін көреміз. Ол шарттарды орындап, қызды әйелдікке аламыз деп хан әскерлері даурыққанмен, қыз оларға тию туралы ойламаған да. Ол олжаға түсер болса, құздан суға құлап өлуді ойлаған.Адақ та Абылай ісіне сын көзімен қарайды. Қыз жұмбағындағы момындарды жеп жүрген бүркіт — хан екенін шеше отырып, ол:
Жазықсыз қалмақпенен жауласамыз,
Аянбай адша кырып ауласамыз.
Қалмақ та ел өзіміздей деген болса —
Теңгермей бойымызға дауласамыз,—деп мойындайды. Осы үзіндіде ақын халықтар достығын мадақтайтын интернационализм идеясын көтереді.
Ақын Абылайдың қыздың азаттық алуына риза болмай қалғанын, бірақ уәдеден аса алмағанын жазады. Сөйтіп поэманың өзекті оқиғасы — «Оқжетпес», «Жұм-бақтас» есімдеріне байланысты әңгіме жауыздықты әділ-діктің жеңуімен тынады.
Сәкен поэмасының композициялық жағы шашыранды, жинақы емес екенін мойындау керек. Ол тұас бір жүйелі сюжетпен дамымайды, бөлек-бөлек уақиғалар тізбегінен тұады. Олар— Көкшетаудағы жер аттарына байланысты аңыздар. «Жеке батыр», «Бурабай», «Оқжетпес», «Жұмбақтас» туралы жоғарыда айтылған әңгімелер осыны дәлелдейді.
Поэманы оқып отырғанда Сәкеннің негізгі ойы — Көкшенің көркем табиғатын жырлау болғандығын байқау қиын емес. Ол кандай уақиғаны әңгімелесе де Көкшетаудың табиғат байлығымен, көлінің, тауының әсем көріністерімен байланыстырып, соған меңзей отырады.
М. Қаратаев «Көкшетау» поэмасын Сәкеннің «жарқын, колоритті, ең бір шабытты шығармасы» деп атады. Ол «Мұнда ақын туған жердің сәнді көркін, Көкшенің тауы мен оның айнадай мөлдір көлдерінің керемет сұ-лулығын зор шеберлікпен аса көркем суреттейді» деп жазады.
Шынында да «Көкшетау» поэмасындағы Сәкеннің қолы жеткен ең басты табысы — табиғаттың сұлу керкін ерекше ақындық шабытпен әсерлі суреттеуінде. Және автор оны уақиғамен шебер байланыстырады. Көкшетау көрінісі мен ол туралы ақын әсері поэманың тек басында ғана емес, өнебойына еркін сіңісіп, сюжетпен органикалық байланыста беріледі. Тіл көркемдігі, суреттеу шеберлігі әрбір жарқын көріністе анық бой тастап, ойқастап отырады.
«Көкшетау» поэмасы реалистік стильде жазылған. Оның тілі бай, образды, бояуы көркем екені айтылды. Кезінде әртүрлі сын болғанына қарамастан, поэма ең әділ төреші — өмірдің ең сынынан өтті. Сәкен мұнда өткен дәуірлердің ұнамсыз сыпаттарына, қатыгез хандардың озбырлықтарына әділ үкім айтты. Социалистік заманның мылқау табиғатты да жаңартып жатқанын да көрді. Сондықтан «Кекшетау» біздің мәдени мұрамызға жаңа дәуір тудырған тамаша туындылардың бірі болып кірді.Поэманың орыс тіліне аударылып, кезінде орталык, баспасөз бетінде ұнамды бағалануы да осының бір дәлелі.
Достарыңызбен бөлісу: |