Сәкен Сейфуллин туралы ой пікірлер.
Тұла бойы тұнып тұрған ақындық еді, қара тырнағына шейін ақындық үшін жаратылған. Сәкен қазақ совет әдебиетінің негізін бірден-бір қалаушы, көшбасшысы болды. Тарих оған жүктеген міндетті ешқайсымыз атқарған жоқпыз. Тарихқа зорлық жүрмейді.
Ғабит Мүсірепов
«Өлімге жан екенсің қия алмайтын,
Өлеңнің құшағына сыя алмайтын.
«Қазақты көргің келсе, міне, осы деп» деп,
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын».
Сырбай Мәуленов
Сәкенді қызылдар жағында, ал біздерді «орда» жағында болды демесеңдер, Сәкен бізден гөрі әлдеқайда ұлтшыл еді.
Әлімхан Ермеков
«Жырламасқа теңіздей,
Қуаныштың шегі жоқ.
Ардақталған өзіңдей,
Қазақта ақын тегі жоқ».
Ілияс Жансүгіров
Сәкен еңбегіне сыншы да, тарихшы да емес, жай қатардағы оқушы есебінде көз жіберсек, өзгеде жоқ екі түрлі қасиеті басымдап айқындала шығады. Мұның біріншісі – жалтағы жоқ шыншылдығы, екіншісі – ақындық тәкаппарлығы.
Мұхтар Әуезов
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қирабаев С. «Сәкен Сейфуллин». Алматы – 1962
«Қазақ әдебиеті» оқулығы-10 сынып, Алматы «Мектеп»
Кәкен А. Сәкен Сейфуллин. Астана- «Фолиант»
«Сәкен Сейфуллин»-Астана, «Фолиант» - 2015
https://adebiportal.kz/kz/authors/view/786
https://abai.kz/post/40978
https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/33298/
https://ikaz.info/saken-sejfullin-omiri-men-shygarmashyly-y/
Достарыңызбен бөлісу: |