Реферат Тақырыбы: Салалас сөйлемдердің салыстырылымы Орындаған: Құлжанова Жұлдыз Топ: Фи-20-1к1



бет2/3
Дата07.06.2023
өлшемі38,89 Kb.
#99355
түріРеферат
1   2   3
2. Салалас құрмалас сөйлем
Салалас құрмалас қарақалпақ тілінде дизбекли қоспа гап, қырғыз тілінде багынычсыз татаал сүйлөм, өзбек тілінде боғланган қушма гап, ұйғыр тіліңде бағланған қошма жумилиләр, түрікмен тілінде дүзмели гошма сөзлем деп аталады. Мысалдар: Кеп-кең ордан аттың қалай ырғып кеткенін, Әбдірахман көз тоқтатып қарап байқаған да жоқ, байқауға щамасы да келмеди (X. Есенжанов.) Шекер осы аз күннің өзінде-ақ бұл үйдің өз адамындай болып кеткен, сондықтан оның айткан сөзіне Сәуле сүйсінді. (Ә. Әбішев.) Ол неше түрлі қызық әңгімелерді маған айтады, мен аузымның суы құрып тыңдаймын. (С. Мүқа-нов.) Жараланған жайларымды анама жұқалап қана жазып жіберіп ем, бірақ Ақбота оп-оңай бетін ашыпты. (Ғ. Мүсірепов.) — «Қазіргі қазақ тілінен».
Қызыл Армия мени гана өлүмдөн куткарган жок, бүтүн туткундагы элимди түбөлүккө куткарды. (А. Токомбаев.) Айлананы туман каптап турат, ары күн суук (К. Жантөшев.)— Қырғ.
(Дамон чопиб боради ва лекин кукраги қон. (Қ. Олимжон.) Сиз кетинг бу махалладан, ё биз қучиб кетамиз. (А. Қа^ор.) — Өзб.
Қазақ, қырғыз, өзбек тілдерінен келтірілген мысалдарды салыстырып қарасақ, салалас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен тең мағынада байланысып тұрғанын көреміз. Бірсыпыра мысалдарда жай сөйлемдердің арасы жалғаулықтар арқылы (сондықтан, бірақ, ары, да, ошондай, болса да, ва, ё) қалғандарында —жалғаулықсыз тек қана мағыналарының жақыдығы пікірдің ізбе-ізділігімен байланысып, бірі екіншісін толықтырып тұр.
Түркі тілдерде салалас құрмалас кұрамына енген жай сөйлемдер бір-бірімен мағына жақындығымен қатар лерсика-грамматикалық, интонациялық тәсілдер арқылы байланысады.


3 Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем
Көпшілік түркі тілдерде — жай сөйлемдердің жалғаулықсыз, іргелесе кұрмаласуы және жалғаулықтар арқылы кұрмаласуы деп екіге бөледі де, жалғаулықты салалас, жалғаулықсыз салалас деп қаралады.
Қазақ тілінде салалас құрмалас сөйлемдер жалғаулықтың ыңғайына қарап, мезгілдес мәнді салалас, қарсылық мәнді салалас, себептес салалас, жалғаулы салалас, кезектес салалас болып бөлінеді. Басқа да салыстырылған түркі тілдерде салалас сөйлемдердің жалғаулықтары оның байланысу тәсілдері негізінен бір-біріне ұқсайды.
Өзбек, Қазақ тілдерін салыстырайық: жон синглим, идорага бориб шу хатни Журовой акага берда, узинг ғириллаб орқаға қайт. («Қоз. зам. узб. тили».) — Өзб.
Сіңліжан, кеңсеге барып осы хатты Жорабай ағайға бер де, өзің тез арқаңа қайт.— Қаз.
Курбоши қаттиқ жеркиб полвонни гапдан тухтатмоқчи булди, бироқ полвон даөом этди. (А. Қодирий.) — Өзб.
Құрбаш қатты жекіріп палуанды сөзден тоқтатпақшы болды, бірақ палуан сөйлей берді.— Қаз.
Қырғыз, қазақ тілдерін салыстырайық:
Ата-энелериң ким жана бул чыңдалган жерге эмне үчүн келдиң? (В. Катаев.) — Қырғ.
Әке-шешелерің кім және бұл қиын жерге не үшін келдің? — Қаз.
Жакшы эле айтайын деди, бирок андан башка айтарга сөз таба албады. (Н. Байтемиров.) — Қырғ.
Жақсы, онда айтайын деді, бірақ онан басқа айтуға сөз таба алмады.— Қаз.
Түрікмен, қазақ тілдерін салыстырайық:
…Жүбүсиндәки паспорт билен сегсен манат пулы столуң үсүтүне гойды да, Гулмырат ага дил какды, ваканың аныгына етеси гелди. (Г. Сейитмәдов.) — Түрікм.
Қалтасындағы паспорт пен сексен сом ақшаны столдың үстіне қойды да, Гүлмырат ағай сөйлесіп, оқиғаның анығына жеткісі келді.— Қаз.
Салыстырылған тілдерде жай сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулықтар дамыған, өзгерген, басқа тілдерден келіп кірген, сөйтіп, бір тіл екінші тілге қарағанда, өзіндік кейбір өзгерістерге ие болған. Кейбір жалғаулықтардың функциясы кеңейіп, қол-данылу сферасы өзгеріп ге кеткендігі байқалады. Бұл бір тілді екінші тілмен салыстырғанда байқалады.
Өзбек тілінде ва, лекин, аммо, эса, ё, гох, на-на, у, ку, фақат, хатто т. б. жалғаулықтар қолданылады. Мысалдар: Бола нон двб йиғлар, касал хотин эса безгакнинг шиддатидан тол баргидай титрарди. (С. Айний.)
Түрікмен тілінде — эмма, йөне, велин, кә, ве, эсасан, я-да т. б. жалғаулықтары қолданылады.
Мысалдар: Менөйүмиге барярдым вели, сени гөрдүм-де, дурубердим. Мекдебе биле гайдардык, эмма маңа ййтман гайдыберипсиң. Не сиз гитдиңиз, не-де биз окап билдик. («Хәзирки түркмен дили».)
Бұл өзбек, түрікмен тілдерінен келтірілген мысалдардағы жалғаулықтар жай сөйлемдерді байланыстырып қана қоймай, олардың мағынасына да тікелей қатынасы бар екендігі сөзсіз. Бұл жалғаулықтар сол тілге тән болса да, қыпшак группасына кіретін тілдерде қолданылмайды, бірақ олардың функциясы басқа жалғаулықтар арқылы беріледі. Өйткені келтірілген мысалдардағы сөйлемдер қазақ, қарақалпақ, қырғыз тілдерінде қолданылуы сөзсіз. Қазақ тілінде өзбекше «эса» — болса, аммо —бірақ, ва — және, лекин — бірақ, көмекшілері арқылы беруге болады. Сол сияқты түрікмен тіліндегі вели — бірақ, да — де; эмма — бірақ, дегенмен, сонда да, сөйтсе де сияқты қарсылықты білдіретін жалғаулықтармен берілуі мүмкін.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет