Реферат Тақырыбы: Салалас сөйлемдердің салыстырылымы Орындаған: Құлжанова Жұлдыз Топ: Фи-20-1к1


Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем



бет3/3
Дата07.06.2023
өлшемі38,89 Kb.
#99355
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Кулжанова Жулдыз Фи-20-1к1

Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем

Құрмалас салалас сөйлемнің құрамына енген жай сәйлемдер бір-бірімен ешқандай жалғаулықсыз, іргелесе байланысады. Осыған қарамастан, жалғаулықсыз салаластар жөнінде кейбір қайшы пікірлер де кездеседі. Осылардан бір-біріне қайшы келетін екі пікірді атап өтеміз де, тіл фактілеріне сүйене отырып, салалас құрмалас сейлемнің талабына жауап беретін көзқарастың дұрыс екендігін мақұлдаймыз.


Салыстырылған тілдердің барлығында да салалас құрмаластарды жалғаулықты, жалғаулықсыз деп екіге бөледі.
«Қазак тілінің грамматикасы» жалғаулықсыз салаластарды байланыстырып тұратын төмендегі амал-тәсілдерді көрсетеді:
1)жай сөйлемдермағыналарының бір-біріне байланысты, іліктес, сабақтас болып келуі арқылы;
2)интонация тұтастығы арқылы;
3) компоненттердің бәріне қатысты, бәріне ортақ бір сөздің (мүшенің) болуы арқылы;
4)компоненттердің бірбастауышқаортақтасыпкелуі арқылы;
5)белгілі бір сөздің компонент сайын қайталанып айтылуы арқылы;.
6)бірінші компоненттегі бір сөздің екінші компонентте есімдік түрінде қайталануы арқылы;
7)компонентбаяндауыштарықызметіндегіетістіктердің жақтық, шақтық жағынан бірыңғай болып келуі арқылы» ‘.
Ал өзбек тілінің грамматикаларында, басқа да құрмалас сөйлемдер бойынша дербес монографиялық зерттеулерде «боғловчисиз боғланған кушма гаплар» құрамына енген жай сөйлемдердің, біріншісінің баяндауышы көсемшеден, есімшеден немесе есім сөздерден болып, екінші жай сөйлемнен байланысатындығын көрсетеді. Осымен қатар, бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз болуына қарамастан, оның басыңқы сейлемге бағын-байтындығын дәлелдейді. Көсемше бір сөйлемді екінші сөйлеммен байланыстыратын грамматикалық тәсіл бола алмайды. Сондықтан да көсемшелерге біткен бірінші сөйлемнің баяндауышы жалғаулықсыз байланысқан салалас құрмалас қатарына жатады деп көрсетеді. Осымен қатар баяндауышы көсемшеге біткен бірінші жай сөйлемнің екінші жай сөйлеммен мезгілдік, себептік қатынаста болатындығы көрсетіледі.
Жалғаулықсыз салалас құрмаластарға қазақ, өзбек тілдерінен келтірілген мысалдарды салыстырайық.
Ол басқа айғырға қарай ұмтыла түсіп еді, Бақы тізгінге жармаса кетті. (Есенжанов.) Әңгімемен көмір-көбірек салынып кетсе керек, тозған арба таяқ тастам жер шыға шоңқайып қалды. (Мұстафин.)— «Қазақ тілінің грамматикасынан».
Онда-сонда аравалар ғижирлаб, «пушт-пушт» деган товушлар, қичқириқлар эшитилди. (Ойбек.) Шу ерда оломон иккига булинип, неча хисса купаййшиб кечгача ур-йиқит булибди. (А. Қоххор.)
Бұл екі тілден келтірілген мысалдардан көрінгендей-ақ, қазақ тіліндегі жалғаулықсыз байланысқан жай сөйлемдер бір-бірімен ешбір жалғаулықсыз, тең мағынада іргелесе байланысқан, бірінші сөйлемде өзінің мағынасы және тұлғасына қарай тәуелсіздігін сақтаған. Ал өзбек тілінде жай сөйлемдердің біріншісінің баяндауышы көсемшеге бітіп, екінші жай сөйлемге байланысқан. Бірінші сөйлем баяндауышының бұндай тиянақсыздығы, тап осындай формадағы болып келген бағыныңқы сөйлеммен шатастыруға алып келеді. Осы еңбектің сабақтас сөйлем деген бөлімінде бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы көсемшеден жасалуынамынадай мысалкелтірілген: Бу ерда эканингизин эшитиб, кузимга хеч нима куринмади… (Ойбек.) Біз салалас пен сабақтаста келген көсемшелі баяндауыштың мағына жағынан өзгешелігін есепке алмасақ та, тұлғаларының ұқсастығы көсемше баяндауыш арқылы бірде салалас, бірде сабақтас сөй-лемдердің байланысуы біраз практикалық жақтан да қолайсыздық тудырады. Оның үстіне салалас құрмалас сөйлемдер үшін бірінші сөйлемнің тиянақсыз тұлғалы болып келуі өзбек тілінің табиғатынан келіп шықпағандығы байқалады. Мысалдар келтірейік:
Кумушбиби бошловчи қизлар билан уйга кирди, уидан таралган атир ислари билан уй тулди. (А. Қодирий.)
Демек, қазақ тіліндегі сияқты жалғаусыз-ақ байланысатын құрмалас салаластар өзбек тіліне де тән екендігі күмән тудырмайды.
Салалас құрмаластардағы жай сөйлемдер жалғаусыз-ақ өз тәуелдігін сақтап байланысатындығын басқа тілдерден де көруге болады.
Қырғыз тілінен мысалдар: Аларга сен алтын бергениң жок, сен күмүш бергениң жок, сен алтын менен күмүштөн кымбат сөзүңдү бердиң. (Н. Байтемиров.)
(К. Жантөшев.)
Түрікмен тілінен мысалдар: Алтмыш башлы ала гарлы даглардан, Думан гечер, ямгыр ягар, сил галмаз. (Магтымгулы)


Қорытынды
Қорыта айтқанда, түркі тілдердің қай-қайсысында болмасын, жалғаулықсыз салалас сөйлемдер өздерінің мағынасы мен тұлғасы бойынша ұқсас, жалпылық қасиеттерге ие. Жалпы алғанда, жалғаулықты байланысудан гөрі жалғаулықсыз салаласа байланысқан құрмалас сөйлемдер, оның мағыналық түрлері де бір-біріне өте ұқсас екендігі сезіледі.

Пайдаланылған әдебиет

  1. https://stud.baribar.kz/13583/salalas-qurmalas-soeylem/

  2. Интернет көзі

  3. Білімділер порталы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет