Реферат тақырыбы: Салауатты өмір салтының негіздері Орындаған: Рысқұлбек Асылжан фек-102 п/я Қабылдаған: Рысбек Қастер



бет11/15
Дата06.01.2022
өлшемі54,23 Kb.
#13341
түріРеферат
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Рысқұлбек Асылжан

Қорыта айтқанда, оқушылардың дене тәрбиесінің нәтижесін арттыруда оқу және сыныптан, мектептен тыс жұмыстарының көптеген құралдары мен амал тәсілдерін  кеңінен пайдалану ықпалын оның педагогикалық міндеттерін іс жүзінде шешуге ықпалы және мүмкіншілігі зор.
II-тарау. Оқушылар арасында «Салауатты өмір салтын» қалыптастыру.

 

 



2.1. Психалогиялық саулық пен тән саулығы туралы кейбір мәліметтер.

    Денсаулық- физикалық, психологиялық  және әлеуметтік болып үшке бөлінеді. Организмде денсаулықтың осы аталған түрлері бір-бірімен тығыз байланысты болады.

«Салауатты өмір салты» деген ұғым тек үстіртін көз қарасқа ғана жай дүние болып көрінуі мүмкін. Тән- тамақты шамалап жесең, барынша еңбектенсең, уақтында дем алсаң болғаны дегендей ұғымды білдіреді.  Бірақ істеген ісіңнің, еңбек тәртібін сақтаудың  мейлінше пайдалы болуы үшін әркімнің психалогиялық ерекшеліктерінің де әсері зор екенін ескерген жөн. Тек психалогиясы сау адам ауруду болдырмауды, ауырған күнде қайтсе де одан арылуды мақсат етеді. Адамның ақыл-ойы, оның істеген ісіне, жұмыскерлігіне әсер еттетіні,  керісінше бір жері қатты ауыратын болса, ол адам тынышсызданатыны, мінез-құлқының  өзгеретіні де белгілі. Тіпті біреулер аурушаң келетін болса, екіншілері ауруы болмаса да ауруының барлығына өзін-өзі сендіріп,дәрігердің  абайламай айтқан  сөзіне сеніп,өзінше жобалап, мазасызданып жоқ ауруды өзіне бар дейтіндер де аз емес. Мұндай ауруларды медицинада ятрогендік (сендіруден болатын) ауру деп атайды. Кейде ауру күйзеліс жағдайды басынан кешірген немесе қатты ренжіген адамның ауыратыны да кездеседі. Осы айтылғанның бәрі  тән саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық саулықтың қажет екенін көрсетеді.

Ауруды жұбату, оның жүрегінде сауығамын деген сенім тудырады,  кейде бұл дәрі ұсынылғаннан да пайдалырақ болады. Психика аурудың үдеуіне, сондай-ақ аурудан жазылуына рухани жағдай жасайды, яғни психика күйзелістің туындау себебі немесе оған қарсы төтеп беретін күш де бола алады.

Бүкіл дүнйежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мағлұматтары бойынша  барлық аурулардың  45% күйзеліспен байланысты болмақ.  Сондықтан күйзелістің  тетік-тегершінін білу, оның мүмкіндіктерін және күйзеліс қақтығыстарының алдын алу, оның кеселді салдарынан сақ болу қажет.

 

 2.2. Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік-денсаулыққа қатер.



    Көп елдегі тұрғындардың залалды дағдыларға  деген бой алдырудың, мұның етек алып, кең таралуын бірқатар  ғалымдар және алдыңғы қатарлы әлеумет басқа келген ұлттық  «апат» деп таниды. Адамзат  үшін  бұл дегеніміз «заманарық» зілзаласымен бірдей.

Бұл бел алған көпшілік кемістігін  «өркениет ауруы» деп те атайды. Бірте-бірте осы дерт медициналық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік сипат алып келеді.



Дағды- бір не бірнеше қимылды әлденеше рет атқару қажеттілігінен туындайтын, сондай-ақ табиғатына таңылып қалатын мінездегі «автоматтандырылған элемент» осы. Динамикалық таптаурын істері туындайды, ми қыртысында кешенді шартты байланыстар, шартты рефлекстер тізбегі пайда болды.

Егер де осы шартты рефлекстер кешені адам үшін пайданы  діттесе және денсаулықты жетілдіруге бағыттаса, жақсы ғой, айталық:  таңғы гимнастикамен шұғылдану,  ұйқы алдында серуен құру, тамақтану тәртібін бақылау т.б.  Бұлар –пайдалы дағдылар, бірақ дағдылардың басқа да түрлері бар, оларды залалды деп атайды. Тұлға ретінде өмір бойы өз мүмкіндігін жүзеге асыруға кедергі болатын, не мүмкіндіктен ажыратып ада қылатын  дағдылар бар, оларды да залалды деп есептейді.

Адам денсаулығына оңдыртпайтын кесел келтіретіні айдай  әлемге мәлім дағдылар қатарына: темекі шегу, ішімдікке салыну, есірткіге және улы заттарға (токсикоманияға) бой алдыру жатады.

БДҰ сарапшылары «тәкелділік тудыратын» заттар терминалогиясын анықтаған.

А) алкогольді –барбитурат түріндегі (этил спирт, барбитураттар, седативті мепробиромат, хлоралгидрат және т.б.);

Б) амфетамин  түріндегі заттар (амфетамин, фенметразин т.б.);



  1. B) кокаин түріндегі заттар (кокаин және коко жапрақтары);

Г) каннабис түріндегі заттар (марихуана, гашиш);

Д) галлюцинаген түріндегі заттар (лизегид.-ЛСД, мескалин);

Е) ката түріндегі заттар (Catha ectulis fovsk);

Ж)апиын түріндегі заттар (морфии, героин, кодеин, метадон);

З) эфирлі ертінділер түріндегі заттар (толуол, ацетон және тетрахлорометан).

Жоғаррыда аталған дәрі дәрмектер (эфирлі ертінділерді есепке алмағанда) емдеу мақсатында пайдаланылады және және адам организмі бұларға бой алдыра бастайды-ослайша тәуелділік туындайды.

Сондай-ақ есірткі заттарына темекі де жатады, ол денсаулыққа зиян келтіретіні айдай анық, оған деген тәуелділік тудырады.

Есірткі заттарға деген тәуелділік тудырып, оны одан әрі ушықтыратын  факторлар қатарына мыналар жатады: Организмнің жекеленген ерекшеліктері, есірткі қолданғанан кейін болатын түйсінулерді қабылдау,  ортаның әлеуметтік, мәдени сипаты есірткі заттар әсерлерінің тетіктегершігі.

Қазіргі кезде есірткі заттар мен  улы заттар (токсикомония) проблемасы көкей кестілер тізбесінен көрінеді. Есірткіні бір ғана рет қабылдаған өзінде көңіл-күйді көтеріп (эйфория), дауаламайтын жерге апарып тастауы, тез арада жаның бей-берекетін алатын  үйірсектіктің қалыптасуының негізгі себептерінің бірі  болып табылады. Организмге есірткі заттарды енгізгеннен кейін  бет қызады, бүкіл денеге жылу таралуынан болатын жайлы бір сезім бой алады, тері жеңіл-желпі қышиды. Осыдан кейін-ақ пайда болатын жайбарақаттылыққа, тез өзгеріп құбыла бастайтын, түленіп түстенген елестер және қиял тектес әлем-жәлем дүние жетегіне алады. Есірткіге деген үйірсектік бірнеше апта ішінде-ақ біршама тез қалыптасады. Осыдан барып созылмалы «интоксикация» дамиды.

Алкоголь-  құрамында этил спирті бар ішімдіктер болып табылады. Алкоголь – «рахаттану орталығына» әсерін тигізеді, осындай сезім тудырып, адамдарды ұялу қасиеттерінен жұрдай етеді.

Әр түрлі ішімдіктердің спирттік мәні бірдей емес: сырада 3-6 %, шарапта-10-14 % , виски, арақ, бренди, ром, коняката- 40-50%  бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет