Реферат тақырыбы: Салауатты өмір салтының негіздері Орындаған: Рысқұлбек Асылжан фек-102 п/я Қабылдаған: Рысбек Қастер



бет12/15
Дата06.01.2022
өлшемі54,23 Kb.
#13341
түріРеферат
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Рысқұлбек Асылжан

Профилактика- бұл мемлекеттік, қоғамдық, элеуметтік, эканомикалық, медициналық, санитарлық, психалогиялық шаралардың бірегей кешенді жүйесі.

  1. Әіресе өскелең ұрпаққа есірткі заттарды алуға тосқауыл қою және бұларға деген сұанысты азайту.

  2. Залады дағдыларға деген үйірсектікке бой алдырайын деп жүрген тұлғадағы өзгерістер ертерек байқалғанда барынша психологиялық тосқауыл қоюға тырысу керек.

  3. Барлық бұхаралық ақпарат құралдарының мүмкін бұлар арналары арқылы жүйелі насихаттау (орталық теледидар, радио, баспасөз), бұл іске мамандарды араластыру және тәуелділіктен емделіп, құтылғандарды қатыстыру қажет.

  4. Жастар арасында өткізілетін медициналық, педагогикалық жұмысқа адам организіміне деген залал дағдылардың кеселін түсіндіру мәселесіне ерекше назар аудару керек.

Салауатты өмір салтын насихаттау ісі басымдылықтар қатарынан көрінуі керек. Залалды дағдылардың алдын алу ьақырыбына арналған әңгімелерде  Салауатты өмір салтын қалыптастыруды бала кезден бастау қажеттігіне басты көңіл бөлінуі қажет. Құлықсыз темекі тарту проблемасына жөні бөлек арнайы дәріс оқылуы ұсынылады.

Осындай жұмыстардың басқа елдердегі өтілуі тиімділігі жөнінде  де тілге тиек ету керек.

Әрине тек жаппай тыйым салумен табысқа жету мүмкі емес. Осыны есте сақтаған жөн. Салынған таптаурын осы деп үгіт насихат жұмысын «никотиннің бір тамшысы атты серейтеді» деген әпербақандықпен шектей қойсақ, темекі қораптары тысындағы көпшілік көзі түсетін  жазумен бітірсек, мақсатқа жетпеспіз. Темекі шегуді тастаңдар, арақ ішуді қойыңдар – деген салауатты ұрандар кері нәтижелерін алға тартатынын ұмытпаған дұрыс болар тегі!

“Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған.Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім- жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-53%-ы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20%-ы қоршаған ортаға (аймақтың экологиялық және климаттық-географиялық ерекшеліктеріне), 18-22%-ы тұқым қуалау себептеріне, біздің ден-саулығымыздың тек 8-10%-ы ғана денсаулық сақтау ұйымына тәуелді. Халықтың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.Атамыз қазақтың «Бірінші байлық - денсаулық», яки болмаса «Денсаулық - терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып барлық игіліктен жоғары санаған. Тағы да «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп жан мен тән саулығын қоршаған орта аясында дұрыс сақтап және нығайтуға түрлі пайдалы әрекеттер жасап отырған .

Жасырары жоқ, күні бүгінге дейін небір ғұлама ғалымдар, біліктілігі күшті дәрігерлер де «Денсаулық деген не?» деген сұраққа әлі толымды, тұшымды, дәл анықтама бере алмай келеді. Қолымызда тек ВОЗ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) қалыптастырған анықтама бар. Бұл бойынша Денсаулық - жан, тән және адамның әлеуметтік жағдайының қоңдылығы. Байқап отырсаңыз жан иесінің жалғыз анатомиялық дұрыс қалпына ғана емес, оның әлеуметтік жағдай-тұрпатына да ерекше мән берілген. Жуырда ғана өткен дәрігерлер мен провизорлардың съезінде сөйлеген сөзінде еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев: «Халықтың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп тағы да айрықша айқындап атап өтті. Сонымен қатар келешек атқарылатын істердің басты стратегиялық бағыттарын да көрсетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет