Тақырыбы: «Сенсорлық жүйелер. Сезім мүшелерінің гигиенасы. Анализаторлардың маңызы, жалпы құрылысы, ортақ қасиеттері»
Орындаған: Салық Балауса
Мамандық: Арнайы педагогика
Топ: 220-шы топ
Тексерген: Наурызбаева.Ж
Жоспар
Кіріспе
Сезім мүшелерінің құрылымы, қызметі, жіктелуі
Талдағыштардың ортақ қасиеттері
Негізгі бөлім
Көру талдағышының жас ерекшелігі
Дыбыс талдағышының жас ерекшелігі
Қорытынды
Дәм сезу, иіс сезу және тері анализаторлары. Олардың жас ерекшеліктері
Сенсорлық жүйе ( лат.organum sensuum, лат.organon — мүше, ағза; лат. sensuum — қабылдау, сезу) — ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар. Организмде жеті түрлі талдағыштар бар: көру, есту, иіс, тері, дәм, және висцеральды.
Әрбір анализатордың 3 бөлімін ажыратады:
Рецепторлық бөлім – сезгіш рецепторлардан тұрады. Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға айналдырады.
2. Өткізгіш бөлім рецепторда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып, ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден тұрады.
3. Талдағыштың қыртыс бөлімін ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтары құрады.
Талдағыштардың ортақ қасиеттері: Талдағыштардың рецепторлары өзіне ғана тән тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Ондай тітіркендіргіштерді адекватты тітіркендіргіш деп атайды.
Талдағыштардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгергенде тітіркендіргіштердің жаңа күшіне тез бейімделеді. Мысалы, жарық жерден қараңғы бөлмеге кіріп келгенде, алғашқы кезде ештеңе көрінбегенімен, біраздан кейін заттар көріне бастайды немесе, тұзды тамақ алғаш кезде ащы болып сезілгенімен, кейіннен ол сезім жойылады, астың тұзы дұрыс секілді болады.
Талдағыштар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Сондықтан бірінің қызметі күшейгенде, екіншісінің қызметі төмендейді және керісінше. Мысалы, бар зейінімен сабаққа дайындалып, кітап оқып отырған оқушы маңайындағы бөгде дыбыстарды естігенімен мағынасын түсінбейді.
Бір талдағыштың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметін бөліседі. Мысалы, соқыр адам жерге тиген таяқтың ұшының дыбысынан қай жерде келе жатқанын аңғарады немесе қолымен сипалап затты, дауысынан адамды таниды т.б.
Талдағыштардың рецепторларының сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп, не төмендетуге болады. Мысалы, ұшқыштар тепе-теңдік (вестибулярлық аппаратын) мүшесін жаттықтыру арқылы оның сезімталдығын төмендеткендіктен ұшып келе жатқан ұшақтың ішінде еркін қозғалып ұзақ жүре алады.
Көру талдағышы
Көз өте сезімтал, нәзік және маңызды сезім мүшесі. Оның дүниетануда, оқуда, сыртқы ортамен байланыс жасауда маңызы зор. Құрылысы бойынша көру талдағышының сезгіш бөлімін 3 топтағы мүшелерге бөлуге болады: көздің қосымша құрылымдары, жарық өткізгіш жөне жарық сындырғыш құрылымдары, жарық қабылдағыш құрылымдар.