Олардың жас ерекшеліктері Дәм және иіс сезу анализаторлары тағамдық заттар мен қоршаған ортаның химиялық құрамын сезетіндіктен оларды кейде хемосенсорлы жүйелер деп те атайды.
Дәм сезу анализаторының рецепторлық бөлімі ауыз қуы-сындағы мүшелердің дәм сезу клеткаларымен тығыз байланысты. Ондай клеткалар негізінен тілде орналасқан саңырауқұлақ, жапырақ және науа тәрізді дәм сезу бүртіктерімен байланысады. Жекеленген дәм сезу бүртіктері жұмсақ таңдайда, кейбір бадамша бездерде, жұтқыншақ пен көмекей қақпағының сілемейлі қабықтарында да орналасқан.Тәтті заттың әсері тілдің ұшындағы және жан-жағындағы бүршіктері арқылы сезеді. Ащы – тілдің түбіндегі бүршіктерімен, қышқыл – тілдің шетімен және көмеймен сезіледі.
Иіс сезу анализаторларының рецепторлық клеткалары мұрын қуысының жоғары бөлігіндегі сілемейлі қабығында орналасқан. Одан иіс сезу жүйкесі арқылы ми қыртысының маңдай бөлігімен байланысады.
Тері анализаторыдегеніміз температураны , ауырсынуды және тактильді (жанасқанды сезетін) сезімдерді қабылдайтын рецепторлар жиынтығы. Температура рецепторлары екеку, олар суықты және жылуды қабылдайды. Суықты қабылдайтын рецептор терінің жоғары бетіне жақын орналасқан, олардың саны көбірек.
Тері рецепторларының жалпы аумағы өте үлкен: 1,5-2 м2. Мүңда жанасу, қысым, ыстық-суықты сезу жене ауырсыну рецепторлары бар. Олар терінің әртүрлі қабатында және әр жерінде орналасқан. Көбі саусақтың ұшында, алақанда, табанда, ерінде, бетте, қол-аяқтарда, жыныс мүшелерінің терісінде болады. Құрамы жағынан рецепторлар әртүрлі: үлкенді-кішілі, жалпақ, сауытша терізді, жіпше, түкті болып келеді.
Негізгі түрлері – ұсақ жіңішке жүйке талшықтарының жалаңқай ұшы.Бұл нерв ұштары тері түктерінің әсерімен жанасуы сәтінде қозады да, мәліметті қабылдап, орталық жүйке жүйесіне жіберіп тұрады.