М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Реферат
Тақырыбы:Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстан
Орындаған: Нұржау Қарақат
Тобы:СМ _23_5k9
Қабылдаған:Садибекова М.С
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады.
Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Әрине,сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке барлығымыз бірігіп атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.
Білетініміздей, сыбайлас жемқорлық - теріс, жағымсыз әлеуметтік құбылыс. адамзат қоғамы ілгері жылжыған сайын, оның. Білетініміздей, сыбайлас жемқорлық - теріс, жағымсыз әлеуметтік құбылыс. адамзат қоғамы ілгері жылжыған сайын, оның. 8. мемлекеттік ќызметшілер сыбайлас жемќорлыќ кґріністеріне ќарсы тўруєа, сыбайлас жемќорлыќ ќўќыќ бўзушылыќтарєа не. Білетініміздей, сыбайлас жемқорлық - теріс, жағымсыз әлеуметтік құбылыс. адамзат қоғамы ілгері жылжыған сайын, оның. Ақтөбе облысының соттарымен 2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөнінде 63 адамға қатысты 53 қылмыстық іс қаралған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтады.
Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады.
Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз ол жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық позиция. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұлғада құқықтық шеңберде іс-әрекет етуі үшін белгілі бір біліктіліктердің болуын талап етеді, олар: жемқорлықты әлеуметтік зұлым ретінде тани білуі, сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздерін және оның қоғам өмірінің кез келген саласында деңгейін төмендету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана білуі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады.
Қоғамдық сананың әртүрлі нысандары бар, олардың көмегімен адамдар оларды қоршаған табиғатты, қоғам мен өздерін сезінеді. Моральдық (адамгершілік) саяси, құқықтық, эстетикалық, діни сана болып бөлінеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» ұғымы қоғамдық сананың барлық нысандарын қамтиды. Бұл интегративті ұғым, себебі ол өзіне әртүрлі ғылым саласынан ақпаратты сіңіреді, әртүрлі оқу пәндерінде зерделенеді және ол туралы білімді тұжырымдауда зерттелетін құбылысты түсінудің жаңа деңгейіне шығады. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қоғамдық сананың өзге де нысандарымен тікелей өзара байланыста болады және қоғамдық санаға тән барлық қасиеттер және сипаттамаларды меңгереді.
Бесінші тарауда еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық бастамаларға қатысуы туралы ақпарат ұсынылған. Атап айтқанда, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы (ГРЕКО) ұсынымдарының орындалуы туралы айтылған.
Алтыншы тарау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жетілдіруге бағытталған Агенттіктің тұжырымдары мен ұсыныстарын қамтиды. Атап айтқанда, олар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды қорғау жүйесіне, «сыбайлас жемқорлық» ұғымын жеке секторға тарату, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алу бойынша бірыңғай заңды қабылдау мәселелеріне қатысты.
Сыбайлас жемқорлық-пен күресті жеке қарау мүмкін емес, қылмыстарды болдырмау мен алдын алу баршамызға ортақ міндет болып табылады.
Егер сіз ұйымдарда, мекемелерде сыбайлас жемқорлық құбылыстарына пара бопсалау фактілеріне немесе сыбайлас жемқорлық сипатындағы қандай да бір басқа көріністерге тап болсаңыз, сондай-ақ, егер сізге бұл мәселе немқұрайлы болмаса, сіз бірыңғай Call-center 1424 телефон нөміріне хабарласа алатындығыңызды назарыңызға жеткіземіз.
Сыбайлас жемқорлық көріністерін жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау — әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналса ғана, жемқорлыққа қарсы шаралар нәтижелі болары сөзсіз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – бұл адамдардың сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетіп береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез- құлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап етеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл жаппай сана және оның жекелеген элементтері емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлықты қабылдамау негізінде жататын осы жүйемен тіпті сәйкес келмейтін құндылықтар жүйесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – адамгершілік пен азғындық (орынды және орынсыз, мейірімділік пен зұлымдық, пайдалы және пайдасыз), құқықтық және құқықтық емес, ақылды және ақымақтық, тамаша және бейберекет призмасы арқылы адами қатынастар әлеміне көзқарас.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі».
Сондай-ақ, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің толық қалыптасуы үшін бірқатар шарттар керек екендігі сөзсіз. Ол үшін, ең алдымен тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мынаны көздейді:
– сыбайлас жемқорлықтың мәні, оның мазмұны, мақсаттары, субъектілері, нысандары мен түрлері, іске асыру салалары, қоғам өмірінің барлық саласында көріну ерекшеліктері туралы түсінік;
– моральдық-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу;
– құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру;
– қоғам мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық уәжін ынталандыру;
– мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру.
Осыған байланысты мыналар қажет:
– сыбайлас жемқорлыққа саналы қатынасты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға моральдық «иммунитетті» қалыптастыру және осының негізінде сыбайлас жемқорлықты еңсеру бойынша құзыреттерді дамыту;
– Қазақстан азаматтарының мінез-құлқы моделін қалыптастыру, бұл ретте «сыбайлас жемқорлық» сөзінің өзін қабылдамау, адамгершілік тойтарыс, төзбеушілікті туындатуы тиіс;
– құқықтық құндылықтарды жоққа шығару, заң мен тәртіпті құрметтемеуді білдіретін құқықтық нигилизмді жою (латынша nihil – ештеңе);
– құқықтық жаппай оқу арқылы құқықтық білім мен тәрбиені қамтамасыз ету.
Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды құруда отбасынан алынатын тәрбиенің маңызы зор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау қоғамның түрлі салаларын қамтиды, оның ішінде, әсіресе, білім беру мекемелеріне жүктелетін жауапкершілік аса жоғары. Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасында: «Отбасы және білім беру саласы бұл үдеріске мүдделілік таныта отырып қатысуы керек. Бұл жұмысты мектепке дейінгі бала тәрбиесінен бастаған абзал», делінген.
Барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқа да шаралар қолданылуда. Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған мезеттен бастап бұл аса ауыр қылмыстарға қатысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты. Еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияларын және басқа да жалпы жұрт таныған халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік қоғамдастықтың тең мүшесіне айналды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік кеңістіктегі Қазақстанның көрсеткіштері жыл сайын жоғарылап келеді. Бұл проблемамен жан-жақты айналысып жүрген беделді халықаралық ұйым – Транспаренси Интернешнл қорының деректеріне сүйенсек, сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстан 2008 жылы 170-тен астам елдің ішінде 145 орында болса, 2009 жылы 120 орынға, ал былтырғы жылы 105 орынға дейін көтерілді. Бұл индекс кәсіпкерлердің, сарапшылар мен зерттеу ұйымдарының мәліметтерін қорытындылай отырып, жыл сайын шығарылып отырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында өз ұсыныстарымды назарларыңызға салсам. Елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттыру үшін бізде сыбайлас жемқорлықтың ауқымы жайлы толық мәлімет болуы керек. Ол үшін бірінші кезекте бұл қылмыстардың қатары нақты анықталуы тиіс.
Күрделі, қатпары көп құбылыс ретіндегі сыбайлас жемқорлықтың тарихы өз ғұмырының ұзақтығы жөнінен адамзат өржениетінен емес. Оның пайдаболуы алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттіккурылымдар қалыптасқан уақыттар қойнауына жетелейді. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық туралы жазбаша мәліметтердің ең алғашқыларын Көне Бабырдың б. 3. б.XXIV ғасырдағы мұрағаттарынан көруге болады. Патша Лагаша Урукагина шенеуніктер мен соттардың жүгенсіз эрекеттеріне тыю салу мақсатымен мемлекеттік басқару ісін реформалады. Ежелгі Латынның белгілі нақылы былай дейді: Сыбайлас жемқорлық- әлеуметтік феномен, қоғам мен қоғамдық қатынастар туындысы. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы мен өмір суруі қоғамдық және шаруашылық қызметтегі басқару функциясының жекеленуі сәтінен бастап мүмкін болады. Өйткені, нақ осы жағдайда лауазымды басшыда (басқарушыда) қоғам, мемлекет мүддесі үшін емес, жеке басы үшін ресурстарды пайдалану және шешім қабылдау мүмкіндігі пайда болады. Сонымен, сыбайлас жемқорлық өте ерте уақытта туған және қазіргі күні де бар күрделі әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде көрінеді - сыбайлас жемқорлықтың көрініс беру формаларының өзгеруі барысында оның ауқымы тарылмайды. Қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлық - басқа саяси, экономикалық, мәдени әлеуметтік институттармен өзара тығыз байланысты өлеуметтік институт, басқару жуйесі элементі. Сыбайлас жемқорлықтың институттануы мыналардан көрінеді: . сыбайлас жемқорлықтың бірқатар әлеуметтік функцияларды атқаруы: әкімшілік байланыстардың жеңілдетілуі, басқарудағы шешім қабылдаудың жеделдетілуі мен жеңілдетілуі, әлеуметтік таптар мен топтар арасындағы қатынастардың консолидациялануы және қайта құрылымдануы, бюрократтық кедергілерді азайту арқылы экономикалық дамуға көмектесу; ресурстар тапшылығы жағдайында экономиканы тиімдендіру және тіл сыбайлас жемқорлық қарым-қатынастарының жете айқындалған субъектілерінің болуы, әлеуметтік рөлдердің бөлінуі; ойын ережелерінің, нормалардың болуы; рэміздік белгілері; -мүдделі адамдарға белгілі және орныққан қызметтер таксасы. Сыбайлас жемқорлық экономикалық заңдардың еркін жұмыс істеуін эжептэуір шектейді жөне әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін төмендетеді, ел үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы ең бір басты бөгеттердің бірі боп табылады. Таза кәне әлеуметтік бағыттағы бизнес нарықтан күшпен ығыстырылып шығарылады, ойткені, бұндай бизнесті сыбайлас жемқорлық тиімсіз кәсіпке айналдырады. Сыбайлас жемқорлықтың бейімделу қакбілеті ғаламат, үздіксіз мимикрияға түсе алады, түрін өзгертеді және кемелдену береді, әлеуметтік- құқықтық бақылау мен заңи жауапкершіліктің кемшіліктері мен ақтаңдақтарын шебер пайдаланады. Ішінара өздері де сыбайлас жемқорлықпен шырмалған құқық қорғау орындарының институтталынған сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін жеткілікті мүмкіндіктері мен тиісті тәуелсіздіктері де жоқ "Темір үшбұрыш""атанғандар жемқорланған қырық құрау бюрократия - қылмыстық бизнес ұйымдасқан қылмыс оз заңдарымен өмір сүреді. Сыбайлас жемқорлық ұлттық шекаралардың шеңберінен шығып кетеді, сондықтан онымен күрес глобальдық ауқымда жүргізуді етеді. О дан түсетін түсімдер "жуылғаннан" кейін әлемдік және ұлттық қаржы ағындарына құйылады да, мемлекеттік және халықаралық билік пен экономика институттарын бұзады. Ол заңның, демократия мен адам құқықтарының үстемдігіне қатер тондіреді, қоғамның моральдік тіректерін, билікке деген сенімді, мемлекеттік басқару, теңдік пен әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын қиратады, бәсекеге богет жасайды, экономикалық дамуды қиындатады. Өсіресе ең қауіптісі - мемлекеттік билік орындарындағы сыбайлас жемқорлық. Бұл жағдайда ол монополияның билікпен симбиозының, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдаудағы қауқарсыздығының және шенеуніктердің бақылауда болуы мен оларға құқықтық жауапкершілік жүктелмеуінің көрінісіне айналады. Тәжірибенің көрсетуінше, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесін бұзады, мемлекеттік билік пен мемлекеттік қызметтің беделінің құлдырауына мүмкіндік жасайды. Сыбайлас жемқорлық экономиканың дамуына кедергі жасайды және әсіресе экономика саласындағы ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді Мемлекеттік машинаны ұйымдасқан қылмыстың қолдануы мемлекеттік өкілеттілікті жекеменшікке айналдыру амалы ретінде тікелей сыбайлас жемқорлықпен байланысты. Геғель былай деп жазды: "Мемлекеттік биліктің жеке индивидуум иеленген үлесі - жалпыға ортақ биліктің жоғалтқаны деген соз. Ол аз десеңіз, индивидтер мен қылмыстық құрылымдар биліктің оздері иеленген бөлігіне сүпене отырып, мемлекетке, азаматтық қоғам институттарына, оның құндылықтарына шабуылға шығады. Сыбайлас жемқорлық мәселесін шепшей, мемлекеттік басқарудың міндеттерін сәтті орындау мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық феноменін түсінуге қатысты сан түрлі әдістемелік ыңғай-бағыттар бар. Оны ежелден-ақ түрлі - әлеуметтік, саяси, криминологиялық, құқықтық аспектілерде қарастырған. Осылайша, Платон мен Аристотель сыбайлас жемқорлықты саяси категорияға жатқызды, Н. Макиавелли оны мемлекеттің азаматтық ізгілікті бұзатын жалпы сырқатының белгісі санады, Ш. Монтескье оны нәтижесінде жақсы саяси тәртіп немесе жүйе жарамсызға айналатын дисфункциональдық үдеріс ретінде сипаттады. Қазіргі ғылыми, оқулық және қоғамдық-көсемсөздік әдебиеттерде де сыбайлас жемқорлыққа тұрлішс анықтама беріледі. Сыбайлас жемқорлық туралы онымен күресудің әмбебап амалын анықтауға негіз болатын бірауызды ұғымды қалыптастыру - күрделі эволюциялық үдеріс. Сыбайлас жемқорлықтың интегралдық сипаты бұл күрделі құбылыстың бірізді, бір мағыналы анықтамасын жасауға бүгінгі күні мүмкіндік бермей отыр. Алайда, бәрібір сыбайлас жемқорлықтың тарихи алғашқы анықтамалары құқық саласына жатады "Коррупцияның" (сыбайлас жемқорлықтың) анықтамасына этимологиялық түрғыдан келсек, ол "corraptio" деген латын сөзінен аударғандағы "сатып алу", "пара беру" мағынасын білдіреді. Рим құқығында сонымен қатар "сындыру, бүлдіру, бұзу, зиян келтіру, фальсификациялау, сатып алу" ретінде түсінілетін және тиісінше заңға қайшы әрекеттібілдіретін "согштріге" ұғымы бар. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты парамен сатып алушылық, лауазымды басшылардың, саяси қайраткерлердің сатымпаздығы ретінде сипаттайды. ҚР "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" Заңы сыбайлас жемқорлықты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың және оларға теңестірілгендердің мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды өз қызмет бабы және онымен байланысты мүмкіндіктер арқылы пайдапануы, өйтпесе оларды мүліктік пайда табу үшін тікелей өздері немесе делдалдар арқылы басқаша пайдалана отырып, заңмен қарастырылмаған түрде шешім қабылдауы, сонымен қатар, ол адамдарды жеке және заңды тұлғалардың оларға аталған игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы заңсыз сатып алуы ретінде сипаттайды Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің алдына қойған міндеттерін орындауға мүмкіндік бермейді (мысалы, пара беру арқылы қызметке тұру жұмыстың тиімділігін төмен детін, шығын әкеледі); пара беру арқылы жоғары оқу орындарына түсу қоғамның маңызды бөлігін интеллектуалды потенциалдан айырып, жақын деңгейдегі мемлекеттік емес оқу орындарына толеи оқуіа жағдайы келмейтін талантты жастарға жоғары білім алу мүмкіндігінсн айырады. сыбайлас жемқорлық интенсивті климатты бұзуы нәтижесінде жеке бизнестің ұзақ мерзімді шартты инвестициялау жоқ болғандықтан, алдын-ала болжау мүмкін емес жағдайда же дел табысқа не болуға үмтылуға тура келеді. сыбайлас жемкорлық басқару аппаратының бағасының көтерілуіне әкеп соғады (пара алушылық ақырыңда салық төлеушілерге кесірі тиіп, нәтижесінде о л көрсеткен қызметіне бірнеше есе кои төлеуге мәжбүр болады). егер сыбайлас жемқорлық "қара" комиссиялық түрде корінсе, қоғамдық талаптарды қапагаттандыруға бағытталған жалпы қаражат сомасын қысқартуға әкеледі. сыбайлас жемқорлық мемлекеттік, мемлекеттік емес басқару аппараттары ортасында ірітушілік әсерін тигізеді, шынайы жұмыс ынтасын төмендетеді (этиканын жалиы деңгейі төмендейді және неге тек ол ғана жеке-дара құлықтылық нормасын сақтауга тиіс деген әркімде сүрақ туады); жоғары билік эшелонындагы сыбайлас жемқорлық жариялану игілігіне айналыл, олардың сенімін бұзып, ақырында легатимділігіне күмән туғызады. Саяси элитаның жемқорлығына сенген халық "ортақ қазынаға" қол салмай тұра алмайды. Жемқорлықты басқару персоналы мемлекет пен қоғамның гүлденуіне өзінің жеке мүддесімен үлесін қосуга психологиялық дайын емес. Сыбайлас жемқорлық ойі а симайтыи сот әділдігін жасайды, ойткені адамгершілігі төмен және ақшасы коптің дегені дұрыс болады. "майлау" сыбайлас жемқорлығы әлеуметтік дамудың басым копшілігі жалғанға айналғанын келтіреді. Сыбайлас жемқорлық демократияға қауіпті, ойткені халықты сайлауға қатысуға деген адамгершілікті ынтасынан айырады. сыбайлас жемқорлық әлеуметтік стратегия бағдарламасын жүқартады, сыбайлас жемқорлардың status quo беделі мен мүлкінің бөлінген ортасын сақтауға мүмкіндік беретін күий басым құрылым пайдасына бюджеттік қаражатты жонсіз қайта болуіп көрсстеді. Сыбайлас жемқорлықты глобальдық ауқымдагы құбылыс ретінде қарастырғанда мамандар оның негізгі себептеріне мыналарды жатқызады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар мен заңаға сәйкес акгілердің оңтайлы жүйесінің жоқтығы; экономикалық және әлеуметтік реформалар жүргізудегі елеулі кемшіліктер мен өрескел қателер; құқық қорғау орғадарының сыбайлас жемқорлықпен күрестегі жұмыстарының нәтижесінің мардымсыздығы (Қолданылатын шаралардың көбі сыбайлас жемқорлықтың себеитерін жоюға емес, сыбайлас жемқорлық көрінісінің өзіне қарсы бағытталған, алайда тек қана қылмыстық қудалау шаралары сыбайлас жемқорлықтың іргесін шайқалтуға қауқарсыз); саяси элитаның бір бөлігінің қылмыспен "жең үшымен жалғастығы"; халықтың құқықтық санасының дамымағаидығы, ол "төмеңдегі" сыбайлас жемқорлыққа жаішай қарсылықтың мүлдем болмауына апарып соқтырады. ТМД елдеріндегі коррунциялық құбылыстардың, негізінен, осындай этапта барлық мемлекеттерге тон болатын себеитеріне мыналар жатады: жылдарда қоғамды реформалауға белсенді түрде мүмкіндік туғызған теріс фактор ретінде коптеген "бастапқы капиталдар" мен кәсіпкерлердің әлеуметтік тоитарын (соның ішіиде алпауыттарды (олигархтарды) да жедел қарқынмен құру үдерісін ынталандыру арқылы корініс беруі; мемлекеттік қызметшілердің жұмыстары мен олардың қабылдаған шешімдеріне жасалыи келгеп бұрынғы әлеуметтік-құқықтық бақылауды оның жаңа демократиялық формаларын тагшай тұрып жою. Нарықтық механизмдердің оз-өзінен жанпай репелетіндігіне деген үміт алдамшы боп шықты.
Сыбайлас жемкорлык
турлері
Жуйелік сыбайлас жемкорлык - жуйеге
айнал ан уйымдаскан сыбайлас жемкорлык
(курылымдык элемент) - уйымдаскан
казынашылык, (бюджетті "кесу"), бопсалау жане жуйелі косымша табыс.
Турмыстык, сыбайлас жемкорлык, карапайым
азаматтар мен шенеуніктердін озара эрекеттесуінен тундайды. Оан азаматтардын турлі сыйлыктары мен
лауазымды тулата жане онын отбасы
мушелеріне корсетілетін кызметтер кіреді.
Непотизм (непотизм) де осы санатка жатады.
Іскерлік сыбайлас жемкорлык билік пен бизнестін озара рекеттесуі кезінде пайда
болады. Мысалы, экономикалык, дау туындаган жагдайда, Тараптар оз пайдасына
шешім шыгару ушін судьянын колдауна жугінуге тырысуы мумкін.
Жогарты биліктін сыбайлас жемкорлык
(Гранд-сыбайлас жемкорлык, Гранд-сыбайлас
жемкорлык, агылш. Grand corruption)
демократилык жуйелердегі саяси басшылык пен Жорарты соттарта жатады. Бул билікте
турган топтарта катысты, олардын жосыксыз
мінез-кулкы саясатты оз мудделері ушін жане сайлаушылардын мудделеріне зиян келтіруден турады.
Достарыңызбен бөлісу: |